400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жануарлардың қандай түрлері бар?

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл жаратылыстану пәнінен 1-сынып сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні:

Жаратылыстану. Бекмурзаева Б.Қ.

ҰМЖ бөлімі:

2-бөлім

Тірі табиғат.

Күні:


Сынып:

1сынып

Бөлімше:

2.2 Жануарлар.

Ортақ тақырып:

(«Менің мектебім» ортақ тақырыбы аясында).

1.Сабақтың тақырыбы

Жануарлардың қандай түрлері бар?

Сабақтың оқу мақсаттары:

1.2.2.2 жабайы және үй жануарларын ажырату;

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:жабайы және үй жануарларын атайды

Көптеген оқушылар:жабайы және үй жануарларын ажыратады

Кейбір оқушылар:жабайы жануарлар мен үй жануарларының айырмашылықтарын біледі


Бағалау критерийі


жабайы және үй жануарларын атайды,

жабайы және үй жануарларын ажыратады,

жабайы жануарлар мен үй жануарларының айырмашылықтарын біледі,


Ойлау деңгейлерінің дағдылары

Білу және түсіну,қолдану


Тілдік мақсат

Жабайы жануарлар-wolf animals,үй жануарлары,төл

Бұғы-Deer.қасқыр-wolf.қоян-rabbit.аю-bear.түлкі-fox.құндыз-beaver,ит-dog.

Талқылауға арналған сұрақтар:

-Үй жануарлары жабайы жануарлардан несімен ерекшеленеді?

-Неге біз біреуін үй жануары,енді біреуін жабайы жануар деп айтамыз?

-Олар несімен ұқсас?


Құндылықтарды дарыту:

Ұлттық идеямыз "Мәңгілік ел" аясында Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке, өз елінің табиғатын аялауға,ондағы жан-жануарларға қамқор болуға тәрбиелеу

Пәнаралақ байланыс:

Дүниетану,көркем еңбек

АКТны қолдану

Бейне жазба(жануарлар әлемінен үзінді)https://go.mail.ru/search_videoYoutube жануарлардың суреттері.

Бастапқы оқу:

1.2.2.1 жануарлар мен өсімдіктерді салыстыру, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау;

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың

басы

3мин









Ширату жаттығу

Шаттық шеңбері."Алақан жылуы"

Барлығымыз жанымыздағы жұбымызға қараймыз.

Жылы лебізімізді айтамыз.

«Ыстық алақан»

  • «Ой қозғау» өткен тақырыпты пысықтау

  • Оқушылар бір-біріне доп лақтырып өсімдіктер мен жануарлардың ұқсастықтарын атап,жұптық жұмыс ретінде орындады

  • Қ.Б Бір-бірін «Басбармақ» әдісі арқылы бағалады.


Жануарлар туралы жұмбақ шешкізу арқылы тақырыпты аштым. (арыстан,түйе,қой )

Өзі жуас, өзі момын,

Бір шешпейді тонын.( қой )


Қанжардай тісі бар,

Тасыған күші бар.

Күжірейген жалды,

Білсең айт бұл аңды ? (Арыстан)


Өзі үлкен жануар,

Үстінде екі тауы бар. (түйе )


-Сендер бұл жануарларды білесіңдер ме?

-Қазақстанда тіршілік ететін қандай жануарларды білесіңдер?
















АКТ

үй жануарлары жабайы жануарлар туралы суреттер

Сабақтың ортасы



25 мин




























































































































































Сергіту жаттығуы

2мин




















МТ

Дүниежүзінде жануарлардың көптеген түрлері бар.Олардың барлығы жабайы болған,бірақ адам кейбірін қолға үйретті.Адамдар үй жануарларына қамқорлық көрсетеді.Қамқорлық дегеніміз-оларды қоректендіру,қорасын салу,олардың ұрпақтарына қамқорлық көрсету болып табылады.

Есіңе сақта !

Табиғатта өз бетінше тіршілік ететін жануарларды жабайы жануарлар дейміз.

Адамдар күтіп-баптайтын жануарлар үйжануарлары деп аталады.

Адамдар мал өнімдерін пайдалану үшін үй жануарларын асырайды. Оларға қора салады,азығын дайындайды.

Жабайы жануарлар табиғатта өз бетінше тіршілік етеді. Олар азықтары мен мекендейтін жерлерін өздері табады.

Үй жануарлары үшін адамдар малқора соғады.Сиырға арналған малқора-сиырқора деп атайды.Жылқыға арналған малқора –атқора деп атайды.

Оқулықпен жұмыс:

Т. “Ойлан-жұптас-салыстыр”әдісі.

  • Тапсырмалар:

  • -Төр түлік малдарды ата Төрт түліктің атауларын атаа

  • -Олардың пірлерін ата Төлдерін ата

  • -Төрт түлікті төлдерімен сәйкестендір -қалай дыбыстап шақыруға болады?.

  • Төрт түлік туралы қандай жұмбақ,жаңылтпаш.тақпақтарды білесің?

Дескриптор:

- Оқушылар төрт түлік малдарды атап және сәйкестендіре алады

ҚБ «Бағдаршам» арқылы бағалау


Ө(өзіндік) “Ойлан,тап” әдісі

Дәптермен жұмыс 14-бет

-Бірінші жолға үй жануар,ал екінші жолға жабайы жануарларының сурет нөмірін жаз

-Сенің өлкеңде мекендейтін жануарлар суретінің қасына √ белгісін қойып,суреттің нөмірін жаз (1.арқар,2.ит,3.қасқыр,4.сиыр,5.жылқы,6.құлан,7.қоян,8.аю,9.қой


ҚБ «Жетістік баспалдағы» арқылы оқушы өз-өзін бағалайды




Ж. 3-тапсырма “Пазл” әдісі арқылы тапсырманы орындау ҚБ 23-бет

Жануарлардың суреттерін қиып алып,тиісті бағанға желімде. (аю,ешкі,лақ,түлкі,бұғы,жылқы,құлын,сиыр,бұзау)

ҚБ “Мадақтау” арқылы бағалау




Т “Саралау” әдісі бойынша суретпен жұмыс

Суретке қара.

Жануарлар не істеп жатыр?

Олардың қайсысы жабайы,қайсысы үй ануары?

Неліктен?

-Ит пен құндыздың іс-әрекеттерінде қандай айырмашылықтар бар?


Нәтижесінде:Жабайы және үй жануарларын ажырата алады

ҚБ “ Күлегеш ” арқылы бағалау

Бұл бағалау түрі ұжымда бір-біріне қолдау көрсетуге,жетістікке жетуге жетелейді


Ұ.«Енелері мен төлдері»

«Жалғастыр» ойыны арқылы доп лақтырып оқушыларға бір – біріне үй және жабайы жануарларды шапшаң айтқызу және сәйкестендіру

Мыс:ит-күшік,тауық-балапан,мысық-марғау,үйрек-балапан,т.с.с


Shape3 Shape2 Shape4 Shape5


ҚБ . «Мадақтау»Жарайсың!



ӨЖ (өзіндік) Дәптермен жұмыс:

Бірінші жолға үй жануар,ал екінші жолға жабайы жануарларының сурет нөмірін жаз

-Сенің өлкеңде мекендейтін жануарлар суретінің қасына √ белгісін қойып,суреттің нөмірін жаз (1.арқар,2.ит,3.қасқыр,4.сиыр,5.жылқы,6.құлан,7.қоян,8.аю,9.қой


Үй жануарлары







Жабайы жануарлары








Дұрыс жауабын тақтаға іліп қойып,оқушылар өздерін текскреді.Нәтижесінде баспалдақтың қай сатысында тұрғанын анықтайды.

ҚБ «Жетістік баспалдағы»


Зерттейік:

Адасқан жануарларды өз қораларын табуға көмектес

Алдын – ала әзірленіп қойған белгілі үй жануарларының , олардың қораларының , азықтарының , бағып – қағуға арналған құралдардың суреттері таратылады.

Мақсаты:

үй жануарларының қораларын,азықтарын анықтау

Нәтижесінде:

үй жануарларының қораларын,азықтарын анықтады және әңгімеледі.



Мысалы: сиыр, түйе, ит, жылқы, шөп , қырғыш, жем-шөп,сүйектер, сиырқора,ит үйшігі, қойқора, атқора .

Әр топ бір жануарды таңдап алып,мәлімет жинайды.

ҚБ «Үш шапалақ» арқылы бағалау





Көңілді қимыл-әрекеттер




ӨЖ.Суретке қараңыз

Олардың қайсысы өз бетінше тіршілік етеді?

Қайсысына адамдар қамқорлық жасайды?

Сөйлемдерді толықтырып айтыңыз



Бұлар-.......жануар. Бұлар-.........жануар


Дескриптор:

Білім алушы

-өз бетінше тіршілік ететін жануарларды атайды;

-адамдардың қамқорлығындағы жануарларды атайды;

-Жануарларды үй және жабайы жануарларына топтай отырып,сөйлемдерді толықтырып айтады.

ҚБ. «Өзін-өзі бағалау»





https://go.mail.ru/search_videoYoutube
























1-тапсырма

Оқулықтың

25 -бет



















12-жұмыс парағы

14-бет















ҚБ 23-бет












Оқулық

24-бет














Оқулық

25-бет


















12-жұмыс парағы

14-бет






















15-бет

13-жұмыс парағы
































ҚБ 22-бет






Соңы

5мин

Қорытынды:

-Жануарлардың қандай екі топқа бөлінеді ?

-Үй жануары мен жабайы жануарлардың арасында қандай айырмашылық бар?

- Неге кейбір жануарларды үй жануары, ал басқаларын жабайы деп атаймыз?

«Жеміс ағашы» стратегиясы

Қызыл алма- тапсырманы жақсы орындаған оқушы;

Жасыл алма- тапсырманы орташа орындаған оқушы;

Сары алма- тапсырманы түсінбеген оқушы



Саралау – сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?





Қабілеті жоғары оқушыларға тапсырма: Суретке қарап жаңуарлардың іс-әрекетін айтып бере алады.жабайы және үй жануарларын ажырата алады.Ит пен құндыздың іс-әрекеттерінің қандай айырмашылықтарын бар екенін айтып бере алады және салыстыра алады




Қолдауды қажет ететін оқушыларға тапсырма: Жануарлардың атын атайды,үй жануарларын суреттен тауып бере алады.Сурет бойынша өз ойын жеткізе алады.



Бағалау

Оқушылар үй жануарлары мен жабайы жануарларды ажырата білді.Олардың мекен ету ортасы жайлы білім алды.


«Басбармақ»-«Ой қозғау»

«Бағдаршам түстері»-«Ойлан-жұптас-салыстыр»

«Күлегеш»-«Саралау»

«Мадақтау»-«Пазл»

«Жетістік баспалдағы»

«Өзін-өзі бағалау»

«Жеміс ағашы» стратегиясы



Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс











Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен міндеттері орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді?

Сабақ қалай өтті?

Қандай деңгейде өтті? Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? Тапсырмалар сәйкес болды ма?

Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?


Тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып мақсатыма жеттім

Жабайы жануарлар мен үй жануарларының айырмашылықтарын уйренді


Жануарлардың екі топқа бөлінетіндігін білді.



Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: «Жалғастыр» ойыны

2: «От шашу»

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:Жетістік баспалдағы

2: Жеміс ағашы

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
1338
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі