400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

жануарлар қайда мекендейді

Материал туралы қысқаша түсінік
даярлық сыныпқа арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Жануарлар қайда мекендейді

Мектеп

Күні

Педагогтің аты жөні

Сынып

Қатысқандар саны

Қатыспағандар саны

ҰОҚ нің оқытылу мақсаты

0.1.3.2. Үй жануарлары мен жабайы жануарларды атап, сипаттау.

Күтілетін нәтиже

Барлық балалар:

• үй және жабайы жануарларды;

• жайлауда жайылатын жануарларды;

• жануардың сыртқы түрін суреттейді.

Көпшілік балалар:

• Қазақстанда өсірілетін үй жануарларын;

• Қазақстан аумағында мекендейтін жабайы жануарларды;

• Жабайы және үй жануарларының ұқсастықтары мен айырмашылықтарын айтады.


Кейбір балалар:

• «Жабайы өсетін өсімдіктер», «бөлме өсімдіктері» ұғымдарына анықтама береді;

• Үй жануарларының мекендейтін ортасын;

• Жабайы жануарлардың мекендейтін ортасын айтады.


Тілдік мақсат

Дағдыларды дамыту.

«Үй және жабайы жануарлар» ұғымдарын түсіндіру; жабайы жануарлардың үй жануарлары-

нан қандай айырмашылығы барын талқылау; жабайы және үй жануарлары қоғамдастығының

өкілдері туралы қысқа әңгімелер құрастыру. Болжамдар ұсыну.

Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:

Үй жануарлары, жабайы жануарлар, зоология, мекендейтін жері, қора, орман, тағам, жем.

Көптілділік:

мекен – обиталище – habitation

Талқылау үшін сұрақтар:

Үй жануарлары туралы не білесіңдер?

Не себепті үй жануарлары деп аталады?

Жабайы жануарлар туралы не білесіңдер?

Үй жануарларының жабайы жануарлардан айырмашылығы неде?

Өткен ҰОҚ дан алынған білім

Жабайы және үй жануарлары туралы, олардың айрықша ерекшеліктері туралы түсініктер; жану-

арлар денесінің құрылысын білу; жануарлардың мекендейтін жерлері, адамның үй жануарларын

күтуі туралы қарапайым түсініктер.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс әрекет

Ресурстар

Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату

0-2 минут

Шаттық шеңбері

(Ұ) Сабағымыз басталып

Көңіл күйді сыйласын.

Өлең оқып, ән салып,

Мейірімділік жайласын.

Айтқанның бәрін түсініп,

Күнде бестік алайық!

Үйімізге кешкісін

Қуанышпен барайық!

Музыка ойнап тұрады








Үй жануарлары

мен жабайы жану-

арлар бейнеленген

суреттері.



Өмірлік тәжрибиені маңыздандыру.Мақсатты болам

3-5 минут

(Ұ) Педагог үй жануарлары мен жабайы жануарлар бейнеленген суреттерді ұсынады. Балалар суреттер бойынша жабайы жануарлар мен үй жануарларын ажыратады, пайдасы мен зияны туралы әңгімелейді.

Сонан соң балалар ҰОҚ тақырыбын анықтайды: «Жабайы және үй жануарлары, мекендейтін жерлері».

Педагог балалардың жабайы және үй жануарлары туралы білетіндігін анықтайды. Нені білу керек? (Мақсатты болжам). Жабайы және үй жануарлары несімен ұқсас және несімен ерекшеленеді?

Болжам ұсына білулерімен жұмыс.


Болжамдаймыз…

Солай дейік…


Егер …


Мүмкін …


Болуы мүмкін





ҰОҚ ның ортасы.Тақырып бойынша жұмыс

6-28 минут

(Ұ) Педагог жабайы және үй жануарларына анықтама береді. Жабайы

және үй жануарларына мысал келтіруді сұрайды. Жайлаудың көк майса

шөбінде мал жайылып жүр – қойлар, сиырлар, жылқылар.

(Ж) Көршісімен «Артығын тап!» ойынын ойнауды ұсынады. Бұл ойын


үй жануарлары мен жабайы жануарларды ажыратуға үйретеді.

(Ұ) Өзекті мәселе (болжамдармен жұмыс):

Қалай ойлайсыңдар, жануарлардың қайсысына өмір сүру қиынырақ: жа-

байыларына ма, жоқ, үй жануарларына ма? Неге олай ойлайсыңдар?

• Қандай жануарлар қауіптірек? Неге?

(Ұ, Т) Педагог жабайы және үй жануарларының арасында қандай

айырмашылық барлығын анықтау мақсатында бақылау жүргізуді

ұсынады. Болжамдар.


Бақылау.


Педагог суретті материалды пайдалана отырып, балаларға жабайы және үй жануарлары арасындағы айырмашылықты анықтауға көмектеседі. Педагог қорытынды жасауды ұсынады. Үй жануарлары адамның қасында тұрады, ал жабайылар – орманда. Адам үй жануарлары үшін қорасын, күркесін т.б. үйшігін салып дайындаса, ал жабайылар індерін өздері қазады, қуыс жасап, апанын төсейді. Адам үй жануарларына жем-шөбін беріп асыраса, жабайылар – тамақты өздері тауып жейді. Адам үй жануарларының ұрпағы туралы ойлап, қамқорлық білдірсе, жабайы жануарлар өз төлдерін өздері асырап өсіреді

(Ұ) «Күлкі» этюді


Педагог балалардан күнде отырған мысықтай, кербезденген қу түлкі сияқты жымиып немесе «сендерге кішкентай сүйкімді күшік сыйлады» дейік, сол кездегідей қуанып күлгендерін сұрайды.

(Ұ) Өзекті мәселе.


Түйе мен пілді қандай топқа жатқызуға болады?


Түйе – үй жануарларына жатады, ал піл – жабайы жануар.

(Ө) Әліппе-дәптермен жұмыс


Педагог жануарлардың әрқайсыларының үйі қайда екенін табуға көмектесулерін сұрайды. Сызып көрсету.


Үй жануарларының қоректері туралы әңгімелеу. Жануарларды қоректерімен сәйкестендіру: түйе – жантақ, жылқы – шөп, қоян – орамжапырақ т.б.


Жануарлардың суреттері






Ойындар







Жабайы және үй жануарларының суреттері, флипчарт


















Әліппе дәптер




ҰОҚ қортындысы Рефлексия

28-30 минут

(Ө) Рефлексия кезеңінде бала өзінің не білгендігін, не үйренгендігін,

ҰОҚ-ның басында қойылған мақсатқа қол жеткізілді ме, жоқ па, талдап

жіктеуі тиіс.

Педагог балаларды бойөлшегішті кез келген түсті қарындашпен бояп

шығуға ұсыныс жасайды:

(бір) деңгей – ештеңе түсінбедім.

және 2 (екі) деңгейлер – түсіндім, бірақ түсіндіріп бере алмаймын.

1, 2 және 3 (үш) деңгейлер – бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын.


Әліппе дәптер , түрлі түсті қарындаштар







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 қаңтар
853
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі