"Жануарлар әлемінде"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Жануарлар әлемінде"

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: «Әлеумет»

Бөлімдері: Қоршаған ортамен танысу.

Тақырыбы: Жануарлар әлемінде.

Мақсаты: Қазақстанның жабайы жануарлары және олардың өмір сүру ерекшеліктері , ортасы туралы білімдерін кеңейту. Жануарларға қамқор болуға тәрбиелеу.

Қолданатын көрнекі құралдар: Тордағы қасқыр, аю, түлкі, жұмсақ ойыншық, жолбарыс, арыстан, ертегідегі магнитті жабайы аңдар суреті, хайуанаттар бағының безендірілуі, бетперделер.

Әдіс – тәсілдері: сөздік, көрнекілік, ойын, практикалық.

Полегвальды компонент:жабайы аңдар-дикие животные– wild animals, қасқыр-волк - wolf, түлкі-лиса– a fox, аю-медведь – bear


  • Балалар, мына өлеңді тыңдайықшы.

Табиғатты қолдай біл,

Аң -құсын да қорғай жүр.

Білуіміз керек оны біз

Бізде табиғаттың ұлымыз.

Табиғат бөлек демеңіз

Сол үшін жауап береміз.

- Балалар, бұл өлеңде не туралы айтылған екен?

- Балалар, табиғат дегеніміз не екен?

Ол бізді қоршаған орта, табиғатсыз ешқандай тіршілік жоқ. Ол барлық тіршілік иелерінің ортақ үйі, табиғаттың бізге берер сыйы да көп.

- Жабайы аңдар қайда болады?

- Балалар, адамдар жақыннан көру үшін, танысу үшін хайуанаттар бағында да жабайы аңдар болады екен. Сол хайуанаттар бағына барғыларың келе ме?

- Хайуанаттар бағы дегеніміз не екен?

Ол- үлкен бақ. Онда тек жабайы аңдар ғана емес жан - жануарлардың көптеген түрлері, құстардың әр түрлісі арнайы торларда ұсталады. Біз оның барлығын аралап тауыса алмаймыз. Біз тек қана өзіміз ертегілерде естіп жүрген, теледидардан көріп жүрген жабайы аңдарды ғана көріп тамашалаймыз. Хайуанаттар бағында барлығы қайда тұрады?

- Оларды неге торларда ұстайды?

Өйткені олар қауіпті жыртқыш аңдар.

Қандай аңдар екен?

(Хайуанаттар бағындағы балалардың қауіпсіздігін айтып ескерту.)

Қане, балалар, хайуанаттар бағына баруға жиналайық.

Балалар, қайда бара жатырмыз?

- Балалар қараңдаршы мынау қандай аң?

(Бұл сұр түсті қасқыр деп аталады)

- Балалар, қасқыр неге ұқсайды?

- Тамаша!

Тік құлақ, қара ауыз овчарка итіне ұқсас екен.

Қандай итке ұқсайды екен?

- Құлағы қандай пішінге ұқсас деп ойлайсыңдар?

- Қасқыр - күшті, батыр, ержүрек, ақылы да айласы да бар өте қауіпті жыртқыш аң.

- Ал аяқтары ұзын болады екен?

Олар далада қоректенеді: жан - жануарлармен, құстармен. Үй жануарлары кездесе қалса, ұстап жеп қояды.

Ал мынау қандай аң екен?

- Түсі қандай екен?

- Бұл қоңыр аю деп аталады.

Қасқырға қарағанда аю үлкен бе кіші ме?

- Аю икемсіз жыртқыш аң.

- Аюлардың қорегі: судан балық аулап, жидек теріп, және құстарды аулап жейді. Аюдың терісі, еті бағалы емдік қасиеттері бар деп есептеледі. Аюлар қыс бойы ұйқыда жатады.

Балалар, қараңдаршы, қандай әдемі?!

Бұл қандай аң екен?

- Түлкінің түсі қандай?

Түлкінің денесі қасқырға ұқсас болып келеді, бірақ қасқырға қарағанда тұмсығы ұзын ба ,қысқа ма?

- Ұзын және сүйріктеу(қайталау)

Түлкінің терісі бағалы жыртқыш аң. Қазақтың атақты бас киімі «Тымақ» осы түлкінің терісінен тігіледі. Оны «Түлкітымақ» деп те атайды. Түлкінің қорегі: түрлі құстарды, құстың жұмыртқасын, балық аулап жейді.

Ал мынау қандай аң екен?

- Жолбарыс неге ұқсайды екен?

- Жолбарыс та өте күшті, жылдам жүгіретін жыртқыш аңдардың бірі. Түсі қандай екен?

- Сұр және қара жолақтары бар. Ал жолбарыстың құйрығында қандай айырмашылық бар екен?

- Жолбарыс жан - жануарлардың, аңдардың етімен қоректенеді.

Ал ,балалар, осы торда тұрған кезде бұл аңдар немен қоректенеді?

Оларды адамдар тамақтандырады. Сендер аңдардың алдарында тұрған ыдыстарды көрдіңдер ме? Сол ыдыстармен тамақ береді, күтіп бағады, ауырса емдейді. Олардың арнайы адамдары болады.

(Балалар топқа келеді)

Сергіту сәті:

Балалар сендер қайда бардыңдар?

- Онда қандай аңдарды көрдіңдер?

Жұмбақ жасыру:

Өзі бір қу

Жүрген жері айқай мен шу.

(Ертегілердегі түлкі суретін тақтаға іледі)

Балалар түлкі туралы не білесіңдер?

- Түлкіні қандай ертегілерде кездестірдіңдер?

- Түлкі жайында қандай тақпақ білеміз?

Келесі жұмбақ:

Сұр түсті

Ақсиған көп тісті.

Қыс бойына жатады

Тәтті ұйқыға батады.

Тарғыл түсті

Ерен күшті.

Өте тамаша!

Балалар, бұл аңдар ертегілерде, мультфильмдерде мейірімді, қайырымды болып келуі мүмкін. Бұл аңдар бір сөзбен айтқанда - жабайы жыртқыш аңдар деп аталады.

Ойын: «Қайсысы ненің дауысы?»

Мақсаты: Балаларды жан – жануарлармен таныстыру, үй жанурлары мен дала жануарларының айрмашылықтарын түсіндіру. Есту арқылы дауыстарынан ажырата білуге үйрету.

Ойын барысы: Жан – жануарлардың дауысы жазылған дискіден жануарлардың дауысын естірту.

балалар мынау қандай жануардың дауысы?

Үй жануарлары мен дала жануарларының айырмашылығы қандай?

Қорытынды.

- Біз қайда болдық?

- Хайуанаттар бағынданелермен таныстық?

- Сендерге оқу іс- әрекеті ұнады ма?

- Балалар, сендерге көп - көп рахмет





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.11.2018
643
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі