15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Жануарлар қайда мекендейді
Пән: Жаратылыстану Сынып: 3 Жанды табиғат. Жануарлар |
Мектеп: Қарақойын ЖОББМ Мұғалімі: Жакупова Арайлым Зейнуллаевна Қатысқандар саны:9 Қатыспаған оқушылар:0 |
|
|||||||||||||||||||||||||||||
Күні:
|
|
|
|||||||||||||||||||||||||||||
Тақырыбы: |
Жануарлар қайда мекендейді |
|
|||||||||||||||||||||||||||||
Оқу мақсаты: |
3.2.2.3 табиғаттағы жануарлардың өзара қарым-қатынас түрлерін сипаттау; 3.1.2.2 ақпарат көздерінің артықшылығы мен кемшілігін анықтау;
|
|
|||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты: |
Барлық балалар: • үй және жабайы жануарларды; • жайлауда жайылатын жануарларды; • жануардың сыртқы түрін суреттейді. Көпшілік балалар: • Қазақстанда өсірілетін үй жануарларын; • Қазақстан аумағында мекендейтін жабайы жануарларды; • Жабайы және үй жануарларының ұқсастықтары мен айырмашылықтарын айтады. Кейбір балалар: • «Жабайы өсетін өсімдіктер», «бөлме өсімдіктері» ұғымдарына анықтама береді; • Үй жануарларының мекендейтін ортасын; • Жабайы жануарлардың мекендейтін ортасын айтады. |
|
|||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийі |
Жануарлардың ұқсастығы мен айырмашылығын айтады. Бәсеке сөзінің мағынасын түсінеді. |
|
|||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсат |
Дағдыны дамыту: «Үй және жабайы жануарлар» ұғымдарын түсіндіру; жабайы жануарлардың үй жануарларынан қандай айырмашылығы барын талқылау; жабайы және үй жануарлары қоғамдастығының өкілдері туралы қысқа әңгімелер құрастыру. Болжамдар ұсыну. Негізгі терминдер мен сөз тіркестері. Үй жануарлары, жабайы жануарлар, зоология, мекендейтін жері, қора, орман, тағам, жем. Көптілділік: мекен – обиталище – habitation Сабақта диалог/хатта қолданылатын тіл: талқылау үшін сұрақтар: Үй жануарлары туралы не білесіңдер? Не себепті үй жануарлары деп аталады? Жабайы жануарлар туралы не білесіңдер? Үй жануарларының жабайы жануарлардан айырмашылығы неде |
|
|||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтар |
Қоршаған ортамен дұрыс қарым-қатынас жасау |
|
|||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс |
Әдебиеттік оқу, дүниетану |
|
|||||||||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары |
презентация |
|
|||||||||||||||||||||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім |
Жануарлардың тіршілік ортасын анықтайды |
|
|||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы |
|
||||||||||||||||||||||||||||||
Жоспарланған уақыт |
Сабақта жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар
|
|||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 0-3 |
Ұйымдастыру. Доппен ойын. Өткен сабақта алған білімдерін қайталау үшін доппен ойын ұйымдастыру. «Жануарлар қайда мекендейді?». Бір оқушыға кез-келген жануардың атын атап, допты лақтыру. Допты қағып алған оқушы жануардың қайда мекендейтінін айту керек. Ойынды бірнеше рет қайталау.
|
доп |
|||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 3-8
8-12
12-22
22-30
30-32
32-35 35-38
|
- Бір-біріне ұқсайтын қандай жануарларды білесіңдер? Бұл сұраққа оқушылар «қасқыр-ит», «мысық-жолбарыс», «қабылан-барыс», «кесіртке-саламандра», «есек-құлан» т.с.с жауаптар беруі мүмкін.Оқушылардың жауаптары тыңдалған соң оқулықтағы құлан мен кианг суреттері бойынша сұрақтар қою.
Бұл тапсырманы орындауда Венн диаграммасы стратегиясын қолдану. Суреттегі екі жануарды жұпта салыстыру. 1 Көршісімен «Артығын тап!» ойынын ойнауды ұсынады. Бұл ойын үй жануарлары мен жабайы жануарларды ажыратуға үйретеді.
(Ұ) Өзекті мәселе (болжамдармен жұмыс): - Қалай ойлайсыңдар, жануарлардың қайсысына өмір сүру қиынырақ? -жабайыларына ма, жоқ, үй жануарларына ма? - Неге олай ойлайсыңдар? -Қандай жануарлар қауіптірек? Неге? (Ұ, Т) - жабайы және үй жануарларының арасында қандай айырмашылық барлығын анықтау мақсатында бақылау жүргізуді ұсынады. Болжамдар. Бақылау. - суретті материалды пайдалана отырып, балаларға жабайы және үй жануарлары арасындағы айырмашылықты анықтауға көмектеседі. Педагог қорытынды жасауды ұсынады. Үй жануарлары адамның қасында тұрады, ал жабайылар – орманда. Адам үй жануарлары үшін қорасын, күркесін т.б. үйшігін салып дайындаса, ал жабайылар індерін өздері қазады, қуыс жасап, апанын төсейді. Адам үй жануарларына жем- шөбін беріп асыраса, жабайылар – тамақты өздері тауып жейді. Адам үй жануарларының ұрпағы туралы ойлап, қамқорлық білдірсе, жабайы жануарлар өз төлдерін өздері асырап өсіреді. Сергіту сәті: Төлдер әні (Ө) Әліппе-дәптермен жұмыс - жануарлардың әрқайсыларының үйі қайда екенін табуға көмектесулерін сұрайды. Сызып көрсету. Үй жануарларының қоректері туралы әңгімелеу. Жануарларды қоректерімен сәйкестендіру: түйе – жантақ, жылқы – шөп, қоян – орамжапырақ т.б.
Жақын «туыстар» Суреттердегі жануарларды атау.Сұрақтар қою.
Бәсекесөзінің мағынасын ашу.
Әртүрлі жағдайда тіршілік ететін өзара «туыс» жануарлардың ұқсастығы мен айырмашылығын табу. Суретте берілген жануарлардыңбарлық дене мүшелеріне мән бере отырып, салыстыру. Қосымша ақпараттар алу үшін энциклопедия, жануарлар туралы кітап, журналдар, ғаламтор көздерін пайдалану. Кестенің екі жағына жануарлардың айырмашылығы, ортасына ұқсастықтары жазылады.
Оқушылар өз болжамдарын айтады. Кесте толтыру. Жануарлардың аттарын жазу. Бәсекелестік бар немесе жоқ деп белгілеу, себебін жазу.
|
Венн диаграммасы
энциклопедия, жануарлар туралы кітап, журналдар, ғаламтор көздері
Кесте
|
|||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 38-40
|
Рефлексия
|
|
|||||||||||||||||||||||||||||
Қосымша ақпарат |
|||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндетқоюдыжоспарлапотырсыз? |
Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? |
Денсаулық
пен қауіпсіздік техникасының сақталуы
|
|||||||||||||||||||||||||||||
Қорек немесе тіршілік мекені үшін бәсекеге түсетін жануарлар суретін салу
|
Топтық зерттеу жұмысын бағалау
|
Топта жұмыс жасау ережелерін сақтау |
|||||||||||||||||||||||||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген