жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Жануарлар әлеміне саяхат
|
Пәні: Қазақ тілі Т2 |
|
|||||
|
Күні: |
|
|||||
|
Сынып: 5 |
Қатысқаны: 12 |
Қатыспағаны: |
||||
|
Сабақ тақырыбы: |
Жануарлар әлеміне саяхат |
|||||
|
Сабақ негізделген оқу мақсаттары: |
5.Т.3. Күнделікті тұрмыстық тақырыптырға байланысты жаңа сөздер мен тірек сөздердің мағынасын түсіну 5.А.5. Берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап беру, шағын диалогке түсу |
|||||
|
Сабақ мақсаттары: |
Барлық оқушылар: Жануарлардың суреттерін сәйкестендіріп, атауларын жаза алады |
|||||
|
Оқушылардың басым бөлігі: Жаңа сөздерден сөз тіркестерін құрай алады. Жануарлар туралы сұрақтарды қойып, оларға дұрыс жауап бере алады. |
||||||
|
Кейбір оқушылар: Жануарлар мен олардың түрлері туралы қосымша ақпарат бере алады. Өзара тілдесімге түсе алады. |
||||||
|
Тілдік мақсат: |
Оқушылар орындай алады: өзара диалог құрай алады, мәтін бойынша сұрақтар қоя алады |
|||||
|
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: арыстан, түлкі, тышқан, кірпі, аю, қоян, қасқыр, түйе, сиыр, жылқы, қой, ит, мысық, үй жануарлары, жабайы аңдар |
||||||
|
Диалог құруға шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер. Жануарлардың түрлері, жануарлар арасындағы ерекшеліктер |
||||||
|
Талқылауға арналған тармақтар Жануарлар табиғат тартуының тамаша жаратылысы. Үй және жабайы жануарлардың айырмашылықтары мен ұқсастықтары. |
||||||
|
Не себепті жануарларлар үй және жабайы жануарлар болып бөлінеді деп ойлайсыз? Жануарлардың адам өміріндегі маңызы жайлы айта аласыз ба? |
||||||
|
Алдыңғы оқу. |
Оқушылар 4 сыныпта оқыған жануарлардың атауын біледі, жабайы және үй жануарларын ажырата алады |
|||||
|
Жоспар |
||||||
|
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған жаттығулар |
Ресурстар |
||||
|
Басталуы (5 минут) |
Оқушыларды жаңа тақырыпты меңгеруге дайындау. «Шаттық шеңбері» әдісі арқылы оқушылар бір-біріне жылы тілектер айтады. ( 2 минут) Мен саған денсаулық тілеймін. Мен саған қуаныш тілеймін. Мен саған жақсы көңіл-күй тілеймін. Мен саған бақыт тілеймін.
Оқушыларға «Доп лақтыру» әдісі арқылы 4 сыныпта оқылған жануарларды қайталап, естеріне түсіру. ( 3 минут) |
Жануарлардың суреттері |
||||
|
Ортасы 38 минут (2 минут) (5 минут) (5 минут) (26 минут) |
Оқушылар жануарлардың суреті салынған пазлды жинау арқылы 3 топқа бөлінеді. 1 топ – арыстандар 2 топ – түлкілер 3 топ – тышқандар болып бөлінеді.
1 тапсырма: Оқушылар «Бауырсақ» (Бабл-Габл) әдісі бойынша «арыстан мен түлкі» ертегісінің мәтінімен жұмыс жасайды. Бір оқушы мәтінді оқып бастайды. Қалған оқушылар оны мұқият тыңдап отырады. Оқып отырған оқушы «Бауырсақ» деп басқа оқушының атын айтады. Аты аталған оқушы мәтінді әрі қарай жалғастырып оқиды. Солай оқушылар мәтінді оқып шығады. Осы тапсырманы орындау барысында оқушылар бір-бірін мұқият тыңдауды үйренеді. Мәтін оқылғаннан кейін әр кейіпкерге оқушылар ауызша сипаттама береді. Дескриптор:
Бағалау дескрипторларға сай, «Қол шапалақтау» әдісі арқылы бағаланады. Әр топ бір-бірін өзара бағалайды. Бір шапалақ – қанағаттанарлық, екі шапалақ – жақсы, үш шапалақ – өте жақсы деп беріледі. Мәтін Арыстан қартаяды. Аңдарды бұрынғысындай аулай алмайтын болады. Енді аңдарды айламен аулағысы келеді. Өзі үңгірде жатады да: - Аурумын, жүруге әлім жоқ, – деп, барлық аңдарға хабар таратады. Аңдар бір-бірлеп арыстанның халін білуге келеді. Арыстан аңдардың біреуін де қайтармайды. Бәрі де арыстанға жем болады. Бір күні түлкі келеді. Ол үңгірден алысырақ тұрады да: - Халіңіз қалай, тақсыр? – деп көңілін сұрайды. - Халім нашар. Неге жақынырақ келмейсің? Берірек кел, түлкіжан, азырақ сөйлесейік? – дейді арыстан. Түлкі: - Мен саған жақын барар едім-ау, бірақ саған кірген із бар да, шыққан із жоқ! – деп жүріп кетіпті.
2-тапсырма: «Саймон ... дейді» ойыны ойналады. Ортаға әр топтан бір оқушыдан шақырылады. Мұғалім жүргізуші ретінде оқушыларға тапсырмаларды оқып тұрады. Ең бірінші болып орындаған оқушы алға бір қадам жасайды. Ойын солай оқушылар мәреге жеткенше ойналады. Мәреге ең бірінші жеткен оқушы жеңеді. Дескриптор:
Бағалау. «Бас бармақ» әдісі арқылы топтар тапсырманың қаншалықты деңгейде өткенін бағалайды. Мұғалім (жүргізуші):
Топтық жұмыс. Постер жасау 3 тапсырма: арыстан, түлкі, тышқан, кірпі, аю, қоян, қасқыр, түйе, сиыр, жылқы, қой, ит, мысық, үй жануарлары, жабайы аңдар сөздері мен сөз тіркестерін пайдаланып әр топ ертегі құрайды. ертегіні А1 парағына суреттер арқылы түсіреді, сол бойынша баяндайды. Тапсырма орындалғаннан кейін, әр топтан қорғайтын оқушы басқа топқа барып, сол топқа постерді қорғайды. Бұл тапсырманы орындауға топтардың барлық мүшелері қатысады. Жұмысты орындау нәтижесінде оқушылардың ауызекі сөйлеуі, сын тұрғысынан ойлау және шығармашылық қабілеттері дамиды. Тапсырманы орындауда оқушылар мұғалімнің нұсқауы бойынша деңгейлеріне сай жұмыс істейді. Деңгейлік тапсырмаларды әр оқушының орындығына түсті (көк, сары, қызыл) стикер жабыстыру арқылы беремін. Деңгейі төмен оқушылар (көк түсті стикер) – суреттерді салады, бояйды, атауларын жазады. Орта деңгейлі оқушылар (сары түсті стикер) – суреттердің астына оқиға желісін жазып отырады Жоғарғы деңгейлі оқушылар (қызыл түсті стикер) – ертегінің сюжетін құрайды, ауызша қорғайды, басқа топ мүшелерінің сұрақтарына жауап береді. (Әр топқа тапсырманы орындауға 20 минут, ал қорғауға 2 минуттан беріледі) Дескриптор:
«Екі жұлдыз бір тілек» әдісі арқылы, дескрипторға сүйене отырып, оқушылар тапсырманың қаншалықты деңгейде орындалғанын бағалайды. |
Суреттік пазл
«Арыстан мен түлкі» ертегісі бойынша слайд
Жабайы және үй жануарларының суреттері (қосымша 1)
|
||||
|
Соңы (7 минут) |
Рефлексия. «Табыс баспалдағы» әдісі арқылы оқушылар түсті стикерлерін әр сатыға жабыстырады. Түсінбеген оқушыларға қайта түсіндіру жұмысы жүргізіледі.
т сұрағым бар
түсінбедім Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады. «Кофе таяқшалары» әдісі арқылы сұрақ-жауап алынады. Кофе таяқшаларына оқушылардың қаламсаптары алынады. Кімнің қаламын алсам сол жауап береді. |
|
||||
|
Қосымша ақпарат |
||||||
|
Саралау- оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз? |
Бағалау- оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
|
Пәнаралық байланыс . Денсаулық және қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс, құндылықтармен байланыс, тәрбие элементі |
||||
|
Саралауды 3-тапсырманы орындау барысында жүзеге асырдым. Деңгейлік тапсырмаларды әр оқушының орындығына түсті стикер жабыстыру арқылы бердім. Мұнда - деңгейі төмен оқушылар (көк түсті стикер) – суреттерді салады, бояйды, атауларын жазады. Орта деңгейлі оқушылар (сары түсті стикер) – суреттердің астына оқиға желісін жазып отырады Жоғарғы деңгейлі оқушылар (қызыл түсті стикер) – ертегінің сюжетін құрайды, ауызша қорғайды, басқа топ мүшелерінің сұрақтарына жауап береді.
|
Әр тапсырманы орындағаннан кейін оқушылар жұмыстарын берілген дескрипторларға сай бағалап отырады. Бағалау әдістері
|
Дүниетану. АКТ |
||||
|
Рефлексия: Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді? Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сəйкес болды ма?) Уақытты қалай пайдаландым? Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім жəне неге? |
|
|||||
|
Қорытынды бағамдау Ең жақсы өткен екі нəрсе (оқыту мен оқуға қатысты):
Қандай екі нəрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?
Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?
|
||||||
Қосымша 1.

Жабайы аңдар

Үй жануарлары







Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген