400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жануарлар әлемі

Материал туралы қысқаша түсінік
Жануарлармен таныстыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Талас ауданы әкімдігі бөлімінің «Мирас»

бөбекжай бақшасының мемлекеттік коммуналдық

қазыналық кәсіпорны







«Бәйтерек» ересек топ






Жануарлар әлемі
















Тәрбиеші: Нурпеисова Г Ш.















Көрнекі іс –шара

Тақырыбы: Жануарлар әлемі


Міндеті:

Балалардың үй жануарлар және жабайы аңдардың тіршілік ету ортасы, азығы, қысқы бейімделуі туралы білімдерін кеңейту, ұсақ моторикасың дамыту.


Кіріктірілген іс –әрекет:

Танымдық және зияткерлік дағды (математика негіздері) Коммуникативтік дағды (сөйлеуді дамыту), Әлеуметтік –эмоционалды дағды (қоршаған орта).


Көрнекіліктер: Слайд, макеттер, Д/о: «Жануарларды қоректендіреміз», «Анасын табуға көмектес»


Слайд арқылы тақырыпен таныстыру.


Picture 1


Жұмбақтар:

Адамдарға қажетсің,

Құйғытқанға не жетсін?

Жарыс бізге ұнайды,

бәйге сізді сынайды. (жылқы)


Кезекті бір жануар,

Үстінде екі тауы бар. (түйе)


Кішкентай ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар. (қой)


Айран берген, құрт берген,

Шелек –шелек сүт берегн,

Айтыңдаршы балалар,

Бұл қандай мал, кім білген? (сиыр)


Тасқа –тасқа секіреді,

Қалқитып қос құлағы.

Ойын болып көкірегі,

Аула оның тұрағы. (ешкі, лақ)


Балалар бүл жануарлар қайда тұрады? –үйде тұрады

Бүл жануарлардың қандай пайдасы бар, бізге не береді?- сүт, айран, қаймақ, құрт, қымыз, боза, шұбат береді.

Ұй жануарларын біз қалай қоректендіреміз? – шөп, жем, су береміз


Жабайы аңдар жұмбақ

Сылдырдан қорқады,

шошынып жортады. (қоян)


Өзі ширақ, өзі қу,

Жүрген жері айқай –шу.(түлкі)

Үстінен тоны түспенген,

Сонда да араз қыспенен. (аю)


Белестен шапқан бесті ат,

бүкір келген желісті ат.

бейғам елде іздейді

Малдан күдер үзбейді. (қасқыр)


Бүл қандай аңдар? - жабайы аңдар

Жабайы аңдар қайда өмір сүреді? – орманда

Жабайы аңдар немен қоректенеді? – орманда өздеріне керекті тағамдар тауып жейді.


Сергету сәті:

Көлбең көлбең көлеңкем,

Көлбендеген көлеңкем.

Қасқыр, қоян, аю, түлкі қалай жүреді,

Кім көрсете алады.


Picture 2


Д/о: «Анасын табуға көмектес»

Мақсаты: Балаларға үй жануарлар және жабайы аңдар туралы кеңінен түсінік беру. жануарларға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.


Picture 3


Д/о: «Жануарларды қоректендіреміз»

Мақсаты: Қай жануар немен қоректенетінің жәйлі мағлумат бере отырып, балалар өздері жануарларды қоректендіреді.


Picture 4 Picture 5






Picture 6



Күтілетін нәтиже: Балалар үй жануарлар және жабайы аңдардың тіршілік ету ортасы, азығы, қысқы бейімделуі туралы білді.
















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
16.03.2023
347
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі