Материалдар / "Жануарлар әлемі"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"Жануарлар әлемі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Жануарлар туралы білімдерін кеңейту. Үй және орман аңдарының атын дұрыс айта білуге, ажыратуға үйрету. Жануарлардың табиғаттағы ролі мен маңызы туралы және неліктен үй жануарлары және орман аңдары деп аталатыны жөнінде түсінік беру. үй жануарларының адам өміріне пайдасын, тұрмысқа қажеттілігін түсіндіру. Тілін,сөздік қорын дамыту.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Желтоқсан 2020
541
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Жануарлар әлемі


Мақсаты:Дамытушылық:Жануарлар туралы білімдерін кеңейту. Үй және орман аңдарының атын дұрыс айта білуге, ажыратуға үйрету. Жануарлардың табиғаттағы ролі мен маңызы туралы және неліктен үй жануарлары және орман аңдары деп аталатыны жөнінде түсінік беру. үй жануарларының адам өміріне пайдасын, тұрмысқа қажеттілігін түсіндіру. Тілін,сөздік қорын дамыту.

Тәрбиелік:Жан-жануарларға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттырып, оларға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу. Көрнекіліктер, құрал жабдықтар :Үй және жабайы жануарлардың суреттері, орман, қора,сиқырлы сандық,үнтаспадан жануарды дауысынан тану, теледидардан, слайд.

Әдіс- тәсілдер:Сұрақ –жауап, ойын, тақпақтар Билингвальды компонент: жануарлар- животные, жабайы жануарлар-дикие животные, үй жануарлары-домашные животные. Күтілетін нәтиже: Үйренуі керек: Жануарларға қамқорлық жасай білуді. Оқу қызметінің барысы: Ұйымдастыру кезеңі: шаттық шеңбері.

-Аспанымыз ашық болсын! -

-Деніміз сау болсын!

-Көк туымыз биік болсын!

-Отанымыз тыныш болсын!

-Достығымыз берік болсын!

Тәрбиеші:

1.Жұмбақ қыс туралы

Далада қар борайды,

Ақ мамыққа орайды.

Мұз болады қатады,

жып жылтыр боп жатады.

Бұл қай кезде болады. (Қыс)


2.Балалар:қазір жылдың қай мезгілі

-Қыс мезгілі

-Қыс мезгілінде неше ай бар

-Қыс мезгілінде үш ай бар?

-Балалар: қыс айларын атап өтейікші

Желтоқсан,қаңтар,ақпан.

-Қыста қандай ерекшеліктер болады?(Қар жауады,күн суық болады,аяз,боран болады)

Сонымен бір жылда неше мезгіл бар? -Өте жақсы. Жарайсыңдар!



3.Теледидардан слайд қыс мезгілін табу қыс мезгіліне тақпақ айту.

Бұл қай мезгіл- деп ойлайсыңдар?

Қыс

Нұрасыл:

Тал - шыбықтар шайқалып,
Тентек боран ұлиды.
Аппақ қарды сыпырып,
Үй іргесін көмеді.


-Өте жақсы.

Жарайсыңдар!

-Балалар, бүгінгі оқу қызметіміздің тақырыбы: «Жануарлар әлемі».

Тәрбиеші: -Үй жануарлары, орман аңдарары болады.

- Қолда ұстайтын, адамдар қамқорлық жасайтын жануарлар үй жануарлары деп аталады.

Үй жануарларының адамға тигізетін пайдасы өте көп.

Олар жазда жайлауда болады.Ал қыста қорада тұрады

-Біз қандай жануарларды білеміз еске түсірейікші

Дидактикалық ойын : «Дауысынан таны» Шарты: Үнтаспадағы жануарлардың дауысынан қай жануар екенін табады.

Мынау ненің дауысы?

Тәрбиеші: - Жарайсыңдар, балалар!

Балалар: Үй жануарларының пайдасы өте көп.

Сиырдың сүтін ішеміз,қаймақ, айран жасаймыз,етін жейміз.

Жылқы мінсек көлік , сойса ет.

Түйеден шұбат аламыз,жүнінен пайдаланамыз.

Қойдың,ешкінің жүнінен киім тоқиды. Тәрбиеші:Иә дұрыс айтасыңдар, олардың пайдасы өте көп,үстіміздегі киім-кешек,ішіп-жеп отырған азығымызды, барлығын біз үй жануарларынан аламыз.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар өте дұрыс айтасыңдар.


-Балалар үй жануарларының төлдері ажырап қалыпты енелерін тауып беруге көмектесеміз бе?

Суреттен үй жануарларының төлдерін сәйкестендіреді.

Құлын, қозы,лақ,бұзау,бота бір сөзбен қалай айтамыз?

-Төлдер деп атаймыз.

Балалар кане бәріміз төлдерге тақпақ айтып берейік.

Тақпақ

Құлыншағым құндызым
Құлдырайды шабады
Жылтылдаған жұлдызым
Құстай қанат қағады.


Тәрбиеші: Ал,далада,орманда тіршілік ететін аңдарды орман аңдары дейміз. Олардың түрлері өте көп болады. Орман аңдарын атаңдаршы?

Орманда қандай аңдар тіршілік етеді?

Балалар: Аю, қасқыр,қоян,түлкі,арыстан . т.б

Балалар аңдарды бір-бірден жабыстырады.


Тәрбиеші: Онда бәріміз бірге айтайық жануарлар- животные, жабайы жануарлар-дикие животные, үй жануарлары-домашныей животные -Жарайсыңдар, балалар!

Сергіту сәті:

Боран соқты он жақтан,

Боран соқты сол жақтан.

Қар атысып ойнасақ,

Су болады қолғаптар.

Ғажайып сәт: Балалар, бір әдемі әуен естілген сияқты (Ортаға әуенмен сандық

кіргізіледі)

Тәрбиеші: Балалар,бұл не болды екен? Мен ашып көрейін, ішінде не бар екен? Бұл не сандық, жәй сандық емес,сиқырлы сандық болды ғой.

Бұл сандық ғажайып елден келіпті. Бүгінгі қызықты оқу қызметінде жануарларлар жайында әңгімелесіп отырғанымызды біліп тапсырмалар әкеліпті.


1-тапсырма: Жануарлар немен қоректенеді.

2-тапсырма: Дидактикалық ойын: «Адасқан жануарлар»

Мақсаты: Үй жануарлары мен жабайы аңдарды ажыратып,өз мекендерін табуға үйрету. Жылдамдыққа,ептілікке үйрету.

Қимылды ойын «Қамшы»

Шарты: Балалар шеңбер құрып тұрады, музыка ойнағанда қамшыны бір-біріне береді, музыка тоқтағанда, мұғалім үй жануарын атайды,қай баланың қолында қамшы қалса, сол бала төліннемесе енесін дұрыс атау тиіс.

Мысалы: түйе десе, бала бота дейді, керісінше бота десе түйе деп жауап береді.

-Балалар, сендер оқу қызметіне жақсы қатысқандарың үшін сендерге тәттілер

беремін.




Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!