Материалдар / Жануарлардың қозғалуы: балықтар,қосмекенділер, құстар бауырымен жорғалаушылар, сүтқоректілер.

Жануарлардың қозғалуы: балықтар,қосмекенділер, құстар бауырымен жорғалаушылар, сүтқоректілер.

Материал туралы қысқаша түсінік
қосыша мәлімет жинауға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Ақпан 2021
828
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Биология пәнінің мұғалімі Дузелбай Д

Свободный орта мектебі»

Сынып: 7

Тарау: 7.3B – жануарлардың қозғалуы

Балықтар
Қосмекенділер
Бауырымен жорғалаушылар
Құстар
Сүтқоректілер

Балықтардың суда тіршілік ететіні бәрімізге белгі сондықтан оның су ішінде қозғалу мүшелері мен мүшелер жүйесі жақсы жетілген. Балықтардың дене пішіні суда жүзуге ыңғайлы бас жағы сүйірлене бітіп, тұлғаға қарай дөңестеніп жуандайды, құйрығына қарай жіңішкереді. Екі бүйірі сәл қысыңқы болады, денесі сүйекті қабыршақпен қапталған. Әр қабыршақтың артқы жиегі алдыңғы жиегіне келесі қабыршақтың жиегіне жапсарласа орналасады. Балықта құйрық жүзбе қанаты, жұп көкірек қанаты, бір жұп құрсақ жүзбе қанаттары бар. Ал құйрық немесе екі арқа және бір құрсақ асты (аналь) жүзбе қанаттары болады. Сонымен қатар балықта жақсы қозғалуына әсер ететін торсылдақ болады. Торсылдақтың атқаратын қызметі су түбіне бату және су бетіне жеңіл көтерілу, балықтардың кейбір түрлерінде дыбыс толқынын күшейтетін резонатор, ал кейбір балықтарда дыбыс шығаратын мүше.

Қосмекенділер - құрлықта тіршілік етуге бейімделген алғашқы омыртқалы жануарлар осыған байланысты көптеген түрлерінде екі жұп аяғы бар, артқы аяқтары ұзын болады, сондықтан секіріп қозғалады. Аяқтары негізінен үш бөлімнен тұрады. Алдыңғы аяқта қар, білек, алақан сүйектерінен, артқы аяқта сан, сирақ, табан сүйектерінен тұрады. Алақаны төрт саусақты, табан бес саусақты.

Құстардың алдыңғы аяқтары қанатқа айналған. Қанаттың қалақшасын түзетін ұзын қауырсындар - қанатты қағушы қауырсындар деп аталады. Қанаттың үстіндегі ірі қағушы қауырсындар денені ауада ұстайтын қалықтау бетін құрайды. Құйрықтағы ірі қауырсындар құстың ұшу бағытын өзгертуге және қонған кезде ұшуды баяулатуға жәрдемдесетін бағыттаушы қауырсындар.

Құстың беломыртқалары сегізкөз бен құйрықтың алдыңғы омыртқалары бірігіп жамбас сүйектері тұтасып қозғалмайтындай болып байланысады. Оларда дене артқы аяқтарға берік мықты тірек болып табылады.
Сүтқоректілердің тірек қимыл жүйесінің құрылысы қосмекенділер мен жорғалаушыларға ұқсас. Әрине әр түрдің қозғалуы соған байланысты тірек - қимыл жүйесінің өзіне тән ерекшеліктері бар.






«Кім жылдам»


  1. Қозғалудың жануар өмірінде қандай маңызы бар? Гидра қалай қозғалады?

  2. Қанның құрамына қандай заттар кіреді?

Қан ағзада қандай қызмет атқарады?

  1. Лейкоциттердің эритроциттерден айырмашылығы қандай?

  2. Эритроциттер қандай мүшелерде түзіледі?

  3. Жасанды иммунитет және табиғи иммунитет дегеніміз не?

  4. Гемоглабиннің ағза тіршілігі үшін қандай маңызы бар?

  5. Шаянтектестердің зәр шығару мүшесі қалай аталады?

  6. Балықтардың негізгі тыныс алу мүшесі қалай аталады және ол оттегінің қандай түрімен тыныс алады?

  7. Құстарда қосарлы тыныс алудың қандай маңызы бар?

  8. Ағзада тыныс алу қандай процесс және 1 минутта қанша рет тыныс алады?

  9. Күйіс қайтаратын жануарлардың қарны неше бөлімді?

  10. Сүтқоректілерде қандай тістер болады?

Биологиялық диктант

  • Гидраның қозғалуын.....маңызды рол атқарады, жиырылғыш.......бар

  • ......гидраның денесі жиырылады.

  • Сақиналы ......... жиырылғанда құрт денесі жиырылады.

  • Өзен шаянының денесі .........тұрады.

  • Кальмар, сегізаяқ, каракатица ......... тәсілмен қозғалады.

  • Шұбалшаңның денесі ұзарып жіңішкеруі мен қысқарып жуандануы.......... байланысты.

  • Қимыл-қозғалыстың түрлері.....

  • Көбелектер, қоңыздар, инеліктер ......... арқылы қозғалады.

  • Қозғалуға........ұлпасының........жасушасы қатысады.

  • Жасушалардың әр қайсысының түбінде........

  • ........талшық бар



Омыртқалы жануарлардың қозғалуы



  • Омыртқалылардың қозғалуын балықтан бастайық. Балық суда тіршілік ететінін білеміз, сондықтан оның су ішінде қозғалуын қамтамасыз ететін мүшелер мен мүшелер жүйесі жақсы жетілген. Балықтардың денесі суда жүзуге бейімделген. Бас жағы сүйірленіп, тұлғаға қарай дөңестеніп жуандайды, құйрығына қарай жіңішкереді. Құйрығы жүзбе қанатымен аяқталады. Денесі сүйекті қабыршақпен қапталған. Оның құйрық жүзбе қанатынан басқа бір жұп көкірек, бір жұп құрсақ жүзбе қанаты бар. Және құйрық бір не екі арқа мен бір құйрық асты аналь жүзбе қанаттары сыңар болып келген. Алға қарай жүзгенде құйрық жүзбе қанаты рөл атқарады. Балықтың суда күрделі қимылдар жасауда бұлшық еттері де көп көмектеседі. Көп балықтардың жүзуін реттейтін торсылдақтары бар. Торсылдақ кей балықтарда дыбыс толқынын күшейтетін резонатор, ал кей балықтарда дыбыс шығаратын мүше ретінде жұмыс жасайды.


Қосмекенділер

  • Қосмекенділер – құрлықта тіршілік етуге бейімделген алғашқы омыртқалылар. Сондықтан олардың екі жұп аяғы бар, артқы аяқтары ұзын болады. Қосмекенділер сияқты өмірлері жартылай сумен байланысты түрлерде саусақтарының арасында терілі жүзбе жарғақ болады. Аяқтары үш бөлімнен тұрады.

  • Алдыңғысы – қар, білек, алақан. Алақанда төрт саусақ.

  • Артқы аяғы – сан, сирақ, табаннан тұрады. Табанында бес саусақ. Алдыңғы аяқта – тоқпан жілік, кәрі жілік, алақан, саусақ сүйектері болса, артқы аяқта ортан жілік, табан сүйектері бар. Бұлар өзара буын арқылы омыртқа жотасымен байланысады.

  • Қосмекенділер мен жорғалаушылардың тірек-қимыл жүйесі ұқсас, қозғалысына байланысты әр түрдің өзіне тән ерекшелігі бар.

  • Мысалы: кесірткенің аяқтары денесін жоғары көтере алмайды, себебі аяқтары қысқа, сондықтан, қозғалуына құйрықтары көмектеседі. Ал жыландардың аяқтары жоқ.


Құстар

  • Құстардың алдыңғы аяқтары қанатқа айналған. Қанаттың қалақшасын түзетін ұзын қауырсынды қанатты қауырсындар деп атаймыз.

  • Құйрықтағы ірі қауырсындар – құстың ұшу бағытын өзгертуге және қонған кезде ұшуды баяулатуға жәрдемдесетін бағыттаушы қауырсындар.

  • Құстардың беломыртқалары сегізкөз бен құйрықтың алдындағы омыртқалары бір-бірімен жамбас сүйектері мен қозғалмайтындай болып байланысқан. Олар денеге артқы аяқтарға берік, мықты тірек болып тұрады.

Сүтқоректілер


Сүтқоректілердің қимыл жүйесі қосмекенділер мен жорғалаушыларға ұқсас, әр түрдің соған байланысты қозғалуында өзіне тән ееркшеліктері бар.

«Кел, ойнайық»

Сөйлемді толықтырайық

  • Балықтың қозғалуын қамтамасыз ететін мүшелер ..........

  • Қозғалу кезінде...........басты рөл атқарады

  • Балықтарға су бетіне жеңіл көтерілуіне және су түбіне батуына .......көмектеседі.


«Мен білемін»

  • Бақаның қанша аяғы бар?

  • Алдыңғы аяғы мен артқы аяғының айырмашылығы неде?

  • Бақаның қозғалу тәсілдері.

  • Құстар қандай тәсілдермен қозғалады?

  • Құс қауырсынының түрлерін ата және олар қай жерде орналасады?

  • Құс денесі ұшуға қалай бейімделген?

  • Бақаның артқы аяғында қандай сүйектер бар?

  • Торсылдақ кейбір балықтарда ненің қызметін атқарады?

  • Бақаның аяқтары үш бөлімнен тұрады, ата?



Видео материалдар тізімі :


https://www.youtube.com/watch?v=E5zi50ffmTw


https://www.youtube.com/watch?v=KRx4F0ERb3w


https://www.youtube.com/watch?v=bc3U-CeK0cA


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ