|
Ғажайып
сәт (Ортаға орманшы ата
келеді)
-Ой, сәлеметсіз бе?! Сіз
кімсіз?
Орманшы: Сәлеметсіңдер ме балалар?! Мен
орманшы аталарың болам. Мен орманды
күзетемін.
-Қош келдіңіз,
орманшы ата! Сіздің келгеніңіз қандай жақсы болды! Біздің қысқы
орманға саяхат жасағымыз келеді. Біздерді алып барасыз
ба?
Орманшы: Әрине! Мына сүйкімді, әдепті
балаларды қалай апармайын. Ендеше менің қазір мына сыйқырлы таяғыма
бәріміз үшке дейін санасақ, ол бәрімізді орманға алып
барады.
Ал, балалар үшке
дейін санаңдар!
(Барлығы орманға
келеді)
Орман іші тып -
тыныш. Жерді қар басқан. Тек ағаш басында тиін
отыр.
-Орманшы ата,
орманның іші неге тып-тыныш. Жануарлардың бәрі қайда
кеткен?
Орманшы
ата: Олардың барлығы өздерінің
үйлерінде жатыр. Тек тиін бар
екен.
-Ал басқа аңдар
қандай үйде тұрады? Бізге олардың қысты қалай өткізетіні туралы
айтып бересіз бе?
Орманшы: Қасқыр қыста құстармен, дала
жануарларымен қоректенеді. Ол апанда тұрады, балалары бөлтірік деп
аталады. Аю. Қыс басталғанда қар астындағы
апанда тығылып ұйықтайды.Ол бал жейді. Ал баласын қонжық деп
атайды. Түлкі. Ол қар астындағы тышқандарды
аулап жейді, құстармен олардың жұмыртқасымен де қоректенеді.
Түлкіде інде тұрады, баласын мыршай деп
атайды. Қоян қыста үйілген бұталардың,
ағаштың қуыстарында қыстайды. Құрғақ шөптер мен ағаш қабығын жеп
қоректенеді. Қоянның баласын көжек деп айтады.
Тиін ол ағаш қуысында тұрады, жаз
бойы қуысына жаңғақтар мен саңырауқұлақтар жинайды. Қыс болғанда
осы жинаған азығымен
қоректенеді.
-Әңгімеңізге рахмет!
Біздер балабақшаға қайтайық. Сізде жүріңіз, бізде қонақ
болыңыз.
-Жарайды. Тек мында
тиіннің себеті бар екен. Соны ала
кетейік.
(Балабақшаға
оралады)
-Балалар орманшы
атаның жануарлар туралы әңгімесі ұнады ма? Сол жануарлардың дауысын
естігілерің келеді ме? Ендеше экранға назар
аударайық.
(Аңдардың даусы
видеоролигі көрсетіледі).
-Балалар, тиіннің
себетін қарайықшы, ішінде не бар
екен?
«Кімге не
береміз?» ойыны
Қасқырға – ет
Түлкіге – тышқан.
Қоянға – шөп, сәбіз.
Аюға – бал
Тиін
–жаңғақ
-Балалар,
қараңдаршы, барлық жануарлардың өздерінің паналары бар екен. Кім
қайда тұратынын айтып
жіберейікші.
Аю-
Түлкі
–
Қасқыр
–
Тиін
–
-Ия, балалар! Барлық
аңдардың апаны, індері бар екен. Тек тиінге көмек керек екен.
Тиінге көмектесеміз бе? Үйшік жасап береміз
бе?
Аппликация «Тиінге
көмектесеміз»
Физминутка:
Көлбең көлбең
көлеңкем
Көлбең деген
көлеңкем
Кім көрсетіп
береді
Қоян қалай
секіреді,
Қасқыр қалай
жортады
Түлкі қалай
жүреді
Аю қалай
қорбаңдайды.
«Анасын тап»
деген
Шарты: Балалардың біреуіне жануар біреуіне баласының суреті
беріледі. Балалар баласы мен анасы арқылы жұптасады.
Аюдың баласы - қонжық
Түлкінің баласы – жәудір, мыршай
Қасқырдың баласы - бөлтірік
Қоянның баласы – көжек
Тиіннің – тиін баласы
Орманшы
ата: Ой балалар, қандай керемет
баласыңдар! Мен сендермен күні бойы бірге болғым келіп еді. Алайда,
менің орманға оралуым керек. Аа айтпақшы, менің сыйлығымды қабыл
алыңдар. Ал сау
болыңдар!
(Орманшы ата
кетіп қалады)
|