Жамбыл облысы. Жуалы
ауданы. Психологиялық –педагогикалық түзету кабинеті
КММ
Педагог-психолог: Каунбаева
Элеонора Жумабековна
Сабақтың тақырыбы:
Жануарлар әлемі
Аңғарымы: Психикалық дамуы
тежелген балалармен
сабақ
Сабақ:
Топпен
Сабақтың
мақсаты:
Психологиялық
танымдылықтарын (ойлау, қабылдау, зейін, қиял )
дамыту.
Жануарлардың сан алуандығы,
олардың тыныс тіршілігі туралы түсінік беру,
таныстыру
Сөздік қорын, дүние
танымдығын, әсемдік талғамын
қалыптастыру.
Эмоция түрлерімен
таныстыру.
Қажетті
құралдар: Интерактивті
тақта,слайд-презентация, жануарлар туралы ойыншықтар, құралдар,
суреттер, көрнекіліктер.
Сабақтың
түрі: Аралас
сабақ
Сабақтың барысы:
Саламатсыңдарма балалар. Бүгін сендерді сабағымда көргеніме өте
қуаныштымын. Балалар кеше біз қандай тақырыпта сабақ өттік, еске
түсіреміз.
Балалар жауап
береді
Психолог: Балалар бүгінгі біздің
сабағымыз ерекше болайын деп тұр. Бізге бүгінгі сабаққа қоян келіп
қалыпты, біздің қонағымыз боламын дейді. «Қонақ келсе құт» -деген
атам қазақ сол үшін қояндыі жақсылап қарсы алып, ойынан шығатындай
күтіп шығарып салайық
Қоян: Балалар саламатсыңдар ма.
Қалдарың қалай? Балалар осы жерде білімді, ақылды балалар бар деп
естіп сендерге келдім. Әр түрлі тапсырмалар, ойындар алып келіп
сендеріңді білімдеріңді тексерейін деп келдім. Дайынсыңдар
ма?
Балалар: Ия
Қоян:Онда балалар менімен бірге
орманға аттанайық тапсырмалар сол
жақта.
Әр түрлі жолдармен жүріп
балалар орманға келіп орындарына
жайғасады.
Ал енді балалар мен
сендерге аңдардың бас киімін дайындап қойдым осыны киіп алыңдар.
Аңдарды қорқытып, шошытып алмас үшін киіп
алайық.
Балалар бас киімдерді
киеді. Қоян конверттегі тапсырмаларды тапсырмаларды психологқа
беріеді.
Қоян:Балалар енді мен жайғасып,
шетке отырып сендердің білімдеріңді бағалайын. Психолог әпкейлерің
мен дайындаған тапсырмаларды сендермен жүргізсін. Қоянды орныныа
қойады.
Психолог: Балалар Айналаға қараңдар
біз ормандамыз. Орманда нелер
мекендейді?
Балалар:
Жануарлар
Психолог: Балалар жануарлар туралы
кім қандай жұмбақ біледі?
Анель
Қаймықпайды күшті
аңнан
Қорқады тек тышқанна
(Піл)
Александр
Қыс бойы
жатады,
Тәтті ұйқыға батады
(Аю)
Психолог: Енді мен жасырайын тақтаға
қарайық
Түрі жылқы
бейнесі
Жолақ-жолақ жейдесі(Зебра
)
Психолог: Ия дұрыс айтасыңдар. Біздің
бүгінгі сабағымыз «Жануарлар әлемі» деп аталады. Қазір мына
тақтадан жануарлар тіршілігін тамашалайық (тыныш әуен ойнап
тұрады),балалар жануарлар туралы слайд
тамашалайды.
Психолог: Ал балалар біз жануарлардың
тіршілігін тамашаладық. Енді жаңа бастарыңа киген бас киімдеріңе
қарап сендер қандай аңға айналғандарыңды айтып, ол жануар туралы
айтып берсеңдер. Немен қоректенеді, қайда
мекендейді.
Балалар жауап
береді.
«Жартысын
тап»
Психолог: Мына бірінші конвертте
жануарлардың жартысын тауыпдеген тапсырма екен.Жануарлардың
жартысын тауып, орналастырап, қандай жануар екенін қысқаша айтып
беруіміз керек
Жарайсыңдар балалар. Бұл
тапсырмадан сүріндей жағары деңгейде орындадық. Рақмет сендерге. Ал
енді келесі тапсырма
«Көңіл-күй»
Психолог: Мына алдымыздағы карточкада
мысық әр- түрлі көңіл күйді көрсетіп тұр екен. Карточканы бөліп
алып осы мысықтың көңіл күйін алдымыздағы айнаны алып соған қарап
көрсетеміз.
Жарайсыңдар балалар. Бұл
тапсырманыда керемет орындадық. Рақмет сендерге. Ал енді келесі
тапсырмаға көшейік
«Қызықты деректер
айдары»
Психолог: Мына алдымыздағы
интерактивті тақтаға назар аударайықжануарлар туралы қызықты
деректермен бөлісетін болады.
Төрт тізесі бар жалғыз
аң-Піл
Шегірткенің қаны –ақ
болады
Жирафтың жүрегі ең үлкен
екен және оның тілі қара екен
Дельфин бір көзін ашып
ұйықтайды екен
Қолтырауынның майы жасыл
екен
Ұлудың 25000 тісі бар
екен
Ешқашан құмырсқа
ұйықтамайды екен
Психолог: Балалар қызықты деректер
сендерге ұнады ма?
Балалар: Ия
«Сүйікті
мозайка»
Психолог: Мына алдымыздағы көп
шатасқан таяқталардың ішінен жануарлардың суретін жинаймыз.
Таяқшаларды суретін түсіне қарай сәйкестендіріп, жануарды жинап
шығарамыз.
Жиналған таяқшадан шыққан
жануарды, егерде білсеңдер айтып
беріңдер.
Балалар жауап
береді.
Психолог: Ал балалар біз кішкене
бойымызды сергітіп алайық. Бой
жазайық.
«Сергіту
сәті»
Ормандағы
аюдың
Құлпынайы көп
екен
Теріп –теріп
аламыз
Қалтамызға саламыз (3- рет)
қайталау
«Шарды
жар»
Балалардың алдына суреттер
беріледі.
Психолог: Ал енді балалар келесі
тапсырманы орындайық. Мына алдымыздағы суреттің кейбір бөліктері
ойылып түсіп қалапты. Осы бөліктерді мына таяқшада тұрған шарларды
жарып, ішінен суреттің бөліктерін тауып суретті толықтырайық. Пайда
болған суреттерге қысқаша әңгіме құрап айтып
берейік.
Баралар: жауап
береді
«Жұмыртқаны
аш»
Психолог: балалар мына кәрзеңкедегі
жұмырқаларға қараңдаршы, түстерін атап айтайықшы. Жарайсыңдар.
Балалар келесі тапсырмамыз осы жұмыртқаның ішін
ашайық.
Балалар жұмыртқаның ішін
ашады.
Психолог: Не
шықты?
Балалар: Әріптер
Осы әріптерден бір
жануардың атын құрастырыңдар.
Ат, Ит, Қой-сөзі
шықты
«Күн-түн»
-ойын
Психолог: Балалар енді ойын ойнайық.
Егерде мен күн десем сендер алдыларыңа берілген тапсырманы
орындайсыңдар. Бұл тапсырма жануардың көлеңкесіне қарай, жануарды
тауып орнына қойып жапыстырамыз. Ал егер түн десем, партаға жатып
көзімізді жұмып ұйықтаймыз.(5-рет) қайталанады. Балалар жапыстырған
жануарларды атап айтады.
Психолог: Ал жарайсыңдар.Келесі
тапсырма графикалық диктант-деп
айтылады.
«Графикалық
диктант»
Балалар алдарыңдағы дәптер
бетін ашамыз,енді мені мұхият тыңдап менің нұсқауым бойынша дәптер
бетінедегі тор көздерді пайдалана отырып, сурет
саламыз.
Келесі соңғы
тапсырмамыз.
«Не болды?»- ойын
ойнаймыз.
Психолог: Алдымыздағы суретке қарайық
үстінде және астында сурет бар. Енді қолымызға пламастер алып не
болғанын табамыз. Мысалы: Балапан болмай тұрып не болды? Балаларға
сұрақ қойылады? Балапан болмай тұрып, жұмыртқа болды ия. Енді
Балапаннан сызықты сызып жұмырқаға апарып сызамыз.
Келесісі
-
Бақа-итбалық
-Көбелек-жұлдыз
құрт
-Жылқы-құлыншақ
-
Балық-уылдырық
«Кім не
жейді»
Балалар мына алдымыздағы
домалақ суретте жануардың қорегі, қай жануар не жейтінінін
қыстырғыштағы жануарларды қыстырып
шығайық.
Психолог: Баларар жарйсыңдар. Барлық
тапсырманы жоғары деңгейде орындадыңдар. Рақмет сендерге. Сендердің
белсенділіктерің мен білімдеріңе тәнті болған Қоян сендерге дәу
жұмыртқаға сыйлық салып алып келіпті. Жұмыртқаны ашып,
сыйлықтарымызды алайық.
Балалар сыйлықтарын
алады.
Қорытынды.
-Балалар бүгін біз орманға
барып жануарлардың тіршілігімен танстық. Қоян досымызға
рақмет.
-Не
білдік?
-Не білгілерің
келеді?
Бүгінгі күнге тілек
айтайық. Бір- бірімізге жақсы, шынайы, әдемі тілек
тілейік
Осымен бүгінгі сабағымыз
аяқталды. Сау саламат болыңдар.