400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 26 материал табылды

Жануарлар әлемі "Жалқау жануар"

Материал туралы қысқаша түсінік
жалқау жануарлар туралы баланы еңбексүйгіштікке шақыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді сабақ жоспар

Қазақ тілі

ҰМЖ тарауы: 4.Жануарлар әлемі және өсімдіктер дүниесі Мектеп: «Кенжебай-Самай НОМ» КММ

Күні: 16.06.2017 ж Пән мұғалімі: Қожагелдиев Б.Ж

Сынып: 5 Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Жалқау жануарлар

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сәйкес)

О5. Мәтін бойынша сұрақтар құрастыра білу

Сабақ мақсаттары

Барлығы: Мұғалім көмегімен мәтін мазмұнына қатысты сұрақтар құрастырады. Оқиға кейіпкерлерін анықтайды.

Көпшілігі: Мәтіндегі оқиға мен шынайы өмірді ажыратып, салыстырады. жалқаулыққа, еңбекқорлыққа қатысты сұрақтар құрасытырады.

Кейбірі: Оқиғадағы мәселенің шешу жолын қарастырады, сол бойынша сұрақтар құрастырады. Еңбекқор болуға, жалқаулықты жеңуге қатысты сұрақтар құрастыра біледі.

Бағалау критерийі

Мәтін мазмұнына қатысты сұрақтар құрастырады

Кейіпкерлерді анықтайды. Мәселенің шешу жолдарын қарастырады

Кейіпкерлердің іс-әрекетіне өзіндік бағалау жүргізіп, өмірмен байланыстыра біледі

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады: Мәтіндегі кейіпкерлерді анықтайды, оларға қатысты сұрақтар құрастырады. Мұағлім көмегімен оқиғадағы кейіпкерлер жайында өз ойын білдіреді, өзекті болған мәселені анықтайды.

Пәнге қатысты сөздік қор мен сөз тіркестері: Құрғақшылық, бірлік, жалқаулық, еріншектік, еңбекқорлық, ынтымақтастық, қоғам мүшесі, ата-баба.

Диалог пен жазу үшін қолданылады: Бірлік күші, өкініш пен қуаныш, жауапкершілік, достық қарым-қатынас

Құндылықтарға баулу

Жалпыға бірдей еңбек қоғамы.

Ынтымақ қайда болса, бірлік сонда

Дескриптор

- мәтін мазмұнымен танысады;

- мазмұнына қарай сұрақтар құрастырады;

- оқиғада болған мәселенің шешу жолдарын қарастырады;

- жалқаулық, еңбекқорлық туралы сыни пікір қалыптастырады

Пәнаралық байланыс

Әдебиет

Алдыңғы білім

4 мин

Төрт түлік.

«Сәйкестендіру» әдісі төрт түлікті пірлерімен, төлдерімен сәйкестендір

ОShape4 Shape3 Shape2 Shape1 йсылқара жылқы қозы

ЗShape7 Shape6 Shape5 еңгі баба қой лақ

СShape10 Shape9 Shape8 ексек ата түйе бұзау

Қамбар ата сиыр бота

Шопан ата ешкі құлын

Ауызша бағалау. Дұрыс! Өте тамаша! Толықтырыңыз! Керемет! Толық емес!

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Cабақтың басы 16 мин

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Сұрақтың қандай түрлерін білесіңдер?

Ең жалқау қай жануар? Оқушылардың пікірі тыңдалады.

Неге жалқау деп ойлайсың? Неге жалқау емес?

Мәтін

Оқылым алдында мұғалім көмегімен оқушылар «Еңбектің наны тәтті, неге? жалқаудың жаны тәтті неге?» деген сөзге түсінік қалыптастырып сұрақтар құрастырады.

Оқу кезінде оқушылар өз бетімен мәтін мазмұнымен танысады. Мәтінге қатысты сұрақтарға жауап беруге дайындалады.

Жалқау жануарлар

Баяғы өткен заманда орманда құрғақшылық болыпты. Жаз келсе де бір тамшы су жаңбыр жаумапты. Шөлден азап шеккен жануарлар бір шарасын ойлап табуға жиналыпты. Сөйтіп, араларындағы біреуінің ұсынысымен құдық қазуға бел буыпты. Барлық жануарлар тіпті құстарға шейін күндіз-түні еңбек етіп құдық қазуға кірісіпті. Бірақ араларындағы қоян ғана: «Мен әлі кішкентаймын!»,- деп жалқауланып жұмыс істегісі келмепті. Қоянның бұл еркелігі өзге жануарлардың ашуына тиіпті. Сөйтіп жануарлардың еңбегі босқа кетпей, қазған құдықтарынан мұздай су шыға бығыпты. Мұны көрген олар қуанып, суды қанып ішіп, әрі жуыныпты. Ал құдықтың қазылуына көмектеспеген жалғыз қоян ғана су іше алмапты. Орман патшасы арыстан қоянның құдыққа жақындамауы үшін күн сайын кезекші тағайындапты. Қоян істеген ісіне іштей өкінсе де, бұл өкінішінен ешқандай пайда болмапты. Бір күні түнде кезекшілік кезегі пілге келіпті. Пілмен дос болған қоян «ешкімге білдіртпей су берер»,- деген оймен қасына барыпты. Сөйтсе піл ұйықтап жатыр екен. Қанша оятса да ұйқысынан тұрмапты. Болмаған соң құлағына барып айқайлапты. Ұйқысынан шошынып оянған піл құдықтың шетінде үйіліп тұрған үйіндіге соқтығысып, үйіндіні құдықтың ішіне құлатып алыпты. Осылайша құдық бітеліп қалыпты. Болған оқиғаға қатты қайғырған піл: «Мұның бәрі менің кесірім! Енді не ішеміз? Ертең жануарлар не дейді?»,- деп жылай бастапты. Қоян: «Достым, қайғырма, бір жолын табармыз. Екеуміз де осы құдықты қазатын болсақ, таң атқанша бітіріп қалармыз»,- депті. Сонда піл: «Сен кішкентай әрі әлсізсің ғой»,- десе қоян: «Енді көр де тұршы менің қалай жұмыс істейтінімді!»,-депті. 
      Шынында да қоян білегін сыбанып, іске кірісіп, таң атқанша пілмен бірге құдықты қазып тастапты. Ертеңіне піл барлық жануарларға қоянның еңбегін айтып мақтапты. Барлығы шапалақ ұрып, құдықтан су ішуіне енді лайықты болғанынайтыпты.
      Қоян су ішкенімен қоймай, өзге жануарлармен қайта татуласқанына да қатты қуаныпты. Өзін орманның бір мүшесіндей бақытты сезініпті. Олай болса, балалар «Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті»,- деп ата-бабаларымыз бекерге айтпаса керек. 

Оқығаннан кейін. Мәтінге қатысты бір-бірлеріне сұрақ қояды. Мысалы: Қайда? Қашан? Неліктен? Қалай? т.б.

Ойтүрткі.

1.«Бөлінегенді бөрі жейді» деген сөзді қалай түсінесіңдер?

2.Осы оқиға адамдарға сабақ бола ала ма? Болса неге?

1Shape12 Shape11 тапсырма. Қолданатын әдіс-тәсіл. «Шындық, Жалған»

1.Жаз ортасында шілде де құрғақшылық болды?

Шындық

Жалған

2.Құдық қазуға құстар көмектесуге қатыспады?

Шындық

Жалған

3.«Мен әлі кіщкентаймын» деп піл айтты?

Шындық

Жалған

4.Қоян бірден құдық қазуға келіскен жоқ?

Шындық

Жалған

5.Піл құдықтың жабылып қалуына қоянды кіналады?

Шындық

Жалған

6.«Достым қайғырма бір жолын табармыз» деп қоян айтқан жоқ.

Шындық

Жалған

7.Қоян жалқаулық танытты?

Шындық

Жалған

8.Құдық түлкінің кесірінен бітеліп қалды?

Шындық

Жалған

9.Қоян жалқаулығын жеңіп шықты?

Шындық

Жалған

10.Еңбектің жаны тәтті

Шындық

Жалған

11.Жалқаудың наны тәтті

Шындық

Жалған

12.Әңгіме бірлік туралы

Шындық

Жалған

Формативті бағалау.

Қызыл, жасыл 2 түрлі стикермен бағалаймын

«Сұрақтар қорапшасы»

Арнайы қорапша қойылады.










Орындауға берілген мәтін нұсқасы







































Кесте


















Стикерлер

Shape14 Shape13



Сабақтың ортасы

13 мин















2 Тапсырма. Деңгейлік тапсырма.

І деңгей

Мәтін кейіпкерлерін анықтаңдар. Болған мәселені табыңдар.

Үлгі: Не? Қашан? Қайда? деген сұраулы сөз тіркестерін пайдалан.

ІІ деңгей

Мәтінге қатысты бірнеше сұрақтар құрасытырыңдар. Жалқаулық пен еңбекқорлық туралы сыни пікір айтыңдар.

Үлгі: Не үшін? Неліктен? Неге? деген сұраулы сөз тіркестерін пайдалан.

ІІІ деңгей

Болған оқиғаның басқа да шешу жолдарын қарастырыңдар. Мәтіннің өмірмен байланысына жеке көзқарастарыңды білдіріңдер.

Үлгі: Не себептен? Қандай? Қалай? деген сұраулы сөз тіркестерін пайдалан.

Мәтін бойынша берілген деңгейлік тапсырмаларды үлгідегі сұраулы сөз тіркестерін пайдаланып, дәптермен жұмыс жүргізеді











Екі жұлдыз, бір тілек» бағалау

Shape15







Shape16

Сабақтың соңы 12 мин
















3-тапсрыма «Сезімді ояту» кестесі

Өкініш

Табиғи апат, құрғақшылық

Неге?

Жаны ашу

Бір-біріне қол ұшын беру мақсатында жануарлар жиналды

Кімге? Неліктен?

Кінәлау


Қоян, жалқаулық танытты

Піл өзін кінәлады

Кімді? Не үшін?

Реніш

Достық

Достық қарым- қатынас. Піл қоянға ренішін сездірмеді. Неге?

Кімге? Себебі?

Неге?

Түсінбеушілік

Түсністік

Қателік және оны түзету.

Қоян қателігін жоя білді.

Оған барлық жануарлар түсіністікпен қарады

Кім? Кімге? Неліктен? Қалай?

Смайликтер арқылы бағалау.

Қорытынды

Қоянға арнап «Үш қошемет сөз» жаз.

Еңбекқорлыққа қатысты «Үш қошемет сөз» жаз.

Сабақ соңында «Сұрақтар қорапшасына» салынған бүгінгі сабаққа қатысты құрастырған сұрақтарын жинап аламын

Кесте


Түрлі смайликтер

«Сұрақтар қорапшасы»

Арнайы қорапша


Қосымша ақпарат

Саралау:

Деңгейлік тапсырма

Бағалау

ҚБ

Пəнаралық байланыс –
Денсаулық жəне қауіпсіздік,
Құндылықтармен байланыс
(тəрбие элементі).

І деңгей мәтін кейіпкерлерін анықтайды, болған мәселені табады.

ІІ деңгей мәтінге қатысты бірнеше сұрақтар құрастырады. Жалқаулық пен еңбекқорлық туралы сыни пікірлерін айтады.

ІІІ деңгей болған оқиғаның басқа да шешу жолдарын қарастырады. Мәтіннің өмірмен байланысына жеке көзқарастырын білдіреді

Алдыңғы оқуда

Ауызша Дұрыс! Өте тамаша! Толық емес! Толықтырыңыз!

Сабақ басында

Стикермен бағалау.

Сабақ ортасында

«Екі жүлдыз, бір тілек» дәісімен оқушылардың өздері бағалау жүргізеді

Сабақ соңында

Түрлі смайликтермен бағалау

Жалпыға бірдей еңбек қоғамын ұйымдастыру.

«Ынтымақ қайда болса, бірлік те сонда» тіліміздегі дана сөздерге құрметпен қарау.

Ықшам сабақ бойынша рефлексия
1.Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?
2.Бүгін оқушылар не үйренді?
3.Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?
4.Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма?
(тапсырмалар сəйкес болды ма?)
5.Уақытты қалай пайдаландым?
6.Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім жəне неге?

  1. Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды.

  2. Жауап берумен қатар сұрақ қоюдың да маңыздылығын білді және сұрақтар құрастыруды үйренді.

  3. Сабақтың өмірмен байланыстылығы жоғары деңгейде өтті. Алдыңғы білім мен өтілетін сабақ арасында тығыз байланыс болды.

  4. Деңгейлік тапсырмаларды бағалауда кемшіліктер кездесті, тренер көмегімен бағалауымды қайта өзгерттім. Себебі ол бағалауым берілетін тапсырмаға сәйкес келмеді.

  5. Уақытты тиімді пайдаландым. Себебі жоспарым жүйелі құрылды.

  6. Тапсырмаларға қарай бағалауларымды өзгерттім. Себебі 2 тапсырмадағы смайликтермен бағалауы сәйкес келмеді. 3 тапсрымадағы стикермен бағалауды смайликтермен бағалау орныны ауыстырдым. Сабақ барысында өзгерістер болды себебі тапсырмаларды орындағаннан кейін бағалауда сәйкессіздік орын алды

Қорытынды бағалау
Ең жақсы өткен екі нəрсе (оқыту мен оқуға қатысты)
1: берілген мәтіннің оқушыларды бірлікке шақыратын ынтымақтастығы.
2: кейіпкерлердің іс-әрекеттерінің еңбекқорлыққа жетелеуі
Қандай екі нəрсе немесе тапсырма сабақтың бұдан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?
1: өмірмен одан әрі байланыстылығын жұптық жұмыстар арқылы дамыту
2: жоспарыма бағалаудың жаңа тәсілдерін енгізу
Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі
сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?
1: ашылмай қалған сәттеріме ашық сұрақтармен сұрақтар қорапшасын толықтыру
2: жауап алудан бұрын сұрақтар құрастырудың маңыздылығын түсіндіру.



























Баяғы өткен заманда орманда құрғақшылық болыпты. Жаз келсе де бір тамшы су жаңбыр жаумапты. Шөлден азап шеккен жануарлар бір шарасын ойлап табуға жиналыпты. Сөйтіп, араларындағы біреуінің ұсынысымен құдық қазуға бел буыпты. Барлық жануарлар тіпті құстарға шейін күндіз-түні еңбек етіп құдық қазуға кірісіпті. Бірақ араларындағы қоян ғана: «Мен әлі кішкентаймын!»,- деп жалқауланып жұмыс істегісі келмепті. Қоянның бұл еркелігі өзге жануарлардың ашуына тиіпті. Сөйтіп жануарлардың еңбегі босқа кетпей, қазған құдықтарынан мұздай су шыға бығыпты. Мұны көрген олар қуанып, суды қанып ішіп, әрі жуыныпты. Ал құдықтың қазылуына көмектеспеген жалғыз қоян ғана су іше алмапты. Орман патшасы арыстан қоянның құдыққа жақындамауы үшін күн сайын кезекші тағайындапты. Қоян істеген ісіне іштей өкінсе де, бұл өкінішінен ешқандай пайда болмапты. Бір күні түнде кезекшілік кезегі пілге келіпті. Пілмен дос болған қоян «ешкімге білдіртпей су берер»,- деген оймен қасына барыпты. Сөйтсе піл ұйықтап жатыр екен. Қанша оятса да ұйқысынан тұрмапты. Болмаған соң құлағына барып айқайлапты. Ұйқысынан шошынып оянған піл құдықтың шетінде үйіліп тұрған үйіндіге соқтығысып, үйіндіні құдықтың ішіне құлатып алыпты. Осылайша құдық бітеліп қалыпты. Болған оқиғаға қатты қайғырған піл: «Мұның бәрі менің кесірім! Енді не ішеміз? Ертең жануарлар не дейді?»,- деп жылай бастапты. Қоян: «Достым, қайғырма, бір жолын табармыз. Екеуміз де осы құдықты қазатын болсақ, таң атқанша бітіріп қалармыз»,- депті. Сонда піл: «Сен кішкентай әрі әлсізсің ғой»,- десе қоян: «Енді көр де тұршы менің қалай жұмыс істейтінімді!»,- депті. 
      Шынында да қоян білегін сыбанып, іске кірісіп, таң атқанша пілмен бірге құдықты қазып тастапты. Ертеңіне піл барлық жануарларға қоянның еңбегін айтып мақтапты. Барлығы шапалақ ұрып, құдықтан су ішуіне енді лайықты болғанын айтыпты.
      Қоян су ішкенімен қоймай, өзге жануарлармен қайта татуласқанына да қатты қуаныпты. Өзін орманның бір мүшесіндей бақытты сезініпті. Олай болса, балалар «Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті»,- деп ата-бабаларымыз бекерге айтпаса керек. - ]



Оқылым əдіс-тəсілдері
Оқылым дағдыларын дамытуға арналған жаттығулар оқушыларға мəтінді оқырдың алдында, оқу
кезінде жəне оқығаннан кейін қолдау көрсетуге бағытталған. Тиімді жаттығу айқын, күрделі,
қызықты болуы жəне оқумен байланысты болуы тиіс.
Оқырдың алдында:
Бұл əдетте оқылым кезінде қолдау көрсетуді қажет ететін жас оқырмандар үшін оларға еске салғыш
ретінде немесе оқылым дағдыларын дамытуға арналған жаттығуларды қолдануға көмектесу үшін
анағұрлым маңызды. Өйткені оқушылардың дағдылары нығайып, олар бұл əдіс-тəсілдерді өз
бетінше орындай бастаған сайын қолдау көрсету азайтылуы тиіс.
Оқу кезінде:
Қалыптастырушы бағалаудың осы түрі мұғалімге оқушылардың қай жерде табысты екенін жəне қай
жерде əлі де қолдауды қажет ететінін анықтауға мүмкіндік береді.
Оқығаннан кейін:
Бұл олардың оқыған мəтінін шолуға, ой елегінен өткізуге жəне өз ойларын тұжырымдауға
мүмкіндік береді. Бұны бір-бірінен тəуелсіз түрде, шағын топтарда немесе тұтас сыныппен істеуге
болады.
8-күн, 1-сабақ. 1-үлестірме материал. Оқылым əдіс-тəсілдері
Оқырдың алдында Оқу кезінде Оқығаннан кейін

Оқу дағдыларын дамытуға арналған идеялар
Кітап оқудың көптеген себептері бар. Біздің оқуымыздың мақсаты біздің оқырман ретінде мəтінге қалай қызығатынымызды көрсетеді. Төменде əртүрлі оқылым дағдыларын дамытуға бағытталған идеялар ұсынылған.\Кітап оқудың əрбір түрін үйрететін жаттығу туралы өз ойларыңызды қосыңыз.
Мағынаны ұғынуға арналған оқылым (танысу үшін оқу)
Оқушылар белгіленген уақыт ішінде қысқа əңгіме мен ақпараттық мəтін оқиды.
Олар негізгі мəселелерді анықтап, пікірлерін ауызша ұсынады.
Оқушылар дəлелдерді анықтай отырып, қысқа дискурстық мəтін оқиды.
Оқушылар бірқатар мəтінді топтарға бөледі, мысалы, сюжеті/тақырыбы ұқсас мəтіндер т.б.
Оқушылар өздері жаңа ғана тыңдаған немесе оқыған мəтінге қатысты: Кім? Не? Қашан? Қайда (егер қолдануға келсе: Неліктен? жəне Қалай?) деген сұрақтарға жауап береді.
Мұғалім жылдам оқып, топқа негізгі мəселелерге қатысты ауызша кері байланыс ұсыну үшін жеке, ұзын мəтін береді. (Бұл жаттығуды күрделілігіне қарай саралауға болады).
Топ мəтіннің мазмұнына қатысты шын/өтірік сұрақтарға команда ретінде жауап береді.
Оқушылар басқа оқушыларды мəтіннің мағынасына қатысты «тестілеу» үшін, шын/өтірік жəне мəтіннен алынған үзінділермен байланысты сұрақтарды əзірлейді.
Топтар/сынып мəтіннің мəнісін анықтауға арналған əдіс-тəсілдер тізімін жасайды.
Оқушылар мəтіннен алынған үзінділермен белгілі бір уақыт ішінде танысады жəне олардың əрқайсысында болып жатқан оқиғаны жалпылайтын суреттермен сəйкестігін анықтайды.
Егжей-тегжейлі білуге (түсінуге) арналған оқылым (сканерлеу)
Оқушылар мəтінді қайта оқиды жəне өздерінің бірінші рет оқығанда нені
қалдырып кеткенін жəне екінші рет оқығанда байқағанын айтады.
Оқушылар мұғалім/сыныптасы оқыған қысқа мəтінді тыңдайды, сосын нені
естерінде сақтағанын айтады. (Олар, бəлкім, маңызды бір тұстарды естерінде
сақтар, мысалы, атын, кейіпкерлерін немесе статистикалық деректер).
Оқушылар жұптасып оқиғаны немесе негізгі идеяны өзгертпестен алып тастауға
болатын, мəтіндегі екінші дəрежелі элементтерді атап көрсетеді. Оқушылар баса
көрсетілген материалсыз ненің жоғалтылуы мүмкін екенін түсіндіреді.
8-күн, 2-сабақ 5-үлестірме материал. Оқу дағдыларын дамытуға арналған идеялар
Нақты нəрсені анықтауға арналған оқылым
Оқушыларға белгілі бір сала туралы ақпараты бар бірнеше мəтін ұсынылады. Олардан аталған жағдайда аталған адам үшін тиісті іс-əрекеттерді анықтау сұралады. Мысалы, ақпарат түрлі жастағы ұлдар мен қыздарға арналған жергілікті клубтарға жəне/немесе жергілікті көрікті жерлер мен ойын-сауық орындарына қатысты болуы мүмкін. Оқушылар бұл адамдар қандай жұмыстардың қандай түрлерін орындай алатынын анықтайды жəне өздерінің нені жəне қашан істей алатынын көрсететін график құрастырады.
Жұптасып отбасының əртүрлі мүшелеріне арналған жұмыс түрлерін талқылау
(əртүрлі жас санаттары, қолжетімдік жəне т.б.).
Жұптар романнан үзінді тыңдайды немесе оқиды/бірнеше сюжеттік желісі бар шоудан үзінді көреді, сосын нақты осы кейіпкермен немесе сюжеттік желімен не болғанын түсіндіреді.
Жаңа сөздерді үйренуге арналған оқылым
Оқушыларға бірқатар таныс емес сөздері (10-нан артық емес) бар мəтін беріледі, олар оқу барысында ол сөздердің астын сызу керек. Оқушылар төмендегі белгілерге қарап ол сөздердің мағынасын анықтайды: o таныс сөздермен ұқсастығы; o өзіне таныс басқа тілдегі сөздермен ұқсастығы; o мəнмəтіндегі байланыс; o сөздердің буынға бөлінуі (жалғау мен жұрнақтарды қоса алғанда).
Оқушылар мағынасын көрсету үшін жаңа сөздерді синонимдерімен немесе оларды басқа сөзбен жазады.
Оқушылар мағынаны түсінгенін көрсету жəне бекіту үшін, сөйлемде жаңа сөздерді пайдаланады.
Оқушылар газеттің бірінші бетін өздері білмейтін/олардың ойынша басқалар білмейтін көп дегенде он сөзбен көшіреді. Сөздікті пайдалана отырып, олар анықтамасын тауып жазады – жұптар/топтар сосын басқалардан сөздің (сөздердің) мағынасын анықтауды сұрайды.
Оқушыларға балама анықтамалары ұсынылады немесе олар оны өздері құрастырады. Сосын мəнмəтінге қарай олардың ішіндегі дұрысы таңдалады.
Мақсатын анықтауға арналған оқылым
Оқушыларға шағын топта əрбір мəтіннің мақсатын жəне мақсатты

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
1639
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі