15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Жануарлар. «Жануарлар тірі ағзалар» 1сынып
|
Пән:жаратылыстану. |
Сынып:1. |
||||
|
Күні: Бөлімше тақырыбы/дағдылар: |
Мұғалім: Бакиева анаргуль Раимджановна 2.2.Жануарлар. «Жануарлар тірі ағзалар» |
||||
|
Оқу мақсаттары (ОМ) ұзақ мерзімді жоспардан |
1.2.2.1.жануарлар мен өсімдіктерді салыстыру,олардың ұқсастықтары мен айырмашылығын анықтау. 1.1.1.1.қоршаған әлем құбылыстары,үдерістері мен нысандарын зерттеудің қажеттілігін түсіндіру. |
||||
|
Cабақ мақсаттары (1. Блум таксономиясын қолдану; 2. сандық мәліметтерді қолдану; 3. оқушыларға қолдау көрсетудің әртүрлі тәсілдері) |
Барлығы: : қоршаған ортадағы құбылыстарды, үдерістерді және нысандарды оқып-үйренудің маңызын түсіну; жануарлар және өсімдіктерді салыстыру, олардың ұқсастығы мен айырмашылықтарын анықтау. Көпшілігі : қоршаған орта заттары, құбылыстары мен үдерістерін зерттеудің қажеттілігін түсіну. Кейбіреуі:жануардың тіршілігіне қажетті заттарды анықтау,жайлау және маусымдық дайындық жұмыстары туралы оқу.Жануарлардың пайдасы, шығармашылықпен жұмыс жасау. |
||||
|
Бағалау критерийі |
|
||||
|
Тілдік мақсаттар
|
Жануарлар,қоректену,қозғалу,көбею. Олар өседі,өнеді,тыныс алады,көбейеді,ұрпақ қалдырады,тірі ағза. -Қандай жануарларды білесіңдер? -Оларды қайдан көрдіңдер? -Жануарлардың тіршілігі үшін не қажет? |
||||
|
Құндылықтар
|
Мәңгілік ел.Оқушылардың бойына табиғатқа деген жанашырлық,қамқорлық қасиеттерін дарыту. |
||||
|
Пәнаралық байланыс |
Дүниетану,бейнелеу. |
||||
|
Ресурстар
|
Оқулық,дәптерлері,суреттер,маркерлер,А4 қағазы,пазлдар. |
||||
|
Сабақтың жоспарлау кезеңдері |
Оқыту әдістері. |
Бағалау әдістері |
Саралау тәсілдері |
||
|
Сабақтың басы
|
1.Ұйымдастыру кезеңі.Психологиялық дайындық. Бір,екі,үш . Сынып іші тып-тыныш. Жалқаулықты тастаймыз, Сабақты біз бастаймыз. Алдыңғы білімін өзектендіру:. «Ыстық орындық» 1)Қандай өсімдіктерді білесіңдер? 2)Өсімдіктерге қалай күтім қажет? 3)Оларға не қажет? 4)Өсімдіктер қандай табиғатқа жатады? 5)Тірі табиғатқа тағы нені жатқызуға болады? |
Ауызша мадақтау. |
Қорытынды. |
||
|
Сабақтың ортасы |
Ширату жаттығуы. -Тірі табиғатқа тағы не жататынын білу үшін мына пазлдарды жинап көрейікші.Оқушыларға пазл таратамын.Балалар осы пазлды құрастыру арқылы топқа бөлінеді. 1 топ-мысық, 2 топ- сиыр , 3 топ-аю. -Әр топтың басшысы өздері құрастырған пазлдағы жануарларға қысқаша тоқталып өтеді. 1.Жаңа сабақ. Жаңа сабаққа кіріспе Суреттерді топқа бөл. Қандай топтар шықты? Бұл жердегі суреттер екіге бөлінеді: «Өсімдіктер» және «Жануарлар» Дескриптор:1жануарлар мен өсімдіктерді ажыратады. 2Орындаған тапсырмаларды түсіндіреді. -Өте жақсы,яғни оқушылар сендер өсімдіктер мен жануарларды ажырата алады екенсіңдер,ия. «Тоғысқан пікірталас» әдісі. 1 топтың тапсырмасы:жыл мезгілдерінің ауысуы жануарлар тіршілігіне қалай әсер етеді? 2 топтың тапсырмасы:жануарлардың қандай пайдасы бар? 3топтың тапсырмасы:сен жануарларға қалай қамқорлық жасар едің? Дескриптор: : 1.Олар жануардың тіршілігіне қажетті заттардыанықтайды, 2.Жайлау және маусымдық дайындық қоршаған әлем құбылыстары ,үдерістері мен нысандарын зерттеудің қажеттілігін түсіндіреді. Жұппенжұмыс:«Салыстыр.» Суретке қарап,өсімдіктер мен жануарлардың үш Ұқсастығын анықта.Оқушылар суреттерді сипаттайды.
-Мысық не істеп жатыр? -Мысық пен гүлдің айырмашылығы неде? .Әр оқушы өз ойларын айтып болған соң,кітаптағы жазылған мәтін арқылы олардың ойларын қорытындалаймыз. Яғни жануарлар өсімдіктер сияқты өседі,қоректенеді,тыныс алады және көбейеді.Ал енді айырмашылығына тоқталатын болсақ,жануарлар қозғалады,әртүрлі қимылдар жасайды,жүреді,қарғиды,секіреді,өрмелейді,ұшады,қалықтайды,қонады,жүзеді, сүңгиді. Дескриптор:мысық пен гүлдің айырмашылығы мен ұқсастығын талқылайды,зерттейді. Есіңе сақта:жануарлар-бұл тірі ағзалар.Олар тыныс алады және көбейеді. Бекіту.Зерттейік. «Ауладан қандай тіршілік иелерін көруге болады?» Әр топтың алдына «Аула», «Аквариум», «Хайуанаттар бағы» деген жазуы бар А3 қағадарын таратымын және партаның үстіне жануарлардың суреттері бар қағаздарды тастаймын.Әр топ қай жануарды қай жерде кездестіруге болатынын тауып,сол қағазға жапсырады. Дескриптор:қоршаған орта заттары ,құбылыстары мен үдерістерін зерттейді. Қ.Б.Бөлімше 2.2 «Жануарлар» Оқу мақсаты 1.2.2.1. Жануарлар мен өсімдіктерді салыстыру, олардың ұқсастықтары мен айырмашылығын анықтау. Ойлау дағдыларының деңгейі Білу және түсіну Бағалау критерийі: Білім алушы Жануарлар мен өсімдіктердің ұқсастығын анықтайды. Жануарлар мен өсімдіктердің айырмашылығын анықтайды. Кесте бойынша өсімдіктер мен жануарлардың көбею жолын салыстыра әңгімелеңіз. Өсімдіктер мен жануарлардың қоректенуін салыстырып айтыңыз. Дескриптор: Білім алушы - өсімдіктер мен жануарлардың көбеюіндегі айырмашылықты сипаттайды; - өсімдіктер мен жануарлардың қоректенуіндегі ұқсастықты айтады; - өсімдіктер мен жануарлардың қоректенуіндегі айырмашылықты айтады. |
Смайликпен бағалау. Отшашу. Саусақпен бағалау. Отшашу. . Смайликпен бағалау. Жазбаша кері байланыс. Жазбаша кері байланыс. |
Диалог және қолдау. Диалог және қолдаукөрсету. Қарқын. Диалог және қолдау көрсету. Жіктеу. Қорытынды Қорытынды. Қорытынды. |
||
|
Сабақтың соңы |
Тақтаға ақ парақтың бетіне салынған мысықтың суретін іліп,оқушыларға стикерден қиылған тышқандар таратамын.Оқушылар бәрін түсінсе тышқанды мысықтың басына,түсіндім бірақ сұрағым бар десе ортасына .түсінбедім десе тышқанды мысықтың аяғына жапсырады |
Рефлексия. |
Бағалау. |
||
|
Өткізген сабақ бойынша мұғалімнің рефлексиясы |
|||||
|
1) ОМ жеткен және жетпеген оқушылар саны 2) Егер жетпесе, себебі не? 3) Жоспардан қандай ауытқулар болды, неге? |
|
||||
|
Жалпы баға ОМ жету үшін қандай әдіс – тәсілдер тиімді болды? Сабақтың жақсы өтуіне не әсер етуі мүмкін еді? Келесі сабақта неге көңіл қою керек (сыныптың, оқушылардың жетістіктері мен кемшіліктері)? |
|||||



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген