жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Жануарлар арасындағы қарым-қатынас
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: Жаратылыстану Күні: 23.10.2019 Тақырыбы: Жануарлар арасындағы қарым-қатынас. |
Мектеп: №4 «ЖООБ КММ» Мұғалімнің аты-жөні:Самархан А.Д Қатысқандар саны: Қатыспаған оқушылар: |
|||
Оқу мақсаты: |
3.2.2.5 - тіршілік ортасындағы жағдайдың өзгеруіне байланысты жануарлар санының өзгеруін түсіндіру 3.2.2.6 – адамның жануарлар санының азаюына әсер ететін іс-әрекет түрлерін анықтау. |
|||
Ойлау дағдыларының деңгейі |
Бәсекелестік, түрішілік бәсекелестік, түраралық бәсекелестік пен бейтарап қарым-қатынас ұғымдарын түсінеді. |
|||
Сабақтың мақсаты: |
Барлық оқушылар:Тіршілік жағдайларының айырмашылығын біледі;
Көптеген оқушылар: Бәсекелестік, түрішілік бәсекелестік, түраралық бәсекелестік пен бейтарап қарым-қатынас ұғымдарын түсінеді;
Кейбір оқушылар: Туыстас жануарлардың сыртқы ұқсастығын табады. |
|||
Тілдік мақсат |
Пәндік терминология мен тірек сөздер: Бәсеке |
|||
Тіршілік жағдайларының айырмашылығын айта алады.
|
||||
Пәнаралық байланыс |
Қазақ тілі, дүниетану |
|||
АКТ қолдану дағдылары |
Таныстырылыммен жұмыс |
|||
Алдыңғы меңгерілген білім |
Жануарлардың тіршілік ортасы. |
|||
Сабақ барысы |
||||
Жоспарланған уақыт |
Сабақта жоспарланғаніс-әрекет |
Ресурстар
|
||
Сабақтың басы 1 минут
5 минут
|
Психологиялық ахуал Бір, екі, үш, Сынып іші тып –тыныш. Жалқаулықты тастаймыз, Сабақты біз бастаймыз.
Сабағымызды бастамас бұрын, балалардың алдына қағаз қиындыларының артында сұрақ жасырылған суреттер таратылады. Сол сұраққа жауап бере отырып, суретті құрастырады. Бүгінгі тақырыбымыз ашылады. Сұрақтар: - Жануарлардың туысы бола ма, қалай ойлайсыңдар? - Олар бір жерде өмір сүре ме әлде әртүрлі жерді мекен ете ме? -Жануарлар не үшін шайқасады деп ойлайсың?
Дәптермен жұмыс:
|
Қағаз қиындылары.
|
||
Сабақтың ортасы 5 минут
7 минут
3 минут
7 минут
5 минут
2 минут
|
Мағлұмат беру: Кианг жылқысы: құландар түр тармағының ішіндегі ең ірісі, шоқтығының биіктігі 140 см, салмағы 400 кг-ға жетеді. Түгі қызылша қоңыр. Суда малтығанды жақсы көреді, теңіз деңгейінен 5,5 мың м биіктік жағдайында шыдайды. Қазір оны тек бірнеше әлем: Мәскеу, Рига, Пекин, Берлин мен АҚШ хауанттар саябағынан көруге болады.
Құлан: жіңішке аяқты сымбатты жануар. Дене ұзындығы 175-200 см. Құлақтары жылқыға қарағанда едәуір ұзын. Жалы қысқа, көрініп тұрады. Құйрығы жіңішке. Түгі сарғыщ сұрға боялған, арқасынан қара бурыл жолақ өтеді. Халықаралық қызыл кітапқа енгізілген.
Салыстыр, жауап бер. Оқушылар кианг жылқысы мен құланның ұқсастығы мен айырмашылығын анықтау керек. (Ұқсастығы: сыртқы белгілері ұқсас, басы, құлағы бірдей болып келеді. Айырмашылығы: кианг жылқысының терісінің түсі қоңырлау, жалы қалыңдау, сыртқы тұрқы мықты әрі ірі көрінеді). Қ/Б (жақсы,жарайсың,өте жақсы)
Жақын «туыстар». Суреттерге назар аудартып, ондағы жануарларды атау. Сұрақтар: - Суреттегі жануарларды «туыстас» жануарлар деуге бола ма? (Иә.) - Неліктен олай деп ойлайсыңдар? (Сыртқы ұқсастықтарына байланысты.) - Бірінші суреттегі бұғылар не істеп жатыр? (Бір-бірімен сүзісіп жатыр.) - Құстар не істеп жатыр? (Бірі екіншісін қуып жатыр.) - Қалай қуып жатыр? (Айбат шегіп, шоқып, дыбыстап.) - Жануарлар не үшін таласып жатыр деп ойлайсыңдар? Барлық болжам жауаптарды тыңдап , құстардың дыбыс шығаруы басқаларына сол жердің бос емес екенін білдіретінін, көбінесе жануарлар тіршілік ортасы мен азық үшін күресетінін, мұндай қарым-қатынас түрі бәсекелестік деп аталатынын айтып өту.
Мәлімет беру: Бейтарап қарым-қатынас жасайтын жануарлар бір-біріне тиіспейді, әртүрлі азықпен қоректеніп, әртүрлі жерлерді мекендейді. Әртүрлі ортада тіршілік ететін «туыстас» жануарлар бір-біріне сырттай қатты ұқсағанымен, өзара айырмашылығы болады. Мысалы, тау шалғынын мекендейтін түкті араның түсі дала арасына қарағанда қоңырқай келеді. Қарсақтың денесі орман түлкісіне қарағанда кішілеу. Орман түлкісінің құлағы үлкен, ағашқа оңай өрмелеу үшін тырнағы өткір болады. Жануарлар бір-бірімен қорек және тіршілік ортасы үшін жиі бәсекелеседі. Мысалы, бір аймақта бұғы көп болса, онда сол жердегі қорек тез таусылады. Енді оларға жаңа мекен іздеуге тура келеді. Бұл ұрпақ өсіруге қиындық туғызады. Сондықтан бұғылар мекен үшін таласып, жиі шайқасады. Көктемде құстардың шырылдаған дыбысы қатты естіліп жатады. Олар өз дыбысымен бұл аймақ бос емес дегенді білдіреді. Бірдей қоректенетін жануарлар «туыс» болмаса да бәсекелеседі. Мысалы, тиін мен тоқылдақ ағаш қуысын мекендейді, олар дән мен жаңғақты қорек етеді. Бұғылар мен бұландар қорегі шөп болғандықтан бәсекелеседі
Зертте: Оқулықтағы суреттерді қарап шығып. Алдын ала әр жерде тіршілік ететін туыстас (бір түрге жататын) жануарлардың суреттерін дайындап қою. Зерттеу жүргізуге арналған нұсқаулық • Суреттерді үстел үстіне қойып, оларды мұқият қарап шығу. • Бір-біріне ұқсас жануарларды екіден, үштен топтастырып, туыстас жануарларды табу. Сол туыс жануарлардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарың айту. •. Топ ішінде постер қорғау. • Топ ішінде нәтижелерін талқылау. •. Кейбір оқушыларға жануарлардың қайсысы қай жерде мекен ететініне (орманда, тауда, ашық кеңістікте) болжам жасатуға болады. • Өз пікірлеріне нақты дәлелдер келтіру. •.Бір-бірінің жауаптарын тыңдап, талқылау
Партада қыстырғыш пен дән тұрады, бір бала тақтаға шығып сол тәжірбиені іске аырады. Тәжірбиені іске асыру барысында бала қысқышты алып дәнді қысады. Сол тәжірбиенің арқасыда құстардың қалай тамақтанатының білуге болады.
Сәйкестендіру : Сәкестендіруге үш құсты аламыз. Олар: тоқылдақ, торғай, қарғаның тұмсықтарың аламыз.
Балалар бүгін бізге қонаққа тиын мен қоян келіпті. Олар сендерге бос келмей өздерінің тапсырмалары мен сергіту сәтін ала келіпті. Балалар біз тиын мен қоянның көңілін қалдырмай тапсырмаларына жауап берейік.
Тапсырмалар
Қ/Б Балаларды жұлдызша арқылы бағалау.
Ойлан! Оқушылармен жануарлар арасында бейтарап қарым-қатынас орнаса, жер бетінде не болар екенін талқылау.
Сергіту сәті. Аю тиын мен қояннан би қозғалысын қайталау.
|
Оқулықпен жұмыс Үлестірме қағаз
А1 пішімді қағаз Туыстас жануарлардың суреттері
Оқулықпен жұмыс
Оқулықпен жұмыс
«Аю биі»
|
||
Досыма хат әдісі арқылы қорытындылау.
|
|
|||
Сабақтың соңы 5 минут
|
||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген