жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Жануарлар қайда мекендейді
Пән: Жаратылыстану Сынып: Мұғалім: Ізтай Г.Қ.
|
Мектеп: №122 жббм Қатысқандар саны:13 Қатыспаған оқушылар: |
|||
Күні:
|
20.11.2019ж |
|||
Тақырыбы: |
Жануарлар қайда мекендейді |
|||
Оқу мақсаты: |
0.1.3.2. Үй жануарлары мен жабайы жануарларды атап, сипаттау. |
|||
Сабақтың мақсаты: |
Барлық балалар: • үй және жабайы жануарларды; • жайлауда жайылатын жануарларды; • жануардың сыртқы түрін суреттейді. Көпшілік балалар: • Қазақстанда өсірілетін үй жануарларын; • Қазақстан аумағында мекендейтін жабайы жануарларды; • Жабайы және үй жануарларының ұқсастықтары мен айырмашылықтарын айтады. Кейбір балалар: • Үй жануарларының мекендейтін ортасын; • Жабайы жануарлардың мекендейтін ортасын айтады. |
|||
Бағалау критерийі |
Жануарлардың ұқсастығы мен айырмашылығын айтады. Бәсеке сөзінің мағынасын түсінеді. |
|||
Тілдік мақсат |
Дағдыны дамыту: «Үй және жабайы жануарлар» ұғымдарын түсіндіру; жабайы жануарлардың үй жануарларынан қандай айырмашылығы барын талқылау; жабайы және үй жануарлары қоғамдастығының өкілдері туралы қысқа әңгімелер құрастыру. Болжамдар ұсыну. Негізгі терминдер мен сөз тіркестері. Үй жануарлары, жабайы жануарлар, зоология, мекендейтін жері, қора, орман, тағам, жем. Көптілділік: мекен – обиталище – habitation Сабақта диалог/хатта қолданылатын тіл: талқылау үшін сұрақтар: Үй жануарлары туралы не білесіңдер? Не себепті үй жануарлары деп аталады? Жабайы жануарлар туралы не білесіңдер? Үй жануарларының жабайы жануарлардан айырмашылығы неде? |
|||
Құндылықтар |
Қоршаған ортамен дұрыс қарым-қатынас жасау |
|||
Пәнаралық байланыс |
Әдебиеттік оқу, дүниетану |
|||
АКТ қолдану Дағдылары |
Презентация |
|||
Алдыңғы меңгерілген білім |
Жануарлардың тіршілік ортасын анықтайды |
|||
Сабақ барысы |
||||
Жоспарланған уақыт |
Сабақта жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар
|
||
Сабақтың басы 0-3 |
Ұйымдастыру. Шаттық шеңбері: Дос болайық бәріміз Жарасып тұр әніміз Тыныштықты сақтаймыз, Атсын күліп танымыз! Топқа бөлу:
1 |
Шеңберге туру
Корточкалар арқылы топқа бөліну |
||
|
Өткенді пысықтау:
Жаңа сабақ:
Ресбусты шешу:
Жануарлар (лат. Animalia) — тірі организмдер дүниесіндегі негізгі екі топтың бірі (екіншісі – өсімдіктер); жүруге және сезінуге бейім тіршілік иесі; негізінен, дайын органикалық қосылыстармен қоректенетін гетеротрофты организмдер. Жануарлар құрылысына қарай бір жасушалы организмдер және көп жасушалылар болып екі топқа бөлінеді. Жануарлардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы өте зор: көпшілігі пайдалы болып табылады. Азық-түлік, әртүрлі өнеркәсіп шикізатын: ет, май, сүт, тері, жүн, бал, жібек, мүйіз, бақалшақ, т.б. береді. Сондай-ақ, олар – ауыл шаруашылық дақылдарының тозаңдатушылары, топырақ түзушілері, басқа жануарларға азық қорлары, органикалық заттардың ыдыратушылары болып табылады. Жануарлардың өнімділігін арттыруды, тиімді пайдалануды және табиғаттағы қорын сақтауды зоология ғылымы мен оның салалары зерттейді.
Сергіту сәті: «Бала бала балапан»
Әліппе-дәптермен жұмыс - жануарлардың әрқайсыларының үйі қайда екенін табуға көмектесулерін сұрайды. Сызып көрсету. Үй жануарларының қоректері туралы әңгімелеу. Жануарларды қоректерімен сәйкестендіру: түйе – жантақ, жылқы – шөп, қоян – орамжапырақ т.б.
Топпен «Артығын тап!» ойынын ойнауды ұсынады. Бұл ойын үй жануарлары мен жабайы жануарларды ажыратуға үйретеді.
«Күлкі» этюді
Педагог балалардан күнде отырған мысықтай, кербезденген қу түлкі сияқты жымиып немесе «сендерге кішкентай сүйкімді күшік сыйлады» дейік, сол кездегідей қуанып күлгендерін сұрайды.
Қосымша тапсырма.Жұмыс дәптері 27-бетті аяқтап келу.
Бағалау: жұлдызша арқылы
|
Сұрақтарға жауап береді.
Топтық жұмыс
жануарлар туралы кітап, журналдар, ғаламтор көздері
|
||
Сабақтың соңы
|
Рефлексия
|
|
||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген