жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Жануарлардың қандай түрлері болады?
Оқу ісінің меңгерушісі:
|
Күні: Мектебі:№7 ЖОББМ. Сынып: 1 «Б» Мұғалімі: Кажгалиева Г.М. |
Қатысқандар саны: 21 Қатыспағандар саны:3 |
||||||||||||||||
|
Сабақтың тақырыбы |
Жануарлардың қандай түрлері болады? |
||||||||||||||||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
1.2.2.2 жабайы және үй жануарларын ажырату; 1.2.2.3 жыл мезгілдерінің ауысуына жануарлардың бейімделуін дайындығын түсіндіру |
||||||||||||||||
|
Оқу мақсаттары |
Барлық оқушылар:жабайы жануарларды үй жануарларынан ажырата алу; |
||||||||||||||||
|
Оқушылардың басым бөлігі: қоршаған әлемнің құбылыстарын, үдерістерін және нысандарын зерттеу қажеттілігін түсіндіру. |
|||||||||||||||||
|
Кейбір оқушылар: жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады. |
|||||||||||||||||
|
Табыс критерийлері |
үй және жабайы жануарлардың кейбір түрлері-мен танысады; жабайы жануарлардың үй жануарларынан қандай ерекшелігі бар екенін түсінеді; үй жануарларының тұратын жерінен сиырқора-мен, атқорамен, түйеқорамен, қойқорамен, иттің үйшігімен танысады; жануарларды қалай күту керектігін білетін болады; бақылау нәтижелерін жазуға дағдыланады. |
||||||||||||||||
|
Тілдік мақсат |
Диолог/жазу үшін қажетті сөз тіркестері: Талқылауға арналған сұрақтар: -Жануардың қандай түрлерін білесіңдер? -Үй жануары мен жабайы жануардың айырмашылығы қандай? Жабайы жануарлар-дикие животные-wildanimal Үй жануарлары-домашние животные-pets |
||||||||||||||||
|
Құндылықтарды дарыту |
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет,қоршаған ортаға сүйіспеншілік сезімдерін оята білуге, жануарларды аялауға үйретіп, мейірімділікке тәрбиелеу. |
||||||||||||||||
|
Пәнаралық байланыс |
Дүниетану, сауат ашу, |
||||||||||||||||
|
Ресурстар |
үлестірмелі парақшалар: орман, үй; белгілі үй жануарлары, олардың қорасы, күтуге арналған құралдар бейнеленген үлестірмелі материалдар. Интернет-ресурстар: ферманың күнделікті тіршілігі туралы бейнефильм |
||||||||||||||||
|
Алдыңғы меңгерілген білім |
Жануарлардың ортақ қасиеттеріне сүйене отырып, ерекшеліктерін ажырату |
||||||||||||||||
|
Сабақ барысы |
|||||||||||||||||
|
Сабақтың жоспарлан-ған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|||||||||||||||
|
Сабақтың басы Ынтымақ- тастық атмосфера-сын қалыптас-тыру 1 минут
2 минут
Жаңа сабақтың мақсаты-мен таныстыру. 2 минут Сабақтың ортасы 20 минут Оқылым айтылым Сергіту сәті 2 мин Сурет бойынша салыстыру 7 минут 2 минут 1 минут |
Күн шығады нұрланып, Жадыраймыз біздер де. Қол ұстастық бәріміз, Достығымыз мәңгіге! – Балалар, өткен сабақтарды еске түсіріп, қайталап өтейік. -Жануарларды неге тірі ағза дейміз? -Себебі олар қозғалады, өседі, қоректенеді. Жұмбақ жасыру Кезікті бір жануар, Үстінде екі тауы бар. (Түйе) Басында көп-ақ
бұтағы,
Төрт аяғы бар, Басында екі таяғы бар, Иегінде екі сақалы бар. (ешкі) «Көкке шаншып
құйрығын, Мүйізі айдай
иірген
жабайы жануарларды үй жануарларынан ажырата алу
Мысалы, сиыр, түйе, ит, жылқы, шөп, қырғыш, жем-шөп, сүйектер, сиырқора, ит үйшігі, қойқора, атқора. Оқушылар топпен талдап, адам әр үй жануары үшін не істей алатындығын сәйкестендіреді. Әр топқа бір жануарды таңдап алып, ол туралы мәлімет дайындауға ұсыныс жасауға болады. Арқар. Жұптұяқты сүтқоректі. Денесінің ұзындығы 1 м-ден 2 м-ге, биіктігі 1 м-ге дейін жетеді. Тау бөктерінде, жартасты тау етегінде, шатқалдарда тіршілік етеді. Құлан. Сырттай есекке ұқсайтын түз жануары,бірақ жылқымен ортақ белгілері көп. Жазықта, шөл және шөлейт жерлерде тіршілік етеді, тау бөктерлерінде де кездестіруге болады. Құндыз. Сүтқоректі, ірі кеміргіш. Денесініңұзындығы кейде 1 м-ге дейін жетеді. Жүзе алады, артқы аяқтарының саусақтарының арасында жарғақтары бар, алдыңғы аяқтарымен бұтақтарды қар мап ұстап, жерді қаза алады. Судың астында 15 минутқа дейін бола алады. Ағаштың қабығы мен сүрегін қорек етеді. Ойлан! Оқушылар мынадай сұрақтар бойынша ойланып көрсін: -Ит қандай әрекеттер жасайды? -Қасқыр ше? -Олардың қандай ұқсастығы бар? -Негізгі ерек шеліктері не?
“Орман” және “үй” деген үлестірмелі материалдарды оқушыларға таратып беріңіз. Мұғалім жануарларды атайды, ал оқушылар оны жабайы жануар деп санаса “ОРМАН”, үй жануары деп ойласа “ҮЙ” белгісін көтереді.
қ Жабайы қорегін өзі табады, жарақатын жалап жазады.
Үй жануары, адамқамқорлық жасайды.
Тірітабиғат, жануар, өседі, өнеді
ӨЖ үй жануарын қызыл түспен, жабайы жануарларды сары түспен бояу Жабайы жануарлар-дикие животные-wildanimal Үй жануарлары-домашние животные-pets ҚБ «Енелері мен төлдері» сәйкестендіру Үй жануарларын атапшығуды тапсырыңыз. Әр жануар қандай дыбыс шығаратынын дыбыстап көрсетуге болады. Ойын: “Жалғастыр” Мысалы: ит — күшік, тауық — балапан, мысық — марғау, үйрек — балапан, қаз — балапан. |
Қосымша мәлімет
Суреттер, үй , орман белгісі
|
|||||||||||||||
|
Оқылым Жазылым 5минут
|
ӨЖ Жұмыс дәптерінің 5-6 бетіндегі тапсырмаларды орындау Үй және жабайы жануарлар. Бұл тапсырманы барлық оқушыларға жеке орындауға беру. Тапсырманы аяқтаған соң өзара бағалау арқылы тексеруді ұсыну. Тапсырманы орындау жылдамдығы мен дұрыстығына назар аударыңыз. Содан соң бейнеленген жануарларды тағы бір атап шығуды ұсыныңыз. Жауабы:
Оқушылар әртүрлі жануарлардың тіршілік ете тін орнының атауларын біледі. Адасқан жануарлар. Оқушылар жануарларға өз мекендейтін орнын тауып алуына көмектесуі қажет. Тапсырманы орындау барысында тағы бір рет жануарлардың және олардың мекендейтін орнының атауларын айтып өтеді. Жұптағы балалардың бірін-бірі бағалауын ұйымдастырыңыз. Жауап беруге қиналған оқушыларға көмектесу қажет. Жауабы: Үйшік — ит, қойқора — қой, атқора — жылқы |
Жұмыс дәптері
|
|||||||||||||||
|
Сабақтың соңы 3 минут
|
Сабақтың соңында «Төртінші артық» ойынын ойнату. Оқушылар тақтаға қарап, әр жолақта жазылған артық сөзді тауып, ол сөздің неге артық екенін түсіндіру керек. Түлкі, қасқыр, аю, ешкі Бұғы, жылқы, ит, керік Құлын, күшік, лақ, сиыр -Біз бүгін не үйрендік?
|
Смайликтер
|
|||||||||||||||
|
Қосымша ақпарат |
|||||||||||||||||
|
Дифференциация – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? |
Пәнаралық байланыстар Денсаулық және қауіпсіздік АКТ-мен байланыстар Құндылықтармен байланыстар (тәрбиелік элемент) |
|||||||||||||||
|
Өзіндік жұмысы барысында қиындық туындаған оқушыларға көмек көрсету. |
Оқушылардың жұмыс жасау барысын бақылау жүргізіп бағалау. Комментарий беру арқылы бағалау. |
Сергіту сәтін өткізу.
|
|||||||||||||||
|
«Жануарлар» тарауының «Жануарлардың қандай түрлері болады?» тақырыбындағы сабағымды өткізген кезде оқушылардың оқу материалын нәтижелі меңгеруі үшін топтық жұмыс жүргіздім. Өткен сабақ пен бүгінгі сабақтың арасында байланыс орната отырып, жаңа сабақты меңгерту жолында суреттерді қолдандым. Қызықты тапсырмаларды төртінші артығын тап, сурет бойынша жануарларды топтастыру, жалғастыр тапсырмаларын орындай отырып, жануарлар өміріне қызығушылықтары оянды. Суретті сәйкестендіру, бояу тапсырмаларын топта ұйымшылдықпен орындады. Сабақ барысында бармақпен бағаланып кері байланыс жүргізіліп отырды. Сабақ мақсатына жетті. |
|||||||||||||||||
















Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген