400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жануарлар қайда тіршілік етеді?

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ.Жаратылыстану.Бөлім:Жанды табиғат.Бөлімше:Жануарлар.Жануарлар қайда тіршілік етеді? 3 сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: Жаратылыстану

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі

Бөлім:Жанды табиғат

Бөлімше: Жануарлар

Күні:

Сынып: 3-сынып

Мектеп: № 4 жалпы орта білім беретін мектеп

Мұғалімнің аты-жөні: Қайрау О.Қ.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Жануарлар қайда тіршілік етеді?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

(оқу бағдарламасына сілтеме)


3.2.2.2-жануарларды тіршілік ортасы бойынша ажырату;


Сабақ мақсаттары

А) Жануарларды тіршілік ортасы бойынша ажыратады;

В)Үй жануарларының және жабайы жануарлардың мекендейтін ортасы туралы әңгімелейді;

С)Жануарлардың тіршілік ететін ортасын салыстырып, сипаттайды.

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

Тіршілік ортасы, кеңістік

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

-Тіршілік ету ортасы өзгеріске ұшырағанда жануарлардың тіршілігі қалай өзгереді?

-Жануарлардың тіршілік орталарына қарай қандай топтарға бөлінеді?

-Джунгли, тайга қай тіршілік ортасына жатады?

-Қарақұйрық, керік, қосаяқ мекендейтін тіршілік ортасы қалай аталады?

Құндылықтарды дарыту

Еңбек пен шығармашылық: суреттерді жапсыру және әңгімелеу барысында.

Ынтымақтастық: топтық тапсырмалар орындау кезінде көрінеді.

Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі- жұптық және топтық жұмыстар кезінде байқалады.

Дүниетану-әр тапсырманы орындау барысында.

Бастапқы білім

Үй жануарлары мен жабайы жануарлар туралы түсініктері бар


Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар


Сабақтың басы




5мин

Ширату: «Сиқырлы дорба» ойыны.

Дорбада салынған үй жануарларының, дала жануарларының және құстардың суреттерін таңдап алып, сипаттайды, мекендейтін ортасын айтады.



Осы суреттер арқылы оқушылар топтасады (үй жануарлары, дала жануарлары, құстар).

-Сонымен балалар, бүгінгі сабағымыз нелер туралы болмақ деп ойлайсыздар?

-Жануарлар

-Жарайсыңдар! Дұрыс таптыңдар. Бүгінгі сабағымыз «Жануарлар қайда тіршілік етеді?» деп аталады.


Сабақтың мақсатымен таныстыру:

Жануарларды тіршілік ортасы бойынша ажыратуды үйренеміз.

Суреттер, интернет желісінен

Сабақтың ортасы



7мин







































6мин




























3мин



































7мин







































5мин






















Топтық жұмыс. Тапсырма бойынша саралау.

Әр топқа әртүрлі тапсырмалар беріледі.

А)Жануарлардың суреттері беріледі, мекендейтін тіршілік ортасын ажыратады.

В)Суреттердегі жануарлардың мекендейтін ортасы туралы әңгімелейді.

С) Жануарлардың тіршілік ететін ортасын Венн диаграммасы арқылы салыстырып, сипаттайды.


Shape2 Shape1 Орман Суқойма








Қ.Б: 2 жұлдыз, 1 ұсыныс

(Топтар бір-бірінің жұмыстарын өзара бағалап, 2 ұтымды жағын және 1 ұсыныстарын айтады).


Өзбетімен оқиды.Оқулықпен жұмыс, 37 бет.

Жануарлар өсімдіктер сияқты Жер шарының барлық аймағында тіршілік етеді.

Олардың басым көбі орманды мекен етеді. Орманға джунгли, тайга және басқалар жатады. Орманның орналасқан жеріне байланысты оны аю, бұлан, жалқауаң, маймыл мекендеуі мүмкін.

Тау – жер бетінің биік бөлігі. Тауды ілбіс, арқар, қыран мекендейді.

Суқоймаларға мұхит, теңіз, өзен, бұлақ, тоған мен көл жатады. Суқоймаларда алуан түрлі жа­нуарлар: дельфин, кит, кәмшат, құндыз, түрлі ба­лық тіршілік етеді.

Арыстан, антилопа, дуадақ пен түрлі бунақ­денелілер ашық кеңістікте тіршілік етуге бейім­делген. Ашық кеңістіктер – бұл дала, шалғын, шөл, шөлейт, саванналар. Онда ағаш, бұта сирек кездесіп, шөптесін өсімдік өсуі керік, қосаяқ, қа­рақұйрықтарға қолайлы жағдай туғызады.

Тастақты шөлдерді жылан, ал мұзды аймақтарды ақтүлкі, арктика қасқыры, солтүстік бұғысы мекендейді.


Зерттеу жұмысы. Зерттеу жұмысы арнайы үлестірме парақшалары бойынша жүргізіледі.

Зерттеу жүргізуге арналған нұсқаулық.

• Әр оқушы үлестірме парақшадағы мәліметпен танысу.

• Сипаттамасына сәйкес суреті мен атауын тауып, біріктіріп қою.

• Құралған «үштікті» мұқият қарап шығып, ортақ белгілерді анықтап, төрт топқа топтастыру.

• «Үштікті» парақтағы сәйкес бөлікке жапсыру.

• Топтастыруларын нақты дәлелдермен түсіндіру.

• Басқа топтың плакаттарымен салыстырып, бірге талдау.

(Жауаптары:

Бірінші топ – орман: джунгли, аралас орман.

Екінші – суқойма: өзен, теңіз, көл.

Үшінші – тау.

Төртінші – ашық кеңістік: дала, шөл, шалғындық, саванна).


Жеке жұмыс. Қорытынды бойынша саралау.

«Семантикалық карта» оқулықта оқыған мағлұмат бойынша барлық оқушыға бірдей тапсырма беріледі,жеке жұмыстанады.


Арыстан

бұғы

сазан

қыран

қосаяқ

құндыз

керік

Орман








Тау








Суқоймалар








Ашық

кеңістіктер









Қ.Б: Жұлдызша арқылы өзара бағалау.

(Оқушылар өзара бір-бірлерін бағалайды. Жауаптары дұрыс болса жасыл жұлдызша, қателері бар оқушыға қызыл жұлдызша жапсыру арқылы бағалайды).


Дәптермен жұмыс, 25-26 бет.

Жұптық жұмыс.Қорытынды бойынша саралау.

Жануарлардың тіршілік ортасы. Оқушылар тіршілік жағдайлары бірдей орталарды бір түспен бояп шығады. Одан кейін сөйлем құрап жазады (Жауаптары:Төрт түрлі түс шығуы тиіс. Бірінші: джунгли, аралас орман. Екінші: өзен, теңіз, көл, мұхит. Үшінші: тау. Төртінші: дала, шөл, шөлейт, шалғындық, саванна)

ДЖУНГЛИ

ӨЗЕН

АРАЛАС ОРМАН

КӨЛ

ТАУ

ДАЛА

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
6 желтоқсан
930
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі