Материалдар / Жануарлардың көлемді бейнесін жасаймыз
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жануарлардың көлемді бейнесін жасаймыз

Материал туралы қысқаша түсінік
Оңтүстік Қазақстан Облысы білім басқармасы Б.Өтеп атындағы "Өнер" мамандырылған мектеп-интернаты
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Желтоқсан 2018
3714
9 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Сабақтың тақырыбы: Жануарлардың көлемді бейнесін жасаймыз

Мектеп

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні

СЫНЫП: 3

Қатысқан оқушылар саны

Қатыспағандар

Оқу мақсаттары

Жануарлар әлеміне қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Ермексаздан не полимер балшықтан жануарларды мү- сіндеуді үйрету.

Бағдарламалық міндеті

3.2.1.1

3.2.3.1

Оқушылардың шығармашылық міндеті: жануарларды суреттеуді, мүсіндеу түрлерін үйрену.

Мұғалімнің сұрақтарына жауап беру.

Мақсатқа жету үшін орындалатын міндеттер

Мұғалім үшін: оқушыларға жануарларды мүсіндеу тәсілдерін үйрету, ермексазбен жұмыс істеу тәсілдерін көрсету: жұмсарту, созу, жалпақтау, есу т.б.

Оқушылардың шығармашылық міндеті: оқулықта көрсетілген сызба бойынша бірнеше жануарды мүсіндеу.

Оқушылардың міндеті

Жануарлардың сыртқы түрін, мүсіндеу тәсілдерін сипаттай алу. Мұғалімнің сұрақтарына жауап беру. Тірек сөздер: жануарлардың көлемді бейнесі, мүсін,

шағын пластика, ермексаз, полимер балшық, жануарлар- дың құрылысы.

Талқылауға арналған сұрақтар мен оған берілетін жауаптар:

  1. Жануарлардың құрылысы туралы не айтасыңдар?

Жауап. Жануарлардың көпшілігінің дене құрылысы

бірдей: бәрінің басы, мойны, денесі, екі аяғы (екі қанаты) бар. Алайда жануарлар әртүрлі, олардың өзіндік ерекшеліктері бар.

  1. Жануарлардың бірін сипаттаңдар.

Оқушылар таңдаулары бойынша бір жануарды ортақ

белгілері мен ерекшеліктеріне мән бере отырып, сипат- тайды.

  1. Жануарлардың дене бөліктері неге ұқсайды? Оқулық бойынша жауап береді (16–17-б.)



Күтілетін нәтиже

Барлық оқушылар: жануарларды мүсіндеу тәсілдері мен орындау ретін атай алады.

Әртүрлі жануарлардың сыртқы түрін суреттеп, бірінің мүсінін жасай алады.

Оқушылардың көпшілігі: жануарлардың мүсінін қандай материалдар мен қосымша құралдар арқылы

және қалай мүсіндеуге болатынын айта алады.

Кейбір оқушылар: жануарлардың бірнеше мүсінін жасап, әшекейлей алады.

Бұрын алған білімдері

Айналамыздағы түстер. 1-сынып.

Ермексаз және полимер балшықтан мүсіндеу тәсілдері. 1-сынып.

Жануарлардың құрылысының ерекшеліктері. 2-сынып. Симметрия дегеніміз не? 3-сынып.

Пәнаралық байланыстар

Бұл сабақта мына пәндермен байланыс орнайды: жа- ратылыстану, әдебиеттік оқу, музыка. Оқушылар жа- ратылыстану сабақтарында табиғатты бейнелеу бо- йынша меңгергендерін пайдаланады. Шығармашылық

шабыттарын дамыту үшін №2 қосымшадағы өлеңдерді оқиды.

Сабақтың барысы

Сабақ

кезеңдері

Жоспарланған жұмыс түрлері

Дереккөздер

Сабақ тақырыбына кіріспе

Сыныпта жақсы психологиялық ахуал мен шығар- машылық жағдай жасау. Сабақтың басында

сыныпта ақырын музыка ойнап тұрады, ол К. Сен-

Санстың «Жануарлар карнавалы» сюитасынан үзінді болуы мүмкін. Балалар 2-сыныптың

бағдарламасы бойынша жануарлар туралы білетінін (жануарлардың ұқсастықтары мен ерекшеліктері), сондай-ақ 3-сыныпта үйренгендерін еске түсіреді (жануарлар – табиғаттың бір бөлігі, жануарлардың құрылысы симметриялы).

К. Сен-Санс

«Жануарлар карнавалы»: Carnival of The Animals Complete Full Version Le Carnaval des AnimauxComplet Camille Saint-Saëns https://www.youtube.

com/watch?v=1L993





HNAa8M


Camille Saint-Saëns The Carnival of the Animals, Charles Dutoit https://www.youtube. com/watch?v=O9P1L OBepcY

Жануарлар бейнеленген

фотосуреттер мен репродукциялар.

Алған білім- нің өмірмен байланысы. Жаңа білім мен дағдыға қол жеткізу

Біздің айналамызда әртүрлі жануарлар тіршілік етеді. Сендер өткен жылы олардың сурет салып көрдіңдер, сонда өте әдемі сурет салғансыңдар. Ал бүгін біз жануарлардың көлемді бейнесін жасаймыз (көлемді бейнелердің жазықтағы бейнелерден

қандай айырмашылығы барын еске түсіреді).

Полимер балшықтан жасалған кішкентай

ойыншықтарды достарыңның туған күніне немесе мереке күніне арнап беруге болады. Олар көпке шыдайды, күнге еріп кетпейді. Сондай-ақ оларға үйіңнің бір бұрышынан орын табылады.

Оқулық.


Анималист- суретшілер мен пейзажшылардың графикалық және кескіндеме

жұмыстарының репродукциялары.



Материалды түсіндіру

Мұғалім оқушыларға ермексаз бен полимер балшы- ғынан жасалған бейнелерді көрсетеді.

Оқушылармен бірге олардың ерекшеліктерін

атайды (керіктің мойны мен аяғы ұзын, сусиырдың аяғы қысқа да, денесі үлкен, арыстанның жалы бар, түйенің екі өркеші бар және т.б.). Мұғалім оқулыққа қарап, жануарлардың көлемді бейнесін

жасаудың ретін түсіндіреді. Одан әрі мұғалім кез келген жануарды мүсіндеу тәсілдерін көрсетеді (есу, созу, жалпақтау т.б.). Мұғалім жануарлардың сыртқы түрін жасауды бөлек көрсетеді. Мысалы, егер бала құс не кірпіні жасап жатса, онда

жасайтын мүсінінің беті ине, жүн, мамық тәріздес болу керек. Ол үшін кішкентай пышақпен мүсіннің бетін аздап тіліп шығады. Ал бетін кедір-бұдыр ғып жасағың келсе, тіс щеткасымен не тарақпен сызық жүргізу керек. Қысқаша айтқанда, оқушыларды шығармашылыққа баулиды.

Негізгі бөліктері дайын болғанда, оларды бір-біріне сым не тісшұқығышпен бекіту керек. Жасаған

жануарлар мүсіндерінің беріктігін тексеріп, ұсақ бөліктермен толықтырады (құлағын, тұмсығын, көзі мен құйрығын жасайды).

Оқулық, 16–17- беттер.

3-сыныпқа арналған CD-диск. Әртүрлі

жануарлардың

фотосуреттері мен мүсіні.


1 қосымшадағы тақырыпқа сәйкес материалдар.



http://urokilepki.ru/20 13/08/kak-lepit- zhivotnyx/


http://www.chudopod elki.ru/kak-slepit-iz- plastilina- zhivotnyx.html

Өздік жұмысты орындау

Мұғалім көлемді мүсіндерді жасап көрсетіп, түсін- діргеннен кейін, оқушылар оқулықтағы материалға сүйеніп, жануарлардың мүсінін сомдайды.

Жұмысты бастамас бұрын оқушылар қай жануарды

Ермексаз не полимер балшық,

тақтайша, пышақ, кескіш, мүсіндерді




мүсіндейтіндерін анықтап алады. Келесі сабақта ұжымдық жұмыс жасайтын болғандықтан, әртүрлі жануарларды мүсіндегені дұрыс. Мұғалім жеке-

дара кеңес беріп, оқушыларға қажет жерінде көмектеседі, қателері болса түзетеді.

бекітуге арналған

тісшұқығыш не сым, қол сүртетін орамал.

Сабақтың қорытын-

дысы

Орындалған тапсырмаларды қысқаша талдайды. Оқушылар сабақтағы жұмыстарын бағалайды.


Қосымша ақпарат

Дифференциациялау Оқушылардың бәрі тақырыпты талқылауға қатысады, мұғалімнің сұрақтарына жауап береді. Жануарлардың дене құрылысын суреттейді. Бір

жануардың мүсінін жасайды.


Оқушылардың көпшілігі

кішкентай мүсіндерді қалай жасағандарымен бөліседі.


Кейбір оқушылар бірнеше әшекейлі мүсін жасайды.

Оқушылардың тақырыпты меңгергенін қалай тесересіз?

  1. Оқушылардың мұғалімге берген жауабынан (оқулықтағы);

  2. жасаған

жұмыстарынан (жақсы жасалған жұмыстарды ғана бағалаңыз);

  1. жасаған жұмысты талқылауларынан.

АКТ-мен байланыс

Мұғалім сабақтың барысында СD-дискідегі материалдар мен интерактивті тақтаны да қолданады.


Мұғалім өздік жұмыстың басында қайшымен жұмыс

істеу ережесін оқушылардың есіне түсіреді.

Оқушыларға қалай қолдау көрсетесіз?


Сабақтың барысында оқушыларды бағалайды: Жарайсың, сен сұрақтарға толық жауап бересің! Сен өте байқампазсың! Сен табиғат

нысандарын жақсы суреттейсің (суретшілер туындыларын)!

Сен тапсырманы жақсы орындауға тырыстың! Сен жұмыстарды талқылауға

белсене қатыстың! және т.б.

Бағалау

Сабақта оқушыларды бағалау:

  1. оқушылардың мұғалімнің және оқу- лықтағы сұрақтарға жауабы;

  2. туындылардың реп- родукцияларын сурет- теуі;

  3. жұмысты талдап, талқылауға қатысуы;

  4. жұмыс дәптерінде орындалған тапсыр- малар (жақсы жасалған жұмыстарды ғана

бағалаңыз).

Құндылықтармен байланыс Анималист-суретшілер мен пейзажшылардың жұмыс- тарын, жанды табиғат фото- суреттерін көрсетіп, таби- ғатқа, туған өлкеге сүйіс- пеншіліктерін оятып, эсте- тикалық көзқарастарын қа- лыптастыруға септігін тигі- зетін №2 қосымшадағы

өлеңдер мен материалдарды қолданады.

Рефлексия. Мұғалім жылдың басында әрбір оқушыға бірнеше смайлик дайындап қояды. Оқушыларды сабақ барысында смайликтермен бағалайды. Мысалы: «Өте қызық!», «Мен көп жаңа нәрсе білдім!», «Мен көп нәрсе үйрендім!», «Маған қиындау болды!», «Мен

бәрін орындап үлгермедім!», «Мұның маған пайдасы бар!» және т.б. Оқушылар сабақтың соңында смайликтерін көрсетеді. Сабақтың қалай өткенін, ең қызықты нәрсе не болды, қандай жаңа нәрсе білгендерін, нені үйренгендерін айтады.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!