Материалдар / «Жануарлар әлеміне саяхат»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Жануарлар әлеміне саяхат»

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты:1.Жануарлар әлеміне ойша саяхат жасау арқылы,хайуанаты мысықпен танысу, оны сипаттап бақылау жасау,оның пайдасы туралы түсінік беру. Шалқан ертегісін кейіптендіру. 2.Логикалық ойлау арқылы балалардың тіл байлығын дамыту, мысыққа деген қызығушылығын арттыру. 3.Үй жануарларына деген қамқорлықтарын тереңдету. Мысыққа дегенсүйіспеншілігін арттыру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Тамыз 2023
284
1 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы

Тараз қаласының білім бөлімінің №38 «Толағай» бөбекжай-бақшасы»МКҚК











Ашық оқу іс әрекеті

Тақырыбы: «Жануарлар әлеміне саяхат»








Тәрбиеші:Г.Санбаева










2023жыл


Тақырыбы: Жануарлар әлеміне саяхат

Мақсаты:1.Жануарлар әлеміне ойша саяхат жасау арқылы,хайуанаты мысықпен танысу, оны сипаттап бақылау жасау,оның пайдасы туралы түсінік беру. Шалқан ертегісін кейіптендіру.

2.Логикалық ойлау арқылы балалардың тіл байлығын дамыту, мысыққа деген қызығушылығын арттыру.

3.Үй жануарларына деген қамқорлықтарын тереңдету. Мысыққа дегенсүйіспеншілігін арттыру.

Заттық дамыту ортасы: Түсті бояу, шүберек, ақ қағаз, мысық, атрибуттар, табиғат көрінісі.

Тәрбиеші: Балалар бүгін бізде ерекше күн себебі бізге көптеген қонақтар келіпті. Бүгінгі оқу іс-әрекетімізді бастамас бұрын келген қонақтарымызбен амандасып алайық.

Балалар: Біздің топтың үл-қыздары

Тату-тәтті ойнайды

Әлемдегі бар адамға

Тек жақсылық силайды

Үлкенгеде сіз

Кішігеде сіз

Барша жұртты құрметтеп

Бас иеміз біз

Тәрбиеші: балалар көңілдерін көтерілдіма? Балалар бүгін біз жануарлар әлеміне ойша саяхат жасап көрейікші. Олай болса барлығымыз шеңбер болып отырайық. Көзімізді жұмайық. (Музыка әуені қойылады.) күн жарқырап тұр. Айнала тып-тыныш. Жайқалған әдемі гүлдер, неше түрлі көбелектер ұшып жұр. Балалар бір-бірімен тату-тәтті, дос болып өмір сүруде. Балалар енді көздеріңді ашыңдар. Ой, балалар көрш атайдың үйінде үй жануарларының дыбысы естіледі. Қай жануардың дыбысын естідіңдер? Балалар: Қой, сиыр , жылқы, ешкі.

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар. Балалар қараңдаршы көрші атайдың мысығы біздің топқа кіріп кетіпті. Қандай әдемі сүйкімді мысық. Қане мысыққа ат қойып алайық. Қандай ат қоямыз.

Балалар: Мурка

Тәрбиеші: мысық орыс тілінде –кошка. Қане мысықты сипаттап бақылау жасап көрейікші.

-мысықтың неше көзі бар?

-неше құлағы бар екен?

-бізде неше құлақ бар? 2

-неше аяғы бар екен? 1,2,3,4.

-м, бізде неше аяқ бар? 2

-Денесін ұстап көрейікші, денесі қандай екен? (Балаларға тірі мысқты ұстап көрсету)

-Түсі қандай екен?

-Мысықтың бізге берер пайдасы барма? Себебі мысық тышқан аулайды. Егер тышқан көбейіп кетсе егіндеріміздің бәрін құртады. Сол себептен мысықтың пайдасы зор екен.

Ал кім мысық туралы тақпақ айтып береді?

Нұрсұлтан: Үйден жырақ шығындап

Жүріп қайтсам тым аулақ

Мені ылғи мысығым

Қарсы алады мияулап

Динара: мен оның бұл мияуын

Сөзі ғой деп ұғамын

Не дегенін бірақта

Айырмайды құлағым

Инаят:Әне отыр мысық

Өзі сондай қызық

Қарайды олмаған

Бір көзін қысып

Тәрбиеші: Жарайсыңдар тақпақтарың өте тамаша екен.

Мияу мияу балалар

Табаныма қарап ал

Тырнағымды таба алсаң

Нешу екен санап ал

Қане мысықтың тырнағын санап көрейікші.

Балалар біз мысықтың ізін білемізбе? Олай болса кішкентай мысықтың өзін жүргізіп алайық.(Мысықты ұзын ақ параққа аяғын бояуға салып жүргіземін)

Балаларқараңдаршы мынау мысықтың ізі екен. Ал енді сендер осы мысықтың ізін салып көрсетесіңдерме? Олай болса мысықтың ізі мына үш біріктірілген саусақтан тұрады екен. Қане бәріміз үш саусақты көрсетейікші. Енді саусағымызды бояуға салып алдымыздағы тұрған ақ параққа саламыз. Яғни мысықтың жүріп бара жатқан аяғын саламыз.

Қане болсақ қолымызды дымқыл шүберекке сүртеміз. Салған іздерімізді келген қонағымызға көрсетейікші. Қандай тамаша. Нұрәділдің де, Инаяттың да, Бейбарыстың да ізін қараңдаршы, қандай тамаша, өте әдемі! Қане қолдарың шаршаса саусақ жаттығуын жасайық.

Балалар: Сырға, сырға, сырғалар

Құлағыма сырғалар

Оң қолымда білезік

Сол қолымда білезік

Саусақтарда сақина

Сол сәтте қыз кіріп келеді.

Қыз: Сәлеметсіңдерме балалар сендер не істеп жатсыңдар?

-Ой балалар мынау мысығымның ізі ғой.

Тәрбиеші: Сәлеметсіңбе Асылайым, сен мұнда не істеп жүрсің?

Қыз: Атам шалқанды жұла алмай көмектесуге мысығымды іздеп келдім?

Асылайым сен көңіліңді түсірме. Сенің мысығын бізде. Бізге қонаққа келіпті. Балалармен бірге ойнап жүр. Балалар бұл атайдың мысығы. Мысықты немресіне қайтарайық. Шалқанды жұлуға көмектессін.

-Асылайым міне сенің мысығың.

Қыз: Рахмет балалар сендергеи құр қол келген жоқпын. Сендерге көптеген ойыншықтар әкелдім. Ал сау болыңдар! (сол кезде ширманың артында шалқан ертегісінің кейіпкерлері тұрады. Ширма алынады.)

Ертегідегі атасы: Қане шалқанды жұлып көрейікші. Ары тартады бері тартады, бір ,екі,үш дегенде шалқан жұлынады.

Тәрбиеші: Қараңдаршы балалар мінекей шалқанды жұлуға мысықтыңда көмегі тиді. Мысық тек қана тышқан аулап коймай атасына да комегін тигізді.








Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!