400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жануарлардың қыс мезгіліне дайындығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: «Таным»

Бөлімі: «Жаратылыстану»

Тақырыбы: «Жануарлардың қысқа дайындығы»

Мақсаты: Жыл мезгіліне сәйкес жануарлардың тіршілігіндегі өзгерістер туралы білімдерін қалыптастыру. Қазақстанды мекендейтін жабайы жануарлар, олардың тіршілігі туралы түсініктерін кеңейту (аю, қоян, түлкі, қасқыр).

Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: жануарлар туралы түсінік беру

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрсету, әңгімелеу

Кіріктірілен сабақ: Сөйлеуді дамыту, мүсіндеу, құрастыру

Қолданылатын көрнекі құралдар: слайд, суреттер 

Қостілділік компонент: Аю-медведь, қасқыр-волк, түлкі-лиса, қоян-заяц 



Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

Тәрбиеші: Қане, балалар біздің тобымызға көптеген қонақтар келіп отыр екен. Қонақтармен біз амандасып алайық. (Балалар ортаға жылуылық шеңберіне тұрады, жаттаған тақпақтарын бірге айтады)

Жылулық шеңбері

Күннің көзі ашылды,

Көкке шуақ шашылды.

Құтты қонақ келіпті,

Төрімізге еніпті.

Амандасу үлкенге

Тәрбиенің ісі ғой

Ал, қанеки, бәріміз

«Сәлеметсіз» дейік әркімге.

Тәрбиеші:- Өте жақсы балалар, орындарыңа отыра қалыңдар.

Мен сендерге сұрақ қойғым келіп тұр, жауап беруге дайынсыңдар ма?

Балалар: -Иә

Тәрбиеші: -Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар: -Күз

Күз мезгілінде неше ай бар, атап беріңдерші?

Балалар: -Үш ай, қыркүйек, қазан, қараша

Тәрбиеші: -Осы күз мезгілінен кейін жылдың қай мезгілі келеді?

Балалар:- Қыс мезгілі

Тәрбиеші:- Өте дұрыс айтасыңдар.

Ендеше бүгінгі өтетін тақырыбымыз «Жануарлардың қысқы тіршілігі» деп аталады?

(Осы кезде есік қағылады, тәрбиеші есікті барып ашып көреді, жерден сиқырлы қорапшаны көреді)

Тәрбиеші: -Балалар қараңдаршы мен жерден сиқырлы қорапша тауып алдым. Ішінде не бар екенін көрейік.

(Тәрбиеші «хат» алып шығады)

Құрметті балалар мен сендердің бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметтеріңе байланысты тапсырмалар бергім келді. Сендер тапсырмаларды дұрыс орындасаңдар сиқырлы қорапшаның ішіндегі сыйлық сендердікі болады. Тәрбиеші апайларың ұйымдастырылған оқу қызметі аяқталғанда береді.

Сәлеммен: Орман Ханшайымы



Тәрбиеші: Қане балалар, сендер мұқият тыңдаңдар, сендерге Орман Ханшайымының бірінші тапсырмасы берілген жұмбақтарды шешу. (Жұмбақтың жауабын екі тілде қайталап айту)

Бірінші тапсырма: «Жұмбақ»

Көлеңкесінен қорқып безектер

Ал оның баласын «көжек» дер (Қоян)


Аузы бейне шалғы орақ

Шөп емес, бірақ малды орады (Қасқыр)


Өзі қу , әрі айлакер

Жүрген жері айқай шу (Түлкі)


Тәтті көрсе бас салар

Айнымайды баладан (Аю)


(әр жұмбақтың шешуін тапқан соң суреттерін тақтаға іліп отыру)


Тәрбиеші: Бұлардың барлығын бір сөзбен қалай атаймыз?

Балалар: Жануарлар

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар, қане балалар суретке қарайықшы?

Бұл аңдар қайда мекендейді?

Балалар: Орманда

Ал сендер осы орман тұрғындарының немен қоректенетінін білесіңдер ме?

(балалардың жауабы тыңдалады)

Ендеше балалар мен сендерге айтып берейін.(слайд немесе бейнетаспа арқылы көрсету)

Аю-жыртқыш аң . Басы үлкен, құлағы кішкентай. Аю ақылды, иіс сезгіш. Суда өте жақсы сүңгиді.Тамақ талғамайды. Аю күздей семіріп,қыс бойы ұйықтайды. Балды өте жақсы көреді.


Қасқыр-қайсар,сақ,азулы,жыртқыш аң. Жартасты шатқалдарды, таудың етектерінде,үңгірде жатады.Қасқыр да сезімтал жануар,ол еркіндікті жақсы көреді.


Түлкі - жыртқыш аң.Түсі сұрғылт,сары, құйрығы ұзын,сирағы қысқа.Әр маусымда жүндері өзгеріп отырады. Түлкі өте айлакер, қу аң. Ол тышқан,жәндіктерді жейді.


Қоян-қорқақ.Тез жүгіруге бейімделген аң.Ін қазуға,өрмелеуге бейім. Жүні өте жұмсақ. Қыста жүні аппақ болады.


Сөздік жұмыс

Аюдың баласы –қонжық

Түлкінің баласы-мыршай

Қасқырдың баласы –бөлтірік

Қоянның баласы-көжек.

(суретімен таныстыру, алғашқы суреттің жанына орналастыру)


Екінші тапсырма: Дидактикалық ойын: «Не артық?»
Үй жануарларының ішінен жабайы жануарды табу.

(Тәрбиеші балаларға үй жануарларының суреттерінің ішіне жабайы жануарлардың суретін араластырады, балалар үй жануарларының суретін алып тастауы керек)

Тәрбиеші:-Қалған жануарларды бір сөзбен қалай атаймыз? (Жабайы жануарлар)
- Неге жабайы жануарлар дейміз?
(себебі олар орманда, адамдардың көмегінсіз өмір сүреді)
Тәрбиеші: Қане балалар, барлығымыз сергіп алсақ қалай болады. Алда әлі орындайтын көптеген тапсырмаларымыз бар)

«Сергіту сәті»
Ал, балалар тұрайық,
Ормандағы аңдардың жүрісін салайық.
Қорқақ қоян, сұр қоян,
Ытқып - ытқып секірді.
Көкжал қасқыр ұлиды,
Ауыл маңын ториды.
У.... У... У....,
Қорбаң - қорбаң қорбаңбай,
Аю жүрер қорбаңдай.
Р... Р... Р....,
Түлкі жүрер сылаңдап,
Әдемі құйрығы бұлаңдап.

Үшінші тапсырма: «Қоянға сәбіз жасау»

(Балаларды екі қатарға бөледі)

1 топшаға: Балалардың алдына тоқсары түсті қағаздар беріледі. Сол қағаздарды бүктеу арқылы сәбіз жасайды.

2 топшаға: Балалардың алдына иленген тұзды қамыр беріледі. Сол қамырдан балалар сәбіз жасайды.

Төртінші тапсырма: «Жабайы жануарлардың іздерін табу»

Балаларға тапсырмалар жазылған парақтар таратылады. Балалар сызу арқылы табу керек.


Бесінші тапсырма: Бір баланы тақтаға шығарып алдына жабайы жануардың қиылған суреттері беріледі. Суреттен шыққан жануарды атап, жаттаған тақпағын айтып беруі керек.


Қорытынды

Балалар біз бүгін қандай жануарлардың қысқы азықтарымен таныстық?

(балалардың жауабы тыңдалады?)


Тәрбиеші:-Міне балалар, біз бүгін Орман Ханшайымы берген тапсырмалардың барлығын орындадық, енді сендер бүгінгі тапсырмаларды мұқият орындап, берілген сұрақтарға жауап беріп, жұмбақтардың шешімін дұрыс тапқандарығ үшін Орман Ханшайымы берген сыйлықты тарту етемін.

(балаларға сыйлықтар беріледі)

Күтілетін нәтиже:

Біледі: жыл мезгіліне байланысты жануарлардың тіршілігіндегі өзгерістер туралы

Түсінеді: қай жануар немен және қалай қоректенетіні туралы

Қолданады: үй жануарлары мен жабайы аңдарды айыра білуді



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17 ақпан
552
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі