Ұйымдастырылған
оқу іс - әрекетінің технологиялық
картасы
Вариативтік
компонент
Оқу
іс-әрекеті: Компьютер
Тақырыбы: Жануарлар
әлемінде
Мақсаты: Ойын арқылы балалардың қол
моторикасын дамыту, жануарларды еске
түсіру
Міндеттері:
-
Ойын арқылы
жануарларды еске түсіру
-
Балалардың ой ұшқырлығын, есте
сақтау қабілетін, қол моторикасын
дамыту;
-
Ұқыптылыққа, зейінділікке,
жауапкершілікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Жануарлардың суреті, тышқан6
слайд
Билингвиалдық
компонент: жануар –
животное- animal
Оқу іс - әрекетінің
барысы:
|
Оқу іс -
әрекетінің кезеңдері
|
Педагогтың
іс-әрекеті
|
Баланың
іс-әрекеті
|
|
Ой қозғайтын-
себептер
|
1. Шаттық шеңбер
жылы сөздер айту
-Сен аққудай
әдемісің
-Көбелектей сұлусың
-Күн сияқты мейірімдісің
2. Балалар, бүгін
сендер сабақта өте зейінді болсаңдар, жақсы қатыссаңдар мына
баспалдақтың шыңына жетіп, сыйлық
аласыңдар
|
1. Шаттық шеңберге
тұрып жылы сезімдерін көрсетеді
2. «Мен бүгін
тәртіпті боламын», «Мен бүгін барлық тапсырмаларды дұрыс
орындаймын», т.б.
|
|
Ізденіс-ұжымдық –
негізгі бөлім
|
Жануарлардың
дыбыстары жазылған үнтаспа
қосылады.
Педагог: Балалар бұл
нени дыбыстары?
Балалар:
Жануарлардың.
Дұрыс айтасындар
балалар.
Ал енді осы
жануарлар туралы сендерге қысқаша мағлұмат бере
кетейін.
Жануарлар тірі
табиғаттың негізгі бөлігі. Жануарлар екіге бөлінеді: Үй жануарлары
және жабайы жануарлар. Жануарлардың табиғаттағы тіршілігі ерекше
әрі қызықты. Олардың адам үшін пайдасы да өте зор. Жылқы, түйе,
сиыр, қой, ешкі, ит, мысық, тауық адамның үйінің маңайында тіршілік
етеді. Сол үшін үй жануарлары деп аталады. Жабайы аңдар - табиғи
жағдайда өз бетімен тамақ тауып, тіршілік ететін жануарлар. Жабайы
жануарлардың түрлері өте көп. (көрнекілік арқылы
түсіндіру)
|
Мұқият тыңдап
естеріне сақтайды.
Түсініксіз болса
сұрақтар қояды
|
|
|
Қазыр біз бәріміз
бірігіп тапсырма орындаймыз.
Тапсырма
№1
Балаларға бірнеше
карточкасы бар конверт беріледі. Ол конверттің ішінде жануарлардың
суреті және бір басқа заттың суреті беріледі. Балалар сол
жануарлардың ішінен артық затты алып тастау керек. Мысалы, Бір
конверттің ішінде аю, қасқыр, түлкі, қоян және нанның суреті
берілсе, балалар нанның суретін алып
тастайды.

«Төлдерін тап»
ойыны
Суретте шатасқан
төлдерін тауып, сызықпен қосу

Сергіту
сәті
Мен өркешті
түйемін,
Басымды жерге
иемін.
Маң-маң басып
далада,
Жантақ жеуді
сүйемін.
Қазір компьютерге
екі-екіден отырып, өздеріңе ұнайтын фантастикалық жануарларды,
ертегіден кейіпкерлерін немесе көріністерін
саласыңдар. 
Балалардың назарын
өзіме аударып, көзге жаттығу жасатып, орындарын ауыстыртып
отырғызу
|
Балалар жануарлардың
ішінен артық затты алып тастайды
Суреттегі
жануарларды төлдерімен қосады.
Жаттығуды бірге
орындайды
Копьютерге жұппен
бөлініп өздерінің суреттерін салып
бастайды
|
|
Рефлективтік
түзетушілік кезең
|
Балалар суреттерді
қандай құралдың көмегімен
салдындар?
Бүгінгі іс
әрекетіміз сендерге ұнады ма? Өз жұмыстарына қандай баға бере
едіндер?
Жарайсындар
балалар!
|
Балалар жауап береді!
|
Күтілетін
нәтиже:
Қабылдайды: Paint құралдары, жануарлар
туралы түсінігі бар.
Түсінеді: Paint құралдарының қосымша
мүмкіндіктерін біледі.
Қолданады: Paint графикалық редакторында
құралдарды қолданып, шығармашылықтарын арттырып, сурет сала
алады.