400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жануарлар қайда мекендейді?

Материал туралы қысқаша түсінік
жас маман
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:




Мектеп: М.Шаханов атындағы жалпы білім беретін орта мектеп.




Күні:


Мұғалімнің аты-жөні: Бегім Гүлназ


Сынып: 2 «Б»


Қатысқандар:


Қатыспағандар:


Сабақтың тақырыбы


Жануарлардың бейімделуі.

Жануарлардың тіршілік үшін күресі.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.1.2.3 - бақылау нәтижелерін шартты белгілердің көмегімен белгілей білу;

2.2.2.2 - жануарлардың тіршілік ортасына бейімделу жолдарын сипаттау;

Сабақ мақсаттары



Барлық оқушылар орындай алады: Жануарлар  туралы  алған  білімдерін топтарға бөліп, үй жануарлары мен жабайы аң, құстардың тіршілігіндегі өзгерістерді ерекшеліктерді танып біледі

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: тіршілік ортасына бейімделуі туралы түсіндіре біледі.

Кейбір оқушылар орындай алады: Оқулықтан тыс мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау критерийі

Жануарлардың тіршілік ету ортасына бейімделу әдістерін сипаттайды.

Тілдік мақсаттар

«Бүркеніш рең», «қорғану», «рең» тірек сөздерді үйренеді. Осы сөздерді қолданады.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:


Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:


Талқылауға арналған сұрақтар:


Тірексөздер:


Ишара:


Құндылықтарға баулу

Табиғатты аялауға, жануарларды қорғауға, қамқорлыққа, достыққа тәрбиелеу

Пәнаралық байланыс

қазақ тілі.

Алдыңғы оқу

Жануарлардың негізгі сипаттамаларын біледі, үй жануарлары мен жабайы жануарларды ажырата алады. Өсімдіктер мен жануарлардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын біледі.

Жоспар

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың

басы



І.Ұйымдастыру кезеңі

-Оқушыны сабаққа даярлау,психологиялық дайындық

ІІ. «Әрқашан күн сөнбесін» әдісі арқылы өткен сабақты пысықтау.

-Қандай жануарлар жұмыртқадан шығады?

-Жануарлар қалай көбейеді?

-Жануарларыдың азаюына не себеп?

-Суда тіршілік ететін жануарлар қалай көбейеді?

- Құстардан басқа қандай жануарлар жұмыртқа арқылы көбейеді?

- Жануарлардың азаюына не себеп?

ҚБ. Ауызша бағалау

Топқа бөлу: Жануарлар мен құстардың суреті арқылы топқа бөлемін .

  1. Жануарлар тобы

  2. Құстар тобы





Сұрақтарға жауап береді.






Ауызша бағалаймын.


Топқа бөлінеді

Сабақтың ортасы









III. Жаңа сабақ. Сабақтың тақырыбын ашу мақсатында «Домала доп» әдісі арқылы сұрақ қоямын.

- Өлмей өмір сүру үшін жануарлар мен құстар қалай күреседі?

- Балалар өз түсініктері бойынша жауап береді.

- Жарайсыңдар.

-Ендеше барлығымыз мұқият тыңдаймыз.

Жолбарыс жемтігін ұзақ уақыт торуылдай алады. Қоян өте сақ әрі жүйрік, осы ерекшелігі оны көп жағдайда жауынан құтқарады. Сүтқоректілердің көпшілігінің баласы енесіне еліктеп, қорғануға бейімделеді.

Жыл мезгілдері алмасқан кезде қоршаған ортаның да түсі өзгереді. Соған сәйкес көптеген жануарлар жауынан қорғану үшін сыртқы реңін өзгертеді.Мысалы: қыста қоян мен ақкістің жүнінің түсі оларды қар үстінде байқатпайды.

Жануарлардың сыртқы реңін өзгертуі өлмей өмір сүру үшін, жауынан жасыруына мүмкіндік береді. Бұл оларды түрлі қауіп – қатерден сақтайды.

Ақкіс  –  жыртқыш сүтқоректі аң.Қазақстанның солтүстіктегі орманды-далалы аймақтарында кездеседі. Қоныс таңдамайды. Ол өзен-көл бойында, бұталы ағаш арасында, сай-салаларда, тау бөктерлерінде жиі ұшырайды. Жазда арқасы мен бүйірі қоңыр, бауыры ақ түсті болса, қыста денесінің жүні аппақ келеді. Жылына екі рет – көктем мен күзде түлейді. Терісі бағалы болғандықтан ауланады.

Су жануарларының қорғануы.

СЕГІЗАЯҚТАР - таңғажайып мақұлық. Олардың «аяқтары» тұп-тура басынан өсіп шығады. Сегізяқтардың аяғының саны сегіз болады, бірақ олары тіпті аяқ та емес, қайта жемін ұстауға ыңғайлы, сорғышы бар қармалағыш-қолдарға ұқсайды. Сегізаяқ өзінің қармалағышын крабқа немесе басқа балыққа тигізсе болды, олар сол жерде-ақ сорғыштарға жабысып қалады. Қауіпті жағдайда сегізаяқтар аса жылдам жүзеді. Аяқтарын жинап алады да, зымырай жөнеледі.

Бас бітімі жүйрік аттың басынан аумайтын бір ғажайып балық бар, ол балдырдың сабағын құйрығымен орап алып, мелшиіп тұрады. Оны ТЕҢІЗ АТБАС балығы деп атайды. Ол қоңыр балдырда тұрса - қоңырқайланады да, жасыл балдырда тұрса - жасыл түске енеді.

Шелпек нандай жап-жалпақ КАМБАЛА балығы үнемі теңіздің түбінде тіршілік етеді. Ол ауық-ауық жоғары қарап қойып, жемінің жүзіп келуін күтіп жатады. Көзге түсіп, байқалып қалмау үшін камбала өзінің өң-түсін де өзгертіп тұрады: сары құмның үстінде оның реңі сарғыш тартады, қара лайға тасаланса - өзі де қараяды, ал шұбар тастың үстінде - ол да шұбар бола кетеді.

IV.Сергіту сәті:

Ұзын мұртты құмырсқа

Келе жатты жұмысқа

Допты алып қолына

Қойды оны жолына

Оңға қарады, солға қарады

Алдындағы допты

Үлкен тау деп ойлады.

V. Тапсырма.

«Ойлан, Бірік, Бөліс» әдісі арқылы топтық жұмыс жасайды.

Shape1

Shape3 Shape2


Shape6 Shape5 Shape4 Құстар





Shape7

Shape9 Shape8



Shape12 Shape11 Shape10 Жануарлар






Дескриптор:

Құстар мен жануарлар туралы өздері білетін мәліметтерді жаза алады.

ҚБ. Алмамен бағалау

VI. Тапсырма. (Жеке жұмыс) Тест тапсырмаларын орында.


Қолдарындағы

Жануар немесе аңның қалай күресетіні туралы бір ауыз айтып өтеді.

Балалар мұқият тыңдайды.

















































Сергіту сәтін қимылмен орындайды.












Топпен орындайды.
















Алмамен бағаланады.


Сабақтың

соңы









Кері байланыс. «Оқушы үні »


Қосымша мәлімет

Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс – денсаулық және қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі)






Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқу мақсатына қол жеткізбеген болса неліктен деп ойлайсыз?

Сабақ қалай және қандай деңгейде өтті?

Жоспарланған саралау дұрыс іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?)

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба?

Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма, неліктен?

Осы жоспарға қандай өзгеріс енгіземін және неге?


Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты):

1.

2.

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1.

2.

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24 желтоқсан
423
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі