400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жануарлар туралы әңгімелер оқимын. Етістік

Материал туралы қысқаша түсінік
2 сынып Әдебиеттік оқу пәні бойынша қысқа мерзімді жоспар. Мәтін мазмұны бойынша фактілерді анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру және оған жауап беру. Мәтіндегі сөз таптарын ажырату.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

7-бөлім: Қоршаған орта

Мектеп: «№45 ЖОББМ» КММ


Күні: 4.04.2019

Мұғалімнің аты-жөні: Кереева Ш.М.


Сынып: 2

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:



Сабақ тақырыбы

Жануарлар туралы әңгімелер оқимын



Оқу мақсаттары

2.2.7.1 мұғалімнің қолдауымен көркем шығармадағы оқиғаның басталуын, дамуын мен аяқталуын анықтау

2.4.2.5 дара және күрделі зат есім/сын есім/сан есім/ етістікті анықтау


Сабақ мақсаттары

Мәтін мазмұны бойынша фактілерді анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру және оған жауап беру. Мәтіндегі сөз таптарын ажырату.


Бағалау критерийлері

  • Мәтін мазмұны бойынша нақты фактіні анықтауға бағытталған сұрақ құрастырады;

  • Мәтін мазмұны бойынша нақты фактіні анықтауға бағытталған сұраққа жауап береді;

  • Сөз таптарын ажырата алады.


Тілдік мақсаттар

Неліктен, себебі, менің ойымша, не себепті, өйткені, т.б.



Құндылықтарды дарыту

  • сыйластық

  • еңбек пен шығармашылық

  • жауапкершілік,

жалпы азаматтық құндылықтар


Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, математика, әдебиет


Алдыңғы меңгерілген білім

Жабайы және үй жануарлары


Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы











1 мин













4 мин









2 мин

  Ұйымдастыру кезеңі.

(Ұ) Шаттық шебері.

Оқушылар шаттық шеңберіне жиналып, тақтадағы өлең жолдарын оқиды.

Қазақ тілін білемін

Оқып біліп жүремін.

Тыңдаймын, айтамын

Оқимын, жазамын

Білімді боламын.


(Ұ, Ө) «Қос шеңбер» ойыны.

Мақсаты: Оқушылардың өткен білімдерін қайта еске түсіру, топқа бөлу.

Ішкі және сыртқы шеңберге тұрып сөз таптарына байланысты сұрақтарды қояды.

Сыртқы шеңбер ішкі шеңберге жолақтарда жазылған сұрақтарды қояды:


Заттың атын білдіретін сөздер

3ат есім

Кім? Не? Кімдер? Нелер?

Сын есім

Заттың сынын,сапасын білдіретін сөздер

Қандай? Қай?

Сан есім

Заттың санын, ретін білдіретін сөздерҚанша? Неше? Нешінші? Етістік

Заттың қимылын білдіретін сөздер

Не істеді? Қайтті?


Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.

Бағалау критерийлерін анықтау.















Слайд







4 сөз табына байланысты жазылған қағаздар.



Слайд




Сабақтың ортасы







15 мин

















3 мин









3 мин











2 мин



2 мин









5 мин




(Ұ, Т) Мәтінмен жұмыс.

Мақсаты: Оқушының айтылым, тыңдалым, оқылым дағдыларын дамыту.

Ертегіні көру және тыңдау

Менің ортам, 38-бет.

(Ұ)Оқушылар ертегіні іштей және тізбектей оқып шығады.

Мақсаты: мәтін мазмұны бойынша нақты фактіні анықтауға бағытталған сұрақ құрастыруға, қойылған сұраққа жауап беруге дағдылану.


* Оқушылар бір-біріне мәтін бойынша 5 сұрақ құрастырады.

* Қойылған сұрақтарға жауап береді.

* Жұп бойынша мәтіннің негізі ойын анықтайды.

Арыстан мен тышқан

Ерте ерте ертеде орман патшасы арыстан тоғайдың қалың беделінде ұйықтап жатады. Бір тышқан ойнақтап, үстінен жорғалап жүргенін сезіпті. Арыстан
ұйқысынан ызаланып оянып, тышқанды ұстап алып, өлтірмекші болғанда тышқан жалбарынып:
- Тақсыр, мені өлтірмеңізші, бір жолға кешіре көріңіз. Бір күні мен де бір қызметіңізге жарармын, - депті.
     Арыстан оның сөзіне күліп:
- Сен өзің кішкентай бір тышқансың, менің қандай қызметіме жарамақсың,- деп жаны ашып, тышқанды қоя беріпті. Тышқан байғұс қуанып, «арыстан досым»,- деп, жүгіріп ойнап кете беріпті.
     Күндердің күнінде арыстан жортып ойнап жүріп, аңшылардың құрған тұзағына түсіп қалыпты. Шарқ ұрып тыпырлап, ақырып-бақырып жатса да тұзақтан құтыла алмапты.
   Сол жерден өтіп бара жатқан тышқан арыстанның бұл халін көріп, қасына келіп қарап тұрса, сонда арыстан тышқанға қарап:
- Лажың бар ма бұған қылар? – депті. Тышқан дереу тістерімен тұзақтың жіптерін кеміріп қиып кеп жіберіп, арыстанды тұзақтан құтқарыпты. Тышқан арыстанға:
- Мені кішкентайсың,- деп мән бермеуші едің. Міне сені бір ажалдан алып қалдым, - депті. Осылайша арыстан жасалған жақсылықтың қайтарымы болатынын жақсы түсініпті.


Мақсаты: Бір-бінің ойын, көзқарасын тыңдауға, ортақ шешімге келуге, бірін-бірі құрметтеуге дағдылану.


Жұптар өазар сұрақтарымен алмасып, сұрақтарға жауап береді.


Құрастырған сұрақтары мен жауаптарын негізге ала отырып, топтар бірін-бірі «Жұдырық» әдісі бойынша өзара бағалайды.


Сергіту сәті


(Ө. Қ) Кестемен жұмыс.

Мақсаты: мәтіндегі сөздерді сөз таптарына қарай ажырату.


Зат есім

Сын есім

Сан есім

Етістік


























Бейнежазба









Тақтамен, дәптермен жұмыс







Кесте сызылған қима қағаздар





Сабақтың соңы

3 мин

«Жануарлар жайлы қызықты деректер» қосымша бейнероликті қарап, өз ойларын ортаға салады.

Өзін бағалау бағалау критерийлеріне сүйене отырып жүргізіледі.


«Блоб ағашының» суреті, стикерлер

Қосымша мәліметтер

Дифференциациялау - оқушыларға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалайша түрделендіресіз?



Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалайша жоспарлайсыз?

Жоспардағы тақырыпты қиыстырыңыз. Денсаулық пен қауіпсіздікті тексеру, АҚТ-ны байланыстыру.



Сұрақ-жауап







Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері анық па?

Бүгін оқушылар не үйренді?

Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?Дифференциялау жоспарым жүзеге асты ма? (тапсырмалары сәйкес болды ма?)

Уақыт дәлдігі қалай болды? Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім?









Қорытынды баға

Қандай екі әдіс өте сәтті болды (оқыту мен үйрену)?

1:

2:

Қандай екі әдіс-тәсіл толықтырылуы тиіс (оқыту мен үйрену)?

1:

2:

Келесі сабағымда ескеретіндей сынып және жеке оқушы жайында қандай мәлімет алдым?




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
04.04.2019
886
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі