400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 14 материал табылды

«Жаныңда жүр жақсы адам» Іс-шара жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты:- қоғамға пайдалы,үлкенге құрмет көрсетіп,кішіге қамқор бола білетін,мемлекетіміздің болашағы үшін жан жақты дамыған жеке тұлғаы қалыптастыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Мектеп: Ханарық ЖОМ Сынып: 4-«А» Оқушылар саны: 20

Мерзімі: Мұғалім: Г.Рахмеджанова

Тақырып: «Жаныңда жүр жақсы адам»

Мақсаты:- қоғамға пайдалы,үлкенге құрмет көрсетіп,кішіге қамқор бола білетін,мемлекетіміздің болашағы үшін жан жақты дамыған жеке тұлғаы қалыптастыру.

Міндеті:-оқушыларды жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу.

Іс шараның барысы:

І. Ұйымдастыру;
Концерттік бағдарлама:
ІІ. Акцияның жүрісі:

Қайырлы күн, құрметті Шарапат әже және оқушылар.

Сіздерді бүгінгі «Жаныңда жүр жақсы адам» атты іс-шарамызға қош келіңіздер демекпіз.

«Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» — деген екен дана халық.

Қайырымдылық — халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. «Жанашырлыққа — жан риза» дегендей кемтар, жетім, қамқорлыққа алынған балалардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске ат салысу әрбір адамның азаматтық парызы.

Адам өміріндегі ең игі істерінің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Адамдар бір-біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды.

Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды.

«Жылуы жоқ үйден без, қайырымы жоқ биден без»,- дегендей қайырымдылық, адамгершілікті биік ұстап, кісілікті ту етіп, көкірегі қаяулы, жаны жаралы жанның жасын сүртіп,жылы лебізін аямай, қолдан келген жәрдемін ұсынып, достық пейілдерін танытуға келгендеріңізге үлкен ризашылығымызды білдіреміз !!!

Сонымен, ізгі ниетті, ақ тілеулі ағайын, жақсы іске жанашыр боп, қош келдіңіздер!!!

Балаларға қамқорлығымызды аямай, оларды аялай білейік деген ниетпен келіп отырған  қонақтар мен демеушілерімізбен таныс болыңыздар.

Жаңа оқу жылына жақсы көңіл-күй, жаңа қарқын, білімге   деген құштарлық, асыға күткен алтын ұя мектебіне сағыныш сезімін ұялатып отырған бұл қайырымдылық қоры әрбір бала бойына сенім, жанына жігер ұялататыны сөзсіз.

Сөз мектебіміз директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Усманов Алишер ағайға беріледі.

2. Ән.

3 Ертеңге талпыныс, болашаққа бағдар, игі іске ұмтылыс –    адамзатқа тән құбылыс. Ендеше, көп болып, асыл арманына   қол созғандарға сүйеніш болып, қолымыздан келге көмегімізді аямайық. Бала сенімінің нық болуына қадам   жасайық.

Жақсылықты ақ жүрекпен қабылдап,

  Самға биік, жалын атып жүр алда.

  Жігерің мен сеніміңді оттық қып,

  Жас қырандай қанат қағып қиянға.

  Асқақ арман – үлкен өмір бастауы,

  Болашаққа бақыт үнін жолдаңдар!




4. Лапар:Қыздар тобы

5. ­­­Би «Дилхирож» «Феруза» би тобы

6. Абайдың он төртінші қара сөзіне жүгінетін болсақ , «Нағыз жүрек ісі  рақымдылық, мейірбандылық және әр түрлі істе адам  баласының бәрін өзіне тартып, бауырым деп, өзіне ойлағандай оларға да болса игі еді» делінген.  Бүгінгі қайырымдылық кешіне кең пейілділік танытып келіп отырған  Тойчибаев Жавлонбек ағайға сөз беріледі.

7. Өлең. Ақыл адам көрігі, ақылдың сабыр серігі. Ал бейтаныс адамға жылы шырай білдіру, көңілін көтеру, кемшілігін кешіріп, демеу болу – жомарттық.

Жақсылық жасау – имандылықтың, тәрбиеліліктің, парасаттылықтың айқын көрінісі. «Не берсең де балаға бер, бала үшін жаса» -деген халқымыздың игі дәстүрі қазіргі кезде қайырымдылық қоғамдарының іс-тәжірибелерімен жалғастырылып келеді.

Жақсылық жасау қолыңнан келіп тұрса, қуаныш сыйлауға мүмкіншілігің жетіп тұрса, неге қол ұшын созбасқа?!

Қариялар – ақылды дариялар.Біз оларды құрметтеуіміз керек.Сөз кезегін Шарапат әжеге береміз.

Бүгінгі қайырымдылық акциясын ұйымдастыруға   ұйытқы болып отырған  мектеп басшыларына, өздерінің көмегін аямаған оқушыларымызға айтар алғысымыз шексіз.

Бүгінгі қайырымдылық акциясы да өз   мәресіне жетті. Оқушылардың жүрегінде әрқашан сүйіспеншілік болсын.    Осындай    қайырымдылық акциялары әлі де өз жалғасын таба береді деп сенеміз.  Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп  рахмет!!!

Пейілділік көл-көсір,

                        Жомарттық ерге сын.

                        Кеңдігін көрсеткен.

                        Қайырымдылық қорында,

                        Ізгілік жолында.

                        Мың алғыс, ағалар,

                        Рухы елдің жебесін.!

Әркез жүрегіміз кең, пейіліміз ақ болып жақсылық жасауға ұмтылып тұрайық!!!




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
1279
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі