400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жануарлар қайда мекендейді?

Материал туралы қысқаша түсінік
Жануарлар, жануарлардың мекені, олардың қоректенуі туралы түсінік беру.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Жамбыл обылысы Жуалы ауданы

Бауыржан Момышұлы ауылы

№15 мектеп-лицейінің
мектепалды даярлық топ жетекшісі

Айдосова Сагида Мразимовна







Білім беру саласы: Таным (шығармашылық,қатынас)

Бөлімі: Жаратылыстану

Тақырыбы: Жануарлар қайда мекендейді?

Мақсаты:

1.Жануарлар, жануарлардың мекені, олардың қоректенуі туралы түсінік беру.

2.Тіл байлықтарын, сөздік қорын, зейіндерін дамыту.

3.Жануарларға қамқор болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: кіріктірілген

Әдісі:түсіндіру, көрсету, әңгімелеу, сұрақ-жауап, ойын, топтық жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: слайд, жануарлардың суреті

Үштұғырлық: мекен-обитание-habitation

Оқу іс-әрекетінің қызметі:

Шаттық шеңбері

Қайырлы күн жер ана,

Қайырлы күн көк аспан.

Қайырлы күн достарым,

Қайырлы күн апайлар.

Сәлеметсіздер ме?

Балалар 2 топқа бөлініп отырады.

І.Кіріспе бөлім.

Сұрақ-жауап "Ыстық картоп"

-Жануарлар неше топқа бөлінеді?

-Үй жануарларына нелер жатады?

-Жабайы жануарларға нелер жатады?

ІІ.Негізгі бөлім.

1)-Дұрыс айтасыңдар балалар жануарлар екі топқа бөлінеді. Үй жануарлары және жабайы жануарлар. Бүгінгі оқу іс-әрекетімізде осы жануарлардың мекені, олардың қалай қоректенетіндері туралы әңгімелесетін боламыз.



2) Суретпен жұмыс

-Табиғатта өз бетінше тіршілік ететін жануарларды жабайы жануарлар деп атайды. Олар орманда мекендейді. Жабайы жануарлар өз қоректерін өздері табады.

-Адамдар күтіп-баптайтын жануарлар үй жануарларына жатады. Олардың қоректерін адамдар дайындап берді. Адамдар оларды өз қамқорлықтарына алған.


3) Сөздік жұмыс

Мекен-обитание-habitation


4) Ойын «Қандай дыбыстан басталады?».

Аю-а қой-қ түлкі-т


5) Сергіту сәті.

6) Тіл ұстарту жаттығуы.

а) жануарлар туралы тақпақтар.

ә) ән айту "Қошақан"


7) Ойын "Төлдерін тап"

Үй жануарларын төлдеріне сызық арқылы қосады. (сурет бойынша)


8) Топтық жұмыс

І топ.

Жануарлардың мекенін сызық арқылы көрсет.


ІІ топ.

Үй жануарлары немен қоректенеді? Жануарларды қоректерімен сәйкестендір.


9) Жұмбақ шешу.

Кезекті бір жануар

Үстінде екі тауы бар. (түйе)

Жеміс-жидек жегенім,

Балды жақсы көремін. (аю)

Кішкентай ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар. (қой)

Өзі ширақ, өзі қу,

Жүрген жері айқай-шу. (түлкі)


10) Шығармашылық орталығы.

І топ. Жануарлардың суретін бояиды, үй, жабайы жануар екенін анықтайды?


ІІ топ. Қима суреттерден жануарларды құрастырады.


ІІІ.Қорытынды бөлім.

Венн диаграммасы

"Сиқырлы қоржын" ойыны

Балалар қоржыннан жануарлардың суретін алады, атын, үй немесе жабайы екенін айтады. Үй жануарын үйдің, жабайы жануарларды орманның астына жапсырады.

-Белсенділік танытқан балаларды мадақтау.

Күтілетін нәтиже:

1.Қайталай алады:үй, жабайы жануарлардың мекенің.

2.Түсінеді:сурет бойынша әңгімелейді. Үй жануарлары адам қамқорлығында болатыны. Жабайы жануарлар өз бетінше тіршілік ететінін.

3.Қолданады: жануарларға қамқор жасай алады.













Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
4 мамыр
709
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі