400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жануарлардың тіршілік ортасына бейімделуі

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ 3-сынып дүниетану пәнінен
Материалдың қысқаша нұсқасы


Сабақтың тақырыбы

Жануарлардың тіршілік ортасына бейімделуі

Мақсаты



Күтілетін нәтиже

1.Оқушылардың жануарлардың мекен ету ортасы туралы түсініктерін қалыптастыру, жануарлардың бейімделушілік туралы ұғым беру.


Жануарлардың тіршілік ету ортасы және олардың қоректенуі; жануарлардың топқа бөлінуі; жануарларды қорғаудағы адамның әрекеті; Қызыл кітапқа енген жануарларды қорғау жолдарын меңгеруі қажет.

Қосымша ақпаратты жинақтау және олардың қажеттісін іріктеп алу білігін қолдана білуінен; танымдық , зерттеушілік, жобалаушылық, шығармашылық тұрғыдан жұмыс істеу білігінен көрініс табуы тиіс.

Қоршаған ортаны сақтауға және оны қорғауға, оған қамқорлық жасауға ұмтылысы күшиеді

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың түрі: аралас
Әдіс - тәсілі: проблемалық ізденіс, талдау, модульдік оқыту технологиясы әдістері, СТО әдістері
Көрнекілігі: сабақтың таныстырылымы, бейнежазбалар, суреттер.

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің әрекеттері Оқушылардың Ресурстар

әрекеттері

Сыныпта ынтымақтастық атмосфера қалыптастыру

- Балалар, бүгінгі біздің дүниетану сабағымызға қонақтар келіп отыр. Сондықтан қонақтарымызға сәлем беріп, амандасайық.

-Балалар, аязды қыс аяқталып, шуақты көктем де келіп жетті. Далада алғашқы гүлдер гүлдеп дала сәнін келтіруде. Біздің сыныпта да гүлдер жайнап тұр.Бұл не деген гүлдер екен? Бұл сиқырлы гүлдер.

(Тақтада гүлдер ілініп түр )

Әрқайсысын бір гүлді таңдайсыңдар. Сол гүлдің шетінде жазылған санды өзімен байланыстырасыңдар.

Мадақтау.

Қонақтармен амандасады.










Тақтаға шығып бір гүлді таңдайды, өзімен байланыстырады.


Слайд №1




Слайд № 2

Топқа бөлу








Үй жұмысын тексеру

Гүлдің сыртындағы суреттер арқылы топтарға бөлу.

І-топ: орман

ІІ- топ: шалғын

ІІІ- топ : су

Топ ережелерін есімізге түсірейік



-Балалар, бүгінгі сабақта қандай баға алғыларын келеді ?

Стикерге сол бағаны жазып күнделіктерінің соңғы бетіне жасырып қойындар.

-Жақсы баға алу үшін не істеу

керек ?

Өткен тақырыпты қаншалықты жақсы білесіңдер? Тексеріп көрейік.

«Дұрыс - бұрыс тұжырымдамасы»

Әрбір топқа өткен тақырып бойынша 3 түйін сөздер беріледі.

І топ:

1.Өрмекшілер- бунақденелілерге жатпайтын, жануарлардың ерекше тобы. (Дұрыс)

2.Өрмекшілерде алты аяқ болады.

(Бұрыс. Өрмекшілерде 8 аяқ болады)

3. Өрмекші өзінің жемін аяқтар арқылы ұстайды. (Бұрыс. Өрмекші жемін өрмек арқылы ұстайды)

ІІ топ:

1.Барлық өрмекшінің де уы бар. (Дұрыс)

2. Қарақұрттың уы адам үшін зиянсыз. (Бұрыс. Оның уы адам өміріне қауіпті)

3. Қарақұрт уына қарсы сарысу салады. (Дұрыс)

ІІІ топ:

1.Бүйі-Қазақстан аймағында кездесетін ең кішкентай өрмекші.

(Бұрыс. Керісінше ол ең ірі өрмекші)

2. Кенелер көктем кезінде өте қауіпті болады. (Дұрыс)

3. Жорыққа шыққанда қауіпсіздік ережесін сақтау қажет емес.

(Бұрыс. Міндетті түрде сақтау керек)


Топтардың өзара бағалауы.

(Геометриялық фигуралар арқылы)

Топтарға бөлініп отырады.




Топ ережелерін оқиды



Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.










Қағаз парағына жазылған түйін сөздерді оқиды. Ақылдаса отыра дұрыс-бұрыс екенін анықтайды.

Дұрыс «+» белгісін қояды, бұрыс «-» белгісін қояды.


Тақтадан тексереді.


Слайд №3

Слайд №4

Өзін-өзі бағалау критерийлер



Слайд №5


Қағаз парақтары

Слайд №6


Слайд №7


Слайд № 8

















Геометриялық фигуралар


Қызығушылық

ты ояту

-Балалар, қарақұрт, өрмекші, кене және басқа да жануарлар қайда тірішілік етеді ?

Яғни, жануарлар барлық жерде тіршілік етеді . Нақты айтсақ орманда, шалғында, судада тіршік етеді.


Коллаж жасау

«Суреттерді орнына орналастыр».

І-топ: орман жануарлары

ІІ топ: шалғын жануарлары

ІІІ топ: суда тіршілік ететін жануарлар.

Коллажды қорғау.

-Орманда қандай жануарлар мекендейді екен ?

-Шалғында қандай жануарлар мекендейді екен ?

-Суда қандай жануарлар мекендейді екен

Топтардың өзара бағалауы.

(Геометриялық фигуралар арқылы)

Сұрақтарға жауап береді. Білгендерін ортаға салады.






Берілген тапсырманы ақылдаса отырып орындайды.



Ортаға шығып коллажды кезекпен қорғайды.









А3 қағазы

суреттер, желім





Слайд №9


Геометриялық фигуралар

Мағынаны тану

«Проблемалық жағдаят туғызу»

-Балалар, сендер ойлаңдыңдар ма? Неге осы аю, бұғы, қасқыр орманда мекендейді, балықтар, дала үйректері суда

мекендейді. Неге балықтар орманда мекендемейді? Ал аюлар үнемі суда жүзіп жүрмейді.

Балалардың жауаптарын қорытындылау:

Барлық жануарлар өз тіршілік ортасына әрқалай бейімделеді екен.

Дәптермен жұмыс.

Сөздік жұмыс

Бейімделушілік дегеніміз ағзалардың нақтылы орта жағдайына тіршілік етуін қамтамасыз ететін арнайы қасиеттердің пайда болуы.

Мысалға тасбақаны алсақ:

Бейнежазба № 1

Слайд №10

Слайд № 11

Слайд № 12

Сергіту сәті

(1 мин)

«Жануарлар биі» Музыка ырғағына билеп

ой сергітеді,шаршағандары

басылады

Оқулықпен жұмыс

І-топ: орман жануарлары туралы мәліметтерді оқып, негізгі

ойларды анақтау.

ІІ топ: шалғын жануарлары туралы мәліметтерді оқып, негізгі ойларды анақтау.

ІІІ топ: суда тіршілік ететін жануарлар туралы мәліметтерді оқып, негізгі ойларды анақтау.

Топтардың өзара бағалауы.

«Көнілді, көнілсіз смайликтер» арқылы

Топтардың жауаптарын қорытындылау.

Бейнежазба №2

Слайд №13

Бейнежазба


Слайд № 14

Смайликтер


Слайд №15

Ойтолғаныс

«Сабақтан түйген ойлар»

-Балалар, жануарларға бейімделушілік не үшін қажет ?

Топта аталқылап, ойларынды білдіріндер.

Топтапдың жауаптарын қорытындылау:

Жануарлардың өз тіршілігін сақтап қалу үшін қажет.

Бейнежазба №3

Жануарлардың өсіп өнуіне табиғатта әртүрлі қауіпті жағдайлар кедергі жасауы мүмкін.

-Ал адамдардың іс-әрекеттерінен жануарларға қауіп төнуі мүмкін бе ? Өз ойларынды ортаға салындар.

Адам өзін қоршаған табиғатпен тығыз байланысты. Адамдардың әрекеттерінен табиған өзгереді.

Мәселен, адамдар жолдар салады, үйлер тұрғызады, өзендерді бөгейді, ормандарды кеседі. Осының бәрі жануарлан тіршілігіне әсер етеді. Жануарлар бәрі бірдей тіршілік ортасында бейімделе алмайды, сондықтан кейбір түрлері азаяды, кейбір түрлері мүлдем жойылып кетеді.

Қазіргі уақытта көптеген жануарлар түрлері азайып, жойылып бара жатыр. Сондықтан ондай жануарларды қорықтарға мекендетеді және Қызыл кітапқа енгізеді.

-Осындай жағдайды болдырмау үшін адамдар табиғатты қорғау және сақтау үшін көптеген ережелерді ұстану керек. Сол ережелердің кейбіреулерін құрастырып көрейік.

Топтарға тапсырма:

Қима қағаздарды құрастырып ереже шығару.
1 топ: Жануарлардың тіршілік ортасын сақтау керек.

2 топ: Табиғат ресурстарын тиімді, зиянсыз пайдалану керек.
3топ: Табиғатты қорғау туралы ережелерді ескеріп жүру.

Слайд № 16

Слайд №17


















Слайд №18

Үйге тапсырма

Топтық жұмыс

Қызыл кітапқа енген жануарлар туралы мәліметтер жазып келу.

І топ: орман жануарлары

ІІ топ: шалғын жануарлары

ІІІ топ: суда тіршілік ететін жануарлар

Күнделіктеріне жазып алады.



Слайд №19

Бағалау

Өзіндік бағалау

Жиынтық бағалау.

Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау.

Үлгерімі төмен оқушыларды жоғары жетістіктерге жетелеу.


Слайд №20

Кері байланыс

«Гүлшоққа қонған көбелектер»

-Балалар, табиғатта көбелектер бір гүлден екінші гүлге қонып гүлдің нәрін алады, ал сендер бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңдар ?


Көбелек пішінді стикерге сабақтан алған әсерлері туралы жазып, дауыстап оқып, гүлшоққа жапсырады.

Гүлшоқ суреті,

стикерлер

Слайд №21



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25 қаңтар
750
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі