Жаныңда жүр жақсы адам

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жаныңда жүр жақсы адам

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзін -өзі тану мұғалімдері
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары

Мектеп № 46 орта мектебі

Мерзiм 

Мұғалiм Башикова М.Ж

Сынып 

Сабақ 

Оқушылар саны 

Тақырып Жаныңда жүр жақсы адам

Құндылық дұрыс әрекет

Қасиеттер жауапкершілік, шынайлық, мейірімді болу, кешіре білу т.б.


Мақсаты: оқушыларға адамды жақсылыққа жетелейтін жақсы қасиеттер мен әрбір жақсы істердің шапағаты жайлы түсініктерін кеңейте отырып дұрыс әрекет құндылығын дамыту.

Міндеттері:

Білімділік: оқушыларды шынайылыққа, жауапкершілікке, сүйіспеншілікке, мейірімділікке бейімдей отырып, білімдерін кеңейту.

Дамытушылық: оқушылар қоршаған ортаға, айналасындағы адамдарға мейрімді қатынас жасай білуге және жақсылықты түсіне білу дағдыларын әрі қарай дамыту

Тәрбиелік: оқушыларды сүйіспеншілікке, сезімталдыққа, сыпайлыққа, жақсыны сезіне білуге тәрбиелеу



Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)



Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi - Сәлеметсіздер ме балалар. Оқушылардың көңіл - күйіне назар аудару. Топқа бөлу (Адамның бойындағы жақсы қасиеттерге байланысты 4 топқа бөліп отырғызу).

1 топ- Мейірімділер

2 топ- Әділдідер

3 топ- Сыпайылар

4 топ- Қарапайымдылар

«Нұрға бөлену» тыныштық сәтi

Ыңғайланып отырыңыздар, денелерінізді түзу ұстаңыздар. Аяқ–қолыңызды айқастырмаңыз. Қолдарыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмып, елестетіңіз.

Күн нұры сіздің төбеңізден – өтіп кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңызбен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің көзін ашады.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Еңді, нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шыңдықты айтады. Нұр одан әрі құлағымызға тарады. Біз құлағымызбен жақсы сөзбен әсем әуенді ғана естиміз. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте күшейе бастайды, сіздің денеңізден тарап, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға таныстарыңызға таратыңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Іштей «Мен нұрлымын…Жүрегім нұрға толы...»-деңіз. Осындай тыныштық күйінде отыра тұрыңыз.... Енді осы нұрды жүрегіңе орналастыр, нұрға толы бүкіл әлем сенің жүрегіңде. Жайлап көзіңізді ашуға болады.

Сұрақтар: 1. Тыныштық сәті барысында не сезіндіңіздер?

2. Қандай көңіл күйде болдыңыздар?

3. Ішкі тыныштыққа жете алдыңыздар ма?

Түйін: Олай болса бойымыздағы жақсы қасиеттерді нұрландырып, бар жақсылықтарды жүрегімізде сақтай отырып сабағымызды бастайық!

2.Үй тапсырмасын тексеру

 С.Бақбергенов «Қасиет» әңгімесін оқу, мазмұндау,сұрақтарға жауап беру.

Сұрақтар: «Қар кесегі» әдісі бойынша

1.Мейірімді әже неліктен ауыр сөз айтуға мәжбүр болды?

2.Немересінің әжесі айтқан бір ауыз сөзін ұмытпай жүруінің мәні неде?

3.Өз басыңда осындай жағдай кездесті ме? Одан қандай сабақ алдың?

4. Адамның бойында қандай қасиеттер болғанын қалайсыңдар?

5.Сіздер осы баланың орынында болсаңыз қандай әрекет жасайтын едіңіздер?

Түйін: «Өз ойы болмаса, ер қасиетсіз, жігері болмаса,жігіт қасиетсіз» дегендей әркім өз бойындағы даралық қасиеттерін таза көңілмен көрсетіп,дамыту керек және әрбір перзент ата-анасын құрметтей білу керекҮлкендердің ақылына тыңдай білу керек. Ниетіміз түзу болу керек, әрбір істі ойланып, ой елегінен өткізе отырып әрекет жасайтын болсақ, сонда ғана біз дұрыс әрекет жасаймыз!


Ескерту

3. Дәйексөз.

«Жақсы адамды көргенде оған теңелу жайында ойлан да, ал жаман адамды көргенде өзіңді өзің зертте» Конфуций

Мұғалімнің түсіндіруі: «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын»- демекші жақсы ниетпен бір ауыз сөз жүректі тебірентіп, жаныңды жадыратады. Әр адамның бойында жақсы қасиеттер бар, сол жақсы қасиеттерді көре білуіміз керек. Қоршаған ортаға, айналаңдағы адамдарға мейірімділікпен қарап, қолыңнан келгенше көмек көрсете білу адамгершіліктің белгісі.

Оқушыларға дәйек сөзді, бірнеше рет айтқызу.

Сұрақтар: «Таяқшадағы есім» әдісін қолдану.

1. Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

2. Не себептен жақсы адамға теңелу туралы ойлануымыз керек?

3. Жақсы адам қандай болады деп ойлайсыздар?

4. Неліктен жаман адамды көргенде өзімізді зерттеуіміз керек?

Түйін: Адал еңбек етсек ешкімге қиянат жасамаймыз, барлық адамдарға жақсылық ойласақ біздің барлық іс-әрекетіміз дұрыс болады.


4.Оқиға айту

Әңгіме «Боз орамал»  П. Джон

Автобус аялдамасында ешкімді елеместен мұңға батып жалғыз жігіт отыр. Жолаушылардың кейбірі оған көңіл аударып қарап өтсе, енді біреулері қарамайды да. Жігіттің оларға мойын бұруға мұршасы да жоқ, терең ойға батқан.

Ол өткен өмірін қайта-қайта есіне алды. Жиырма жылдай бұрын ол келесі көшедегі қызыл кірпіш үйде дүниеге келіп, бақытты балалық шағын өткізіп еді. Бұл үй мүмкін орнында жоқ та шығар бірақ, қызыл-жасыл гүлдер орнында қалған болар. Ол үйінің маңындағы сол гүлдерді есінен бір сәт те шығара алмады. Үйдің жанында әкесі өз қолымен жасап берген әткеншек, өзі алғаш велосипед теуіп үйренген бақтағы жалғыз аяқ жол бәрі-бәрі есінде. Ата-анасы осы велосипедті бірнеше ай бойы еңбек-ақыларын жинап алып беріп еді. Араға оншақты жыл салып велосипедті мопедке ауыстырды.

Жасөспірім енді ата-анасына төбесін сирек көрсететін жағдайға жетті. Өзі ақша таба бастады, достары да көбейді, ол үшін ата-анасы өмірден артта қалғандай болып, олардан гөрі, достарымен сауық кештерде уақыт өткізу қызықтырақ көрінді.

Жігіт өмірінің осы бір кезеңін есіне алғанда жаны түршікті, оны жан дүниесінің көмескілеу жеріне жасырғысы келді де өне бойы дір ете қалды. Ол сол күні алған қарыздары жиналып қалып, ата-анасына ақша сұрауға келді. Анасы ұлын көргенде құрақ ұшып, барын аузына тосты, әкесі баласына әкелік мейірімін төкті. Ал ұлы әке-шешесінің ақшасын рұқсатсыз алған күйі кете барды.

Осы күннен бастап жасөспірім ата-анасының бет-жүзін көрген жоқ. Өзінің осы қылығынан соң ата-анасының жүзіне қарауға дәті де шыдамады. Сөйтіп, ол өте алысқа кетті…

Ата-анасы баласының өмірінен хабарсыз еді.

Ол кейде түнде айға қарап өз ата-анасын есіне алатын, «егер ата-анам аман болса, мені көргілері келсе, әйтеуір бір үйіме барармын», – деп ойлайтын.

Жігіт үлкен қалада жұмысқа орналасады, жұмыстан қолы қалт ете қалса ойына ата-анасы мен үйі түсетін, көзге көрінбейтін бір күш үйіне қарай тарта беретін еді. Көз алдына кішкентай кірпіш үйі мен үйінің маңындағы қызылды-жасылды гүлдер елес болып орала кететін.

Ақыры үйіне қайтуға бел буғанымен жолға ақшасы болмай ұзақ жолға жаяу шығады. Жол жөнекей кездескен көліктерге мініп, жаяулатып үйіне жақын қалған жігіттің ойы сан саққа кетеді.

Ата-анасының үйіне қайта баруға қақысы бар ма? Өзін жан-тәнімен сүйген адамдар жасаған қиянатын кешіре ме?

Жігіт күні бойы ағаш астында отырып өз ойымен әлек болды. Сөйтіп кеш бата бір күн бойы, бірақ бірнеше сөз ғана жазылған хатты пошта жәшігіне салды. Хатта «Мені көргілерің келетінін ойлау ақымақтық болар. Бірақ қалау өздеріңізден. Бейсенбі күні таң сәріде мен біздің көшеде боламын, мені көргілеріңіз келсе, босағаға боз орамал байларсыздар. Егер орамал болса мен үйге кірермін, егер болмаса туған үйге қолымды ең ақырғы рет бұлғап, өз жөніммен кетермін…» деп жазылған еді.

Міне күткен бейсенбі күнінің де таңы атты. Жігіттің жүрегі алып ұшып, асығып келеді. Кенет өз ойынан өзі шошып кілт тоқтай қалды. Мүмкін ата-анасы басқа жаққа көшіп кеткен болар… Босағада боз орамал болмаса ше…Егер боз орамал босағада болмаса көршілерге кіріп ата-анамның жағдайын біліп, өз жөніме кетермін…

Өзімен өзі ойға батқан жігіт ағаш маңында бірнеше минут аялдап, көшесіне жасқана көз қиығын салды. Өз көзіне өзі сенер емес. Анадайдан туған үйі аппақ шағаладай жарқырайды. Үйдің барлық есік терезесі ақ матадан көрінбейді. Үй бозарып атқан ақ таңның сәулесімен шағылысып тұр еді.

Екі көзден парлап аққан жасқа ие бола алмаған жігіт, үйінің босағасына қалай жеткенін де байқамай қалды. Ал оның алдында туған үйдің есігі шалқасынан ашық тұр еді.

Сұрақтар: Топ ішінде пікірлер аламасып сұрақ бойынша бір оқушы жауап беру.

1.Жасөспірімнің ата-анасынан қол үзіп кетуінің себебін қалай түсіндірер едіңдер?

2. Оның сағынышының сыры неде?

3.Ата-анасының ұлына деген сезімін сипаттап беріңдер?

4.Ата-ананың ризашылығын қалай алуға болады деп ойлайсыңдар?

5. Бұл оқиғада дұрыс әрекет жасаған деп кімді атауға болады?

Түйін: Олай болса балалар жамандық пен жақсылықты ажырата білейік. Жақсылық жасау әр адамның өз қолында. Жақсылық жасалған жерде ешкімге де қиянат жасалмайды, біздің барлық әрекетіміз дұрыс болады.



5.Шығармашылық іс-әрекет. Топтық жұмыс.

І топ - Жақсылық жасау деген не?

ІІ топ - Жақсы адамның бойында қандай қасиеттер болады?

ІІІ топ –«Жақсы адам-елдің ырысы, Жақсы сөз – жанның тынысы»

ІV топ – Қымбат жандарға арналған бір зат ойластырып, оны сурет арқылы қорғау.



Бейне жазба, плакат, маркерлер, суреттер

6.Топпен ән айту.

Авторы: Әні мен сөзі: А. Оралов

Жақсы адамдар

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,

Жақсы адамдар – бұзылмас тас қамалдар.

Табаныңның астында жатады әлі

Пенделіктен өресі аспағандар

Қайырмасы:

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар.

Жақсы көрем сендерді жақсы адамдар,

Жүрегіңде өйткені аппақ ар бар.

Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,

Жолы болсын ақ ниет бар адамдар!

Қайырмасы:

Жақсы адамдар, жақсы адамдар

Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Жолы болсын ақ ниет бар адамдар!

Жақсы адамдар.

Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,

Жолы болсын ақ ниет бар адамдар!

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,

Қарап өтсін сендерге басқа жандар.

Қайырмасы:

Жақсы адамдар, жақсы адамдар

Қарап өтсін сендерге басқа жандар

Жақсы адамдар, жақсы адамдар

Қарап өтсін сендерге басқа жандар

Жақсы адамдар.

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар.

Сұрақ: Бұл әннен қандай әсер алдыңыздар?

Түйін:Барлығымыздың жанымызға жақын адамдарымыз бар, ендеше жақындарымызды сыйлап, қадірлей білейік.


7.Үй тапсырмасы.

29-сабақ. «Менің Әкем» О.Бөкей әңгімесін оқып келу.


8.Сабақты қорытындылау кезеңі

Бейне жазба көру «Шегенің ізі»

Сұрақ: бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңыздар?

Түйін: Болмасаң да ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп,
Айтпа ғылым сүйсеңіз,- деп

Абай атамыз айтқандай, бойыңдағы талантыңды әрдайым көрсете біліңдер. Сендерді талай биік асулар күтіп тұр. Сол асуларға жетуге талпыныңдар. Қанаттарың талмасын. Жанымызда жүрген жақсы адамдарды қадірлей білейік!

Сабақтың соңғы тыныштық сәті.

-Балалар енді көзімізді жұмып, бүгінгі сабақта өткен кезеңдерді есімізге түсірейік. Енді осы барлық жағымды әрекеттерімізді жүрегімізде сақтайық.

Бүгінгі сабақ үшін сіздерге алғысым шексіз! Рахмет.

Сабақ аяқталды, қоңырауға шығып дем алуға болады, сау болыңдар!








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.01.2019
676
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі