жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
жаным толған жақсылық
|
|
Абишева Асия Жандосовна Алматы облысы, Әуезов ауданы Математика , информатика және физика пәні мұғалімі e-mail: abisheva.as@mail.ru |
Бітірген оқу орны:
1. Қазақ қыздар мемлекеттік педагогикалық институты
2.Физика математика факультеті
Кәсіби біліктілігі мен кәсіби тәжірибесі:жоғары
Тілдік дағдылары:Қазақша, орысша, ағылшын
Компьютерлік сауаттылығы: жоғары
Жалпы еңбек өтілі: 30жыл 9 ай
Педагогикалық өтілі: 30 жыл
Осы мектептегі өтілі: 15 жыл 9ай
Атқаратын қызыметі: «Математика» пән мұғалімі
Жеке қасиеттері:Жауапты, адамдармен, ұжыммен қарым-қатынас орнатуға бейімді, ұстамды, басқарушы қабілеті жоғары, ұжыммен жұмыс істей алады,ұқыпты, алға қойған мақсатына қол жете алады. Абишева Асия Жандосовна №123 мектеп-гимназияда математика пәнінен сабақ береді және математика, мектеп тренері болып , мұғалім ретінде мектептің өркендеуіне өзінің зор үлесін қосып келеді. Шығармашылықпен жұмыс жүргізетін, өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын білікті, ізденімпаз педагог. Өз ісінің шебері. Өз пәнінің теориясы мен әдістемесін жетік меңгерген маман, дарынды балалармен жұмысты жоғары деңгейде ұйымдастыра алады.
Қызығушылық:саяхатқа шығу,би,музыка т.б.
Тақырыбы: «Жаным толған жақсылық»
Мақсаты:
-Оқушылардың «қайырымдылық», «қамқорлық», «жақсылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
-Оқушылар арасында жағымды қарым-қатынас орнату.Бір-біріне жақсылық жасай білуғе және қоршаған ортаға жақсылық жасай білуге ой-өрісін дамыту.
- Оқушыларды мейірімділікке,
сыйластыққа, әдептілікке, адалдыққа, жақсылық жасай білуге
тәрбиелеу.
Міндеттері:
- жақсылық жасаудың адами қарым - қатынастағы мәнділігін
түсіндіру;
- жақсы істер жасай білу іскерліктерін дамыту;
- қайырымдылыққа, ізгілікке, қамқор болуға
тәрбиелеу.
Көрнекі
құралдар: оқулық, дәптер, үнтаспа,
Топқа бөлу:ортаға сыныптың 3 оқушыны шақырып, кіщкене күндерінде
атасы қалай еркелеткендерін сұрау арқылы..
Жаңа сабақты өткен сабақпен байланыстыру мақсатында үй тапсырмасын
сұрау
«Мен мейірімді баламын» тақырыбында құрастырып келген әңгімелеріңді
тыңдайық.
Балалардың жауаптары тыңдалады.
- Жарайсыңдар, балалар, мен сендердің мейірімді істеріңді естіп,
қуанып тұрмын. Адамға, қоршаған ортаңа мейірімді болу адамды
жақсылық жасауға жетелейді.
Жақсылық жаса досыңа,
Бірге ойнаған жасыңнан.
Қиналған кезде әрқашан,
Табылсаң болды қасынан.
Болғың келсе жақсы адам,
Жақсылық жаса әрқашан
- Бүгінгі сабағымызда жақсылық жасау туралы
әңгімелесеміз.
- Бейне
талдау:«Әлемді ... » мәтіні бойынша
түсірілген бейнежазбаны талдау б.
Сұрақ - жауап
- Осы бейнежазбадан қандай ой қорытуға
болады?
- «Жақсылық жасау» дегенді
қалай түсінесің?
- Өзің қандай жақсылық жасай аласың?
- Жақсылық жасауды қайдан үйрендің?
- «Жақсы ісің алдыңнан шығады» дегенді қалай түсінесің?
- Мұғалім толықтырады
- Жақсылық жасау дегеніміз адамдарға, айналаға, табиғатқа
қайырымдылық пен
қамқорлық жасауды, көмек көрсетуді білдіреді. Адамдардың бір -
біріне жиі жақсылық жасауы, оларды жақындастырады, достастырады,
сыйластықтары артады.
Дәйексөз:
«Біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды міндет етпе»
- Адамға жақсылық жасағанда риясыз жасау керек. Өйткені ол
жанашырлықпен, шын көңілмен, адал ниетпен жасалған іс.
Оған ақы сұраудың, жақсылығымды қайтар деудің қажеті жоқ.. Жасаған
жақсылық бәрібір алдыңнан шығады. Сондықтан да Ыбырай Алтынсарин
аталарың «Біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды міндет етпе» деп
айтқан.
Атақты жазушы атамыз Мұхтар Әуезов «Жақсылыққа жақсылық әр кісінің
ісі, жаманшылыққа жақсылық ер кісінің ісі»
деген екен. Біреуді танымасаң да жақсылық жасау әр оқушының парызы.
Әрқашан жақсылық жасар жақсы адам болу үшін жақсылық жайлы мақал -
мәтел жаттап жүруіміз керек. Негізгі ойды тауып, өмірден мысал
келтіру.
2. «Археология»
оқушыларына ойынын
ұйымдастыру
.1 топ оқушыларына тапсырма:
Өз бойымдағы қасиеттер.
2 топ оқушыларына тапсырма:Қандай қасиеттерімді дамытуым керек?
3 топ оқушыларына тапсырма:
Қандай жағымсыз қылықтардан аулақ жүруге
тырысасыңдар?
Шығармашылық жұмыс:
«Жақсылық
тамшылары....»
Оқушыларға алдын ала дайындалған тамшы үлгісіндегі қиылған
қағаздарды үлестіріп, сол қағазға өзі жасаған жақсы істерінің
суретін салып немесе жазып жеткізу.
- Жұмыстарын қорытындылау.
- Балалар, әрқайсысыңның тамшыдай жасаған жақсылықтарыңды қосқанда
үлкен дарияға айналды.(тамшылар ілінген плакат астына көкпеңбек
дария суретін ілу) Яғни әр адамның жаны жақсылыққа толы болса, жер
бетінде бейбітшілік орнап, адамдар бақытты өмір
сүреді.
Сергіту
сәті «Сана туннелі»
Оқушыларды жақсылық жасауға дағдыландыру мен олардың денесін
сергіту мақсатында «Сана туннелі» атты ойын ұйымдастыру. Ортаға
сыныптың бір оқушысын шақырып туннельден өткіземіз.Әр қадам жасаған
сайын сыныптастыры жақсы тілектер айтады. Әр адым аттаған сайын
досының өзіне жасаған жақсылығы туралы айта отырып, алға жылжи
береді.
«Ойлан
тап!» слайдтан суреттерді сөйлету
керек.Мақал-мәтел құрастырады.
Үй тапсырмасы
Дәптерде берілген « Жақсылық бастауынан» тараған тармақтарға
төмендегі сұрақтарға жауап жазу
1. Айналаңдағы адамдарға қандай жақсы тілектер айтып
жүресіңдер?
2. Өз бойыңдағы жақсы қасиеттерді санамалап жазыңдар.?
Жүректен - жүрекке
Барлығымыз ортаға шаттық шеңберіне шығайық. Мына бір шумақ өлеңді
қосылып айтайық және өзіміз жақсы көретін жандарға тілектерімізді
білдірейік.
Оқушылар барлығы қосылып айтады.
Жақсы сөз, жақсы тілекті
Болайық ізгі ниетті
Жақсылық ойлап кісіге,
Тілейік үлкен - кішіге
- Ата - анасына, туыстарына, достарына, жақындарына, қоршаған
ортаға деген сүйіспеншілік сезімдерін жақсы тілектерімен
білдіреді.
- Мейірімді анама ұзақ ғұмыр тілеймін.
- Кең пейіл далама тыныштық тілеймін.
- Өнерлі балаларға талмас қанат тілеймін.
- Талапты достарыма табыс тілеймін.
- Сыныптастарыма амандық тілеймін.
- Отбасыма бақыт тілеймін.
Қорытындылау:
«Дөңгелек балансы»
арқылы. ![]()




Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген