15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Жануарлардың қандай түрлері бар?
Сабақ барысы.
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
||||||||||||
|
Сабақтың басы 5 мин. 5 мин |
Оқушыларды шеңберге тұрғызып, психологиялық ахуал орнатып аламыз. Шашы алтын, көзі от, Шыға ғой күн тезірек. Жайлауға шығар қуанып, Қозы, лағым секіріп. Шөре-шөре лағым Тентек болма шырағым. Пішәу-пішәу ақ қозым Айтқанды істейді жақсы өзі. Құрау-құрау құлыным Сәтті өтсін бүгін күн! Топтастыру: Оқушыларды түрлі-түсті суреттегі жануарлар мен құстар бойынша 3 топқа біріктіремін. 1 топ-Үй жануарлары 2 топ-Жабайы жануарлар 3 топ-үй құстары Миға шабуыл: «Ойлан. Тап» әдісі арқылы интертақтадан жануарлар жайлы жұмбақтар жасырып, тақырыптың мазмұнын ашамыз. Суреттегі жануарларды атаймыз, оларды екі түрге бөлеміз. Ендеше, балалар, Жануарлардың қандай түрлері болады?-екен. Яғни, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы Жануарлардың қандай түрлері болады? Үй жануарларына қандай жануарлар жатады және олар немен қоректенеді? Жабайы жануарларға қандай жануарлар жатады? |
Интертақтада жазылған өлең жолдары. жануарлардың суреттері. Жануарлар туралы видеоролик. |
||||||||||||
|
Сабақтың ортасы 20мин Сын тұрғысынан ойлау дағдысы және қарым-қатынас лағлысы, жұппен және топпен жұмыс істей білу қабілеті қалыптасады. Сын тұрғысынан ойлау, ғылыми-зерттеу дағдылары, топпен жұмыс істей білу қабілеті және АКТ саласындағы дағдылары қалыптасады. Сергіту сәті 3 мин Сабақтың соңы 12 мин |
ВЕНН диаграммасы 1 тапсырма. Т.ж. Мақсатым: оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға, тапсырмаларды салыстыра білуге дағдыландыру. Жануарлар мен өсімдіктерді салыстыру, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау. Жануар өсімдік
Ұқсастықтары: тірі ағза, қоректенеді, көбейеді,күтім керек. Айырмашылықтары: жануарлар қозғалады, әртүрлі қимылдар жасайды. Өсімдіктер; өседі, жеміс береді, солады, қурайды, қайта өседі.
«Үш шапалақпен»
бағалайды.
«Орнын тап» әдісі.
2 тапсырма. Ж.ж. Т.ж Мақсатым: оқушыларға жабайы жануарлар мен үй жануарларын ажырата отырып, төлдерімен сәкестендірту. Суреттегі жануарлардың төлдерін өз анасының қасына қойып, қалай атау керектігін айтады.
Топтар үй жануарлары мен жабайы жануарларды мекен ететін жеріне қарай ажыратып, екі сиқырлы қорапшаға салады. Олардың немен қоректенетіні жайлы түсіндіреді.
Бұл тапсырмада саралау жұмысының жалпы ортақ қабылданған жеті тәсілінің бірі қарқынды жұмыс және деңгейлік тапсырма, бағалау, диалог және қолдау көрсету көрініс табады.
Жұптар және топтар бір-бірін «Бағдаршам» арқылы бағалайды
.
«Жануарлар хоры» ойыны арқылы төрт топ «Әрқашан күн сөнбесін» әнінің әуеніне өздеріне берілген жануарлар дауысын салып айтады.
3 тапсырма. Оқулықпен жұмыс. Т.ж.
Мақсатым: оқушыларды топтық жұмыс жүргізу арқылы бір-біріне ынтымақтаса жұмыс жасауға, бір-бірінің пікірін тыңдауға баулу.
1 топ. «Суреттер сөйлейді» әдісі. Адамдардың үй жануарларын қалай күтіп, баптайтынын бақылайды.
2 топ. «Ойлан, бірік,бөліс» әдісі. Үй жануарларын не үшін асырайтынын зерттейді.
Адамдар үй жануарларын еті, сүті мен жүнін пайдалану үшін асырайды.
Жылқы-сүті қымыз, денсаулыққа пайдалы. Етін жейді.
Сиыр, қой, ешкі сүттерінен май, құрт, ірімшік жасайды. Қой жүнінен киіз, кілем сияқты төсеніш жасайды. Ешкі түбітінен орамал тоқиды. Терілерінен сырт киім, аяқ киім жасайды. 3 топ. «Сюжетті көрініс» әдісі. Жабай және үй жануарларын іс-әрекетіне қарай салыстыр.
Белсенді оқытудағы зерттеу барысында бірлесе жұмыс істеуге, ашық сұрақтарды қоя отырып, қарым-қатынас жаттығуларын пайдалануға және дәлел ұсынуға ынталанады.
Топтық бағалау. «Басбармақ» арқылы бағалайды
.
|
Суреттер, ,түрлі-түсті қағаздан жасалған бағдаршам
сиқырлы қорапша
Сергіту сәті жинағы
Жануарлар суреттері.
суреттер.
|
||||||||||||
|
|
|
|||||||||||||
|
Рефлексия 5 мин
|
Бүгінгі сабаққа рефлексия жасайды. Мақсатым: оқушыларды өз ойын еркін жеткізуге, бір-біріне ұсыныс айта білуге және бір-бірін бағалай білуге қалыптастыру.
«Интервью» әдісі бойынша топтар бір-біріне сұрақтар қояды, сабаққа кері байланысты ауызша айтады. Кері байланыста оқушылар өз топтарының жұмысымен бірге басқа топтың да жұмыстарына кері байланыс береді және ұсыныстарын айтады.
|
Микрофон
|
||||||||||||
|
Саралау- оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау-оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы. |
||||||||||||
|
Сабақ барысында қабілеті жоғары оқушыларға «Сәйкестендіру» әдісін қолдану арқылы оқушылар сараланып, тапсырмалар толық орындалады. Қолдау көрсетуді қажет ететін оқушыларға «Суреттер сөйлейді» әдісін пайдалануда сурет бойынша әңгімелейді, есте сақтайды. |
Сабақ кезінде бір-бірін «Үш шапалақ», «бағдаршам» және «басбармақ» арқылы бағалайды. Әр тапсырманы орындау кезінде мақтап, мадақтап, оқушыларды ынталандырып отрамын. Сондай-ақ, рефлексия кезінде «интервью» әдісін қолдану арқылы кері байланыс жасайды. |
Топтық жұмыс кезінде балалар қаламсаппен дұрыс жұмыс жасау ережесін сақтау.
|
||||||||||||
|
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?
|
Сабақтың оқу мақсаты оқу бағдарламасына сүйене қойдым.
Оқушылар оқу мақсатына тапсырмаларды оындау арқылы қол жеткізеді. Сабақ өз деңгейінде өтеді Саралау жұмысы деңгейлеп беріледі. Уақытты жоспарға сай пайдаланамын.
|
|
||||||||||||
|
Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
|
||||||||||||||












Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген