Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жануарлар арасындағы қарым - қатынас

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңартылған бағдарлама, айтылым, жазылым, оқылым, тыңдалым дағдылыры
Материалдың қысқаша нұсқасы


Пәні: жаратылыстану

Ортақ тақырып

Бөлімше:

Мұғалімнің аты-жөні: Сейтмағамбетова А №86 мектеп

« Жанды табиғат»


Күні: 16 .10.18

3 Ә

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы 15 сабақ

Жануарлар арасындағы қарым- қатынас

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.2.2.2 - жануарларды тіршілік ортасы бойынша ажырату;

3.2.2.3 - табиғаттағы жануарлардың өзара қарым-қатынас түрлерін сипаттау;

3.2.2.4 - өсімдіктер мен жануарлар арасындағы өзара байланысты зерттеу;

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар жануарларды тіршілік ортасы бойынша ажырата алу

Көпшілігі : табиғаттағы жануарлардың өзара қарым-қатынас түрлерін сипаттай алу;

Кейбіреуі: өсімдіктер мен жануарлар арасындағы өзара байланысты ажырата алу

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Білу,түсіну, қолдану,

Тілдік мақсат

Оқушылар: табиғаттағы жануарлардың өзара қарым-қатынас түрлерін сипаттау;

ақпарат көздерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау.

Негізгі сөздер мен тіркестер бәсеке

Сабақта диалог/жазу үшін пайданылаты тіл:

Қалай ойлайсыңдар, жануарлардың туысы бола ма

- Олар бір жерде өмір сүре ме әлде әр жерді мекен ете ме? Жануарлардың бір-біріне ықпал жасамайтын қарым-қатынасты қалай атаймыз?

Жазылым бойынша ұсыныстар: жұмыс парақтарындағы тапсырмалар

Бағалау критерийлері

жануарларды тіршілік ортасы бойынша ажырата алады

- табиғаттағы жануарлардың өзара қарым-қатынас түрлерін сипаттай алады

өсімдіктер мен жануарлар арасындағы өзара байланысты ажырата алады

Құндылықты дамыту

жеке тұлғаның пікірін ескеру және әрбір ойдың құндылығын құрметтеу; жануарларды қорғау.

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, өмірмен

АКТ қолдану дағдысы


Бастапқы білім

жануарлардың тіршілік ету ортасы, бейімделуі, бір-бірімен қарым-қатынасы жайлы біледі.

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт Сабақтың басы

5 мин


Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Үй тапсырмасы «Ашық микрофон» әдісі оқушыларға сұрақтар қойылады және жауап алынады

ҚБ мұғалімнің кері байланысы

1 Жануарлар тіршілік ететін ортасына қарай мынадай топтарға бөлінеді:

2 Орманға

3 Ашық кеңістікке

4 Суқоймаға

5 Бәсеке деген не?

Ресурстар



Кеспе қағаздар

Сабақтың ортасы/ Сабақтың негізгі бөлімі 3 мин

Ой қозғау әдісі

Ұжымжық жұмыс ҚБ

Ұ ж






4 мин


















3 мин


















10
























6 мин






Сабақтың соңы

6 мин


Оқушыларды ширату жаттығу:

- Туыстық қатынас қандай болады? (Анасы мен қызының, әкесі мен ұлының, тәтесі мен інісінің арасындағы және басқа да қатынастар).

- Жұп болып, бір-біріңе туысқандарыңды атаңдар.

Оларды санап көріңдер.

- Олардың барлығы бір қалада/ бір ауылда тұра ма?

- Қалай ойлайсыңдар, жануарлардың туысы бола ма

- Олар бір жерде өмір сүре ме әлде әр жерді мекен ете ме?


Суреттпен жұмыс

Дескриптор

Жұппен фотосуреттерді салыстырып, ұқсастығы мен айырмашылығын табады

(Ұқсастығы: сырттай белгілері ұқсас, басы, құлағы бірдей болып келеді. Айырмашылығы: кианг жылқысының терісінің түсі қоңырлау, жалы қалыңдау, сыртқы тұрқы мықты әрі ірі көрінеді).

Құлан жазық дала мен шөлде, ал кианг жылқылары теңіз деңгейінен жоғары Тибеттің таулы өлкесінде өмір сүреді.


«Кианг жылқылары не үшін мейлінше төзімді болуы тиіс? Неліктен оның терісі мен жалы қалың?»

. Оқушылар тауда ауа райы суық болған соң, оның жалы қалың болады деп айтуы мүмкін. Ол жердің тіршілік жағдайы қатал болғандықтан, кианг жылқылар жазық даладағы туыстастарына қарағанда төзімдірек болып келеді.


Ұж Сұрақтар ілмегі әдісі ҚБ мадақтаулар ауызша

Дескриптор сұрақтарға жауап береді

Жақын туыстар.

*Жануарларды атаңдаршы

*Олар туралы білеміз бе? Олар туыстас жануарлар ма? (Иә).

*Неліктен олай деп ойлайсыңдар? (Сыртқы ұқсастықтарына байланысты).

Бірінші суреттегі бұғылар не істеп тұр? (Бір-бірімен төбелесуде).

*Құстар не істеп тұр? (Бірі екіншісін ұядан қуып жатыр). Қалай қуып жатыр? (Соққылап, шоқып, дыбыстайды). *Жануарлар не үшін күресіп жатыр деп ойлайсыңдар?.

МТ

Құстардың дыбыс шығаруы басқаларына сол жердің бос емес екендігін көрсетеді

Көбінесе жануарлар тіршілік ортасы мен азық үшін күреседі. Мұндай таласты қарым-қатынас түрі бәсекелестік деп аталады.


Т ж Мәтінді оқиды топта өз ойларын айтады От шашу әдісі арқылы бағаланады


Көршілер. Ұж Сұрақтар ілмегі әдісі ҚБ мадақтаулар ауызша

«Суреттегі қай жануарлар жұбының арасында бәсекелестік болуы мүмкін?» (Тиін мен тоқылдақ арасында).

Олар не үшін бәсекелесуі мүмкін? (Қыс мезгілінде екеуі де жәндіктер жоқ кезде ағаш қуыстарын мекендейді, тоқылдақ дән мен жаңғақты қорек қылады.)

Бұл тек туыстас жануарлар ғана бәсекелесетінін білдіреді ме? (Иә, әртүрлі жануарлар да бәсекелеседі.)

Тиін мен бұлан арасында қандай да бір байланыс болуы мүмкін бе? (Тікелей қатысы жоқ, бірақ олар бір жерде мекендейді).


МТ Жануарлардың бір-біріне ықпал жасамайтын қарым-қатынасты қалай атаймыз? (Тәуелсіз, бейтарап). Жануарлар арасындағы мұндай байланыс түрін нейтрализм деп атаймыз»,

Бір түрге жататын жануарлар әртүрлі тіршілік ортасы жағдайларына бейімделе алады. Мысалы, аралар, ешкілер тауда да, далада да өмір сүреді, түлкі мен қасқырлар дала мен орманда да тіршілік ете алады. Тіршілік жағдайларының айырмашылығын жануарлардың сыртқы белгілерінен, көлемі мен өзіне тән ерекшеліктерінен байқауға болады.

Бірнеше мысалдар келтірейік. Асыл тұқымды және пампас бұғылар. Бірі орманда тіршілік етеді, екіншісі саваннаның құрғақ топырағын мекендейді.

Пампас бұғылар асыл тұқымды бұғыларға қарағанда әдемірек, тұрқы шағындау, ашық сары түсті, денесінің төменгі бөлігі ақшыл.

Сұр қасқыр, койот, қорқау қасқыр. Қасқыр орманда мекендейді. Қорқау қасқырлар қалың қамыс арасында немесе қаптап өскен бұталы жерлерде жүреді.

Шакал қасқырға қарағанда жеңіл, аяғы ұзындау, реңі ашық түсті. Қорқау қасқырдың құлақтары

тік, түгі қасқыр мен шакалға қарағанда ұзындау, құйрығы үлпілдек, қоңыр реңді болады.

Дала және орман бизоны. Дала бизондарының түсі ашықтау, қалың сақалды, бастары ірі болып келеді. Олардың көлемі шағындау әрі орман бизонынан жеңіл болады.

Бәсекелестік – ресурстар үшін тірі ағзалардың бір-біріне қарсылық көрсетуі. Оларды түраралық және түрішілік деп жіктеуге болады. Түрішілік бәсекелестік – бір түр арасындағы мекен, қорек және жанұясы үшін күрес. Түраралық бәсекелестік – өз алдына жеке бірнеше түр арасындағы, әдетте, азық үшін болатын күрес.

Бейтарап қарым-қатынас – жануарлардың бір-бірлеріне айтарлықтай ықпал жасамай тіршілік етуі.

Дәптермен жұмыс

26-жұмыс парағы. Жануарлар арасындағы өзара байланыс

Дескриптор

Бәсекелес пе, әлде бейтарап па? Табады

Суреттердің жұптарын қарым-қатынас типтерінің сәйкес атауымен біріктіреді

Жауаптары

Бәсекелес қатынастар: түлкі мен қасқыр, екі шакал, тиін мен тоқылдақ.

Бейтарап қатынастар: көбелек пен қоян, көртышқан мен шұбар шымшық, құндыз бен үйрек.


Ойлан. Топтық жұмыс От шашу арқылы бағалау

Адамдар қай кезде бір-бірімен бәсекелесуі мүмкін? (Жұмыста лауазым үшін, дүкенде ұнатқан тауары үшін). Ал қай кезде бейтарап қарым-қатынас жасайды? (Таныс емес адамдар автобуста келе жатқанда, көшеде жүргенде, әртүрлі мектепте оқыған жағдайда және т.б.





















Оқулық

Жұмыс

дәптерлер















оқулық










Кеспе қағаз










Жұмыс дәптерелері









Таратпа қағаздар






Кері байланыс 2 мин

ауызша

Сабақта нені үйрендік?

Сұрақтарға жауап береді?

Нені білдім нені түсіндім?

Нені толық түсінбедім ?

Қандай жұмысты жалғастыру қажет?

Сабақтын басында аталған мақсаттарға қол жеткіздім бе?



Үйге тапсырма 1 мин

Жануарлар арасындағы қарым- қатынас


Саралау - оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді

жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін

қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік

техникасының сақталуы.

«Бес сұрақ бес жауап» әдістері ұжымдық жұмыс. Ой қозғауойыны,

«Көршілер» әдісі және «Жақын туыстар » жұптық жұмыс

топтық жұмыс.

Осы әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы,

оқушыларды өзін ортада еркін ұстауға, өз ойын еркін жеткізе білуге, жауапкершілікті сезіне білуге үйретемін.



Сабақ барысында мадақтау сөздер айту арқылы бағалау. Оқушылардың жауаптарын, іс-әрекеттеріне бақылау жүргізіп, түртіп алу арқылы бағалау. Кері байланыс беру арқылы бағалау.



Қаламмен жұмыс жасағанда абай болу



Сабақ бойынша рефлексия

Сабақтың мақсаттары / оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Сабақтың уақыттың кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.11.2018
10543
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12