400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жануарлардағы онтогенездің тура және жанама типтері.

Материал туралы қысқаша түсінік
• Жануарлардағы онтогенездің типтерін сипаттап бере алады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ: §57.

Жануарлардағы онтогенездің тура және жанама типтері.

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің есімі: Карманова Гулбакыт Айтбаевна.

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабаққа негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

  • Онтогенездің типтерін ажыратады

  • Тура даму мен жанама дамуды сипаттап бере алады

  • Тура дамудың ерекшеліктерін айқындайды, тура даму жүретін ағзаларды жүйелейді

  • Жәндіктерді көбею және даму ерекшеліктері бойынша топтарға бөледі

  • Шала және толық түрленіп дамитын жәндіктердің тізімін жасайды

  • Толық түрленіп дамудың биологиялық маңызына баға береді


Барлық оқушылар:

  • Жануарлардағы онтогенездің типтерін сипаттап бере алады

Оқушылардың басым бөлігі:

Жәндіктердің көбею және даму ерекшеліктерінің сызбасын жасайды, дамуына байланысты жәндіктерді жіктейді

Кейбір оқушылар:

  • Толық түрленіп дамудың биологиялық маңызына баға бере алады

Бағалау критерийлері

-Онтогенездің типтерін ажырата алады

-Тура дамуды сипаттап бере алады

-Сәйкестендіру тесті арқылы бунақденелілерді дамуы бойынша жіктейді

-Даму сызбасын дұрыс сызады, даму кезеңін суреттер арқылы дәлелдейді

-Толық түрленіп дамудың биологиялық маңызына баға бере алады

Тілдік мақсат

  • тапсырма орындау барысында оқушылардың назарын ғылымилыққа аудару (мысалы, пән бойынша оқу мақсаттарына жету үшін қажетті термонология мен тіркестері бар лексика)


Негізгі сөздер мен тіркестер:

Онтогенез, тура даму, толық түрленіп даму,шала түрленіп даму, имаго, дернәсіл, метаморфоз

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Талқылауға арналған тармақтар:

Суреттен не көріп тұрсыңдар? /Балалар өз ойларын айтады/ Бұл суреттің біздің бүгінгі сабаққа қандай қатысы бар?

Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба?

Тарақанды бәріміз білеміз. Енді осы тарақанның жұлдыз құрты бар ма? Неліктен тарақанда жұлдызқұрт жоқ? /шала түрленіп дамиды/


Жазылым бойынша ұсыныстар:

Толық түрленіп даму мен шала түрленіп дамудың сызбасын дәптерге түсіреді.

Алдыңғы оқу

Ең алдымен аталық жыныс жасушасы аналық жыныс жасушасына қосылып зигота түзеді. Одан соң даму сатылары жүреді. Ұрықтану өте салысымен зигота дамуының алғашқы сатысы басталады. Бұл саты бластула (өсу) сатысы деп аталады. Осы саты кезінде қарқынды бөліну – митоз өтеді. Жасушалардың тез бөлінетіні соншалық, қысқа интерфаза сатысында өсіп те үлгіре алмайды. Бластула сатысында ұрық ұсақ жасушалар түрінде топтасып, бластомерлар деп аталады. Бұл «жасуша түйірлерінің» пішіні, жасушалар мөлшері, жасушаның орналасуы ағзаның түріне байланысты сан алуан болып келеді. Бластула – бұл жасушалары ерекшеленіп үлгермеген көпжасушалы ұрық. Бұл кезеңде ағзада жыныс мүшесі дамиды. Сондықтан бластула бір қабатты ұрық деп аталады.

Гаструла – ұрық дамуының екінші сатысы. Бұл кезеңде көптеген маңызды оқиғалар өтеді, яғни жасушалардың жіктелуі – ұрық жапырақшалары, гаструла (қарын) қуысы, желілену (омыртқалыларда) және жүйке тақташадары пайда болады. Біз үшін ең маңызды оқиға – ұрық жапырақшаларының –жасушалардың ерекшеленген, жіктелген қабаттарының пайда болып қалыптасуы. Ұрықтың ертерек даму сатысы –эктодерма және ішкісі – энтодерма. Сондықтан гаструланы қосқабатты ұрық немесе ұрық дамуының екі қабатты сатысы деп аатйды. Даму барысында үшінші ұрық жапырақшасы –мезодерма жекеленіп шығады. Сөйтіп, гаструланың кейінгі сатысы үшқабатты болады.

Нейрула (жүйкелік) –ұрықтың тек желілерге ғана тән гаструладан кейінгі астысы. Бұл кезеңде жүйке тақташасынан жүйке түтігі қалыптасады. Жүйке түтігінен ми және жұлын дамиды.


Жоспар


Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы

Ұйымдастыру. Психологиялық ахуал. Сыныпты «Толық түрленіп даму», «Шала түрленіп даму» топтарына бөлу. Топ мүшелері топ атына байланысты терминдердің мағынасын ашады.

Ынтымақтастық атмосферасын ұйымдастыру: «Досыма тілегім» стратегиясы

Шеңбер құрып, қасындағы досына тілек айту.


Ортасы

І.Оқулықпен жұмыс. (жж)

«Қос жазба күнделігі» стратегиясы.

Мәтінді оқығанда оқушы қағазды екіге бөліп, сол жағын «үзінділер» деп атап, оған мәтінде өзінің назарын тоқтатқан немесе ерекше толғандырған үзінділерді жазады. Қағаздың оң жағы «түсіндірме». Мұнда үзінділердің түсіндірмелері келтіріледі.

Дискриптор.Үзінділер мен түсіндірмелерді жазады, айтады.


Бағалау.

«жұлдызша»


ІІ.Видеоролик «Метаморфоз» (3мин)Көргендері туралы әңгімелейді.

Дискриптор.

Бағалау.

«Жұлдызша»


ІІІ.Топтарға тапсырма:

І-топ:Лингвистер: (терминдердің мағынасын ашады)

ІІ-топ:жаңашылдар: (хабарлама жазады)

ІІІ-топ:шығармашылдар: (өлең шығарады)

ІV-топ:өнерлілер: (сурет салады)

V-топ:бағалаушылар: (топтарды бағалайды)


Дискриптор.

Бағалау.

«Мадақтау»


Сәйкестендіру тесті (оқушы жеке орындайды)


Бунақденелілер түрлері

Шала түрленіп даму

Толық түрленіп даму

1.қоңыз

2.инелік

3.үй шыбын

4.түкті ара

5.шегіртке

6.маса

7.тарақан

8.дәуіт




Суретке қарап әңгіме құрастыр.


1.Шегірткенің суретіне қараңыз.

Шегірткенің дернәсілін ересегімен салыстырыңыз. Қай жері ұқсайды /тіршілік ететін жері, тіршілік әрекеттері, сыртқы құрылысы/

-Айырмашылығы неде? /көлемі,қанатының жетілмеуі, жыныс мүшелерінің жетілмеуі/

-Неге әр сатыда дернәсілдерінің көлемі әртүрлі? /өсу/

-Біз бунақденелілердің сыртқы жабыны хитинен тұратынын білеміз. Ендеше дернәсілдің қсуі қалай жүреді? /түлеу/

-Неге шегіртке дернәсіл кезінде бірнеше қайтара түлейді де, ересек түрінде түлемейді?

Дернәсіл кезінде жабын созылғыш, жұмсақ. Ересек түрінде жабынында хитин көбірек ,ал ол болса созылмайды. Көбелек пен шегірткенің суретіндегі айырмашылықты негіздеңдер.

Оқулық

Аяқталуы


«5+5= 1»

5 сөз

5 сөйлем

1 түйінді ой


Жуан сұрақтар.

-Даму барысында ересек түрі мен дернәсілдерінің ұқсастығы олардың тіршілігіне өзгеріс алып келеді ме? /бәсекелестік/

-Бәскелестіктен құтылуға бола ма?

-Шала және толық түрленіп дамудың қайсысында дернәсіл мен ересек түрінде бәсекелестік жоқ? Толық түрленіп дамудың биологиялық маңызын атаңыз. Жұлдызқұрт пен көбелектің ауыз апараттары әртүрлі. Сондықтан әртүрлі тамақты қолданады. Яғни бәсекелестік болмайды.

Үйге тапсырма:Оқу.


Қосымша ақпарат. Бунақденелілердің дамуы үш түрлі жолмен өтеді. Олар: тура даму (қанатсыз бунақденелілер, шала түрленіп даму (инелік, дәуіт, шегіртке, бұзаубас,бит, кандала т.б.) және толық түрленіп даму (қоңыз, көбелек, бүрге, шыбын, маса, шаншар, құмырсқа, балара т.б.)


Тура даму дегеніміз – ұрықтанған жұмыртқадан тікелей ересек бунақденеге ұқсас жас жәндіктердің шығуы. Олардың тек денесі өседі және жыныстық жағынан ғана толысып дамиды.


Бунақденелілердің ересек күйге ауысу сатысы имаго деп аталады.


Имаго (лат.имаго-ересек жәндік). Бунақденелілерді зерттейтін ғылым энтомология (гр.ентома+лотос-бунақдене+ғылым). Ол – зоология ғылымының бір саласы.

Саралау –Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Қосымша көмек керек оқушылар үшін:

Толық және шала түрленіп дамитын бунақденелілердің тізімдемесін жасаңдар.

Қабілеті жоғары оқушы:

Тура дамудың сызбасын жасау.

Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс

Рефлексия.

Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не үйренді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлегрдім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?


Рефлексия.

«Табыс шыңына»


Сабақтағы өз әрекетіңді бағала. Сөйлемдерді аяқта. Әділ бол.


Бүгінгі сабақта мен ...

Мен ... игердім.

Мен ... мақтай аламын.

Мен жеткіліксіз ... .

Мен ... тырыстым.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
7 қараша
2514
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі