Күні.
19.11.2021ж
Білім беру
саласы:Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс –
әрекет :Жаратылыстану
Тақырыбы: Жануарлар
әлемі.
Мақсаты: Табиғаттың бір бөлігі
жануарлар туралы түсінік қалыптастыру.Үй және дала жануарларының
айырмашылығы туралы білімдерін
бекіту.Тілдерін ,сөздік қорын
дамыту
Тәрбиелік: Жан жануарларға деген
сүйіспеншілік сезімдерін арттырып,оларға қамқор болуға
тәрбиелеу
Көрнекіліктер,құрал жабдықтар
:Үй және дала жануарларының суреттері,сиқырлы сандық,
АКТ.
Әдіс
–тәсілдері: Сұрақ жауап. Жұмбақтар ,ойын,
тақпақтар.практикалық жұмыс.
Күтілетін
нәтиже;
Білуі
керек :Үй жануарлары мен жабайы
жануарларды ажырата білуді, үй және жабайы жануарлардың атауларын
және төлдерін,дауысын айта білуді,үй жануарларынан алынатын табиғи
өнімдерді айта білуге.
Түсінеді,Жануарлардың тіршілігіндегі
айырмашылығын,үй жануарларының әкелетін
пайдасын.
Практикалық жұмыс: Сиырдан
алынатын табиғи өнімді көрсетіп құрт
жасау.
Оқу қызметінің
барысы:
Ұйымдастыру
кезеңдері:
Шаттық
шеңбері
Мен қандаймын,
қандаймын
Шұғылалы
таңдаймын
Күлімдеген
күндеймін
Ренжісуді
білмеймін
Қуанасың сенде ,қуанамын
менде
Қуанайық
достарым
Арайлап жатқан
күндей
Сұрақ
жауап
-Балалар қазір жылдың қай
мезгілі ?
-Қазір жылдың күз
мезгілі
-Күз айларын атаңдаршы
?
-Қыркүйек,қазан,қараша
-Күз белгілерін атап
беріңдер
-Балалардың
жауабы:
-Жарайсыңдар
балалар!
Балаларды топқа бөлу: « Күн»
тобы үй жануарлары
« Бұлт» тобы дала
жануарлары
Тосын сәт: « Сиқырлы
сандықша»
Балалар сиқырлы сандықшадағы
тапсырмаларды орындаймыз.
1-
тапсырма:
Жұмбақтар
шешу
Айран берген, құрт
берген,
Шелек,шелек сүт
берген,
Айтыңдаршы
балалар
Бұл қандай мал кім білген (
Сиыр)
Өзінше
ноян
Қорқақ кім
(Қоян)
Кезікті бір жануар
,
Арқасында тауы бар(
Түйе)
Қаңғырамын үйім
жоқ
Ауылдардың қойы
көп,
Ұрлық сұмдық
кәсібім
Тамқтанар-нәсібім (
Қасқыр)
Басында үшкір істігі
бар,
Өзіне лайықтап тон
пішкен,
Секіріп тастан түскен (
Ешкі)
Далада жүр
шапқылап,
Керемет бір саққұлақ (
Қоян)
Кішкене ғана бойы бар
,
йналдырып киген тоны бар
(Қой)
Орманды
кезеді,
Қорбаңдап жүреді (
Аю)
Көкке шаншып
құйрығын,
Келеді шауып жүйрігім
(Жылқы)
Өзі ширақ, өзі
қу,
Жүрген жері айқай шу (
Түлкі)
Балалар жұмбақтарды шешу
арқылы үй және дала жануарларын ажыратып
әңгімелейді
«Лақтар» тобына
тапсырма
-Үй жануарлары неліктен үйде
мекендейді?
-Үй жануарларының төлдерін
атап бер?
-Үй жануарларының қандай
пайдасын білесіңдер?
-Үй жануарларының дауысын кім
сала біледі? т.б
Жарайсыңдар
балалар!
«Көжек» тобына
тапсырма
-Қандай дала жануарларын
білесіңдер?
-Дала жануарлары қайда
мекендейді?
-Дала жануарлары немен
қоректенеді?
-Қоянның, аюдың сүйікті асы
қандай?
-Түлкі қандай жануар ?
т.б
Балаларға үй жануары сиырдан
алынатын өнімдерді көрсетіп түсіндіру
2-тапсырма:
« Лақтар» тобына табиғи өнім
құрттың жасалуын түсіндіріп жасалу жолдарын
орындау
« Көжектер»
тобына
Сергіту
сәті
« Аңдардың
биі»
3-тапсырма жануарлар туралы
тақпақ айту
Ақ бұзауым
ұнайды,
Мө-мө деп сүт
сұрайды.
Келеді өсіп күн
сайын,
Тұмсығын созып
қарайды.
Кіп-кішкене момақан
,
Қошақанды
ұнатам.
Сүйеді апам қозым
деп
Қошақаным қозым
деп.
Шөре –шөре
лағым
Тентек болма
шырағым
Секектеме деміңді
ал,
Селтеңдемей
құлағың
Ақ қоян –ау, ақ
қоян,
Ұзын құлақ сақ
қоян
Қаша берсең
орманға,
Қорқағым деп ат
қоям
Түлкі деген қу
ғой,
Жүрген жері шу
ғой
Жатып алып
жағада,
Іздегені ду
ғой.
Мен мықты
арыстанмын,
Аңдардың
патшасы.
Жауымның
алысқан
Күл болған
қаңқасы.
Балпаң –балпаң
басамын,
Алтын қырдан
асамын.
Аю деген
ағаңмын,
Адам көрсем
қашамын.
Ойын « Мекеніне
орналастыр»
Шарты: Балалар екі топ болып
араласып кеткен үй және дала жануарларын өз мекендеріне
орналастыралы.
Қортынды: «
Смайликтермен»
Балаларға оқу қызметіне жақсы
қатысқандары үшін рақмет айтып сыйлықтар
тарату.