«Жаныңда жүр жақсы адам»
кездесу концерттік шарасының
сценарийі
Мақсаты:
«Сыйластық» құндылығы туралы түсінік
кеңейту,
- ризашылық пен алғыс
туралы;
- үлкен-кішіге деген сүйіспеншілігін,
сыпайылық қарым-қатынасын
дамыту;
- әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке
тәрбиелеу.
1-жүргізуші – Ермахан, 2- жүргізуші – Дильназ
Қазақ
биі
1-жүргізуші:
Армысыздар қымбатты қонақтар,
жүрегі мейірімге толы ардақты жандар, жаны жайсаң ұлағатты ұстаздар
және оқушылар!
Қазақтың жақсы қасиеттерінің
асылы – жомарттық, кеңпейілділік. Ол адамға қызмет қылып,
жақсылық жасауға пейілді жанға тән
сипат.
2-
жүргізуші: Жомарт болу - өзіңде барды зәру адаммен шын жүректен
бөлісу.
1-жүргізуші: «Жақсы сөз айту,
жақсылық жасау - әрбір адамның
міндеті.
2-жүргізуші: Ризашылық – адамның
басқа адамнан көрген жақсылығы, көмегі, көңілі үшін
қанағаттанушылық және алғыс білдірушілік
сезімі.
1-жүргізуші: Алғыс – адамның адамға
жасаған жақсылықты оның ойы мен іс-әрекетіне, жасаған істеріне
жоғары баға беруі»
1-
жүргізуші:
Армысыз, еліміздің
асылдары,
Жайнасын көңілдердің жасыл
бағы.
Сіздер үшін ән мен күй, жыр
менен би,
Сіздер үшін мереке
шашулары.
2-жүргізуші
Ән шырқалар бақытымен,
бағымен
Ән айтылса ұйып тыңда
жаныңмен.
Ән айтпақшы қыздарыңыз
сіздерге
Өшпес ыстық, алаулаған
жалынмен – дей келе бүгінгі «Жаныңда жүр жақсы адам»
атты кездесу концерттік
бағдарламасында елімізге, халқымызға адал қызмет етіп жүрген жандар
мен жомарттылық танытып, қайырымдылық жасауға асығатын жандарға
құрмет көрсетуді жөн
санадық.
2-жүргізуші:
Сөз кезегі №76 жалпы орта
білім беретін мектеп директорының оқу-тәрбие ісі
жөніндегі____Жетруова Гульжан
Кусманқызына _______ беріледі.
Назарбайева
Ақерке орындауында «Бастау» әнін қабыл алыңыздар
1-
жүргізуші:
Күллі өмірін жеткіншекке
арнаған
Мұғалімді ардақтайды барша
жан
Ол мектептен шықпаса да қыс-
жазы,
Жемісі оның жердің жүзін
шарлаған
Бала десе ойламайды өз
қамын
Көрсем дейді күнге де кол
созғанын
Шәкірттерін өзінен де озғанын -
дей келе ұстаз адам баласының
жанашыры, өмірге бағыт бағдар беруші, ұстаз білімнің нәрімен
сусындатып, еңбекке үйретуші жан. Осындай мектебіміздің жанашыры,
еңбекқор, бірнеше құрметке ие адам ардагер-ұстаздар
_____________________________________________
___________________________________________________________________
2-жүргізуші:
Тіршілік үшін судың маңызы қандай жоғары
болса, адам өмірі үшін ақ халатты абзал жандардың рөлі өте жоғары
екендігі айтпасақ та белгілі.
Әсіресе қоғамда болып жатқан аты жаман
індетпен күресуде дәрігерлердің қоғамдағы рөлі одан сайын
айқындалып, еңбегі жоғары бағаланып жатқандай сондықтан қазіргі
заманның батырлары деп дәрігерлерді айтуымыз керек деп
білемін.
Тауға да
ұрып, тасқа да ұрып сау басын,
Пенде
шіркін кеш ойлайды тәубасын.
Дәрігерді
жаратқан ғой тәңірім,
Адамдарға
рахымы мол болғасын.
Айнымаған адал ант пен
сертінен,
Адам үшін
еңбек еткен еркімен.
Дәрігерге
құтқар дейміз бір сәтте,
Жылдар бойы жиған өмір дертінен
– дей
келе бүгінгі кезедсуіміздің қадірлі қонағы ауылымыздың тұрғылықты
халқына еңбегі сіңген ақ халатты абзал жан
_____________________________________
1-
жүргізуші:
«Жылуы жоқ үйден без, қайырымы
жоқ биден без» - дегендей қайырымдылық, адамгершілікті биік ұстап,
кісілікті ту етіп, жылулық сәулесін шашқан, жылы лебізін аямай,
қолдан келген жәрдемін ұсынып, достық пейілдерін танытып,
қамқорлықты қажет ететін балаларға қол ұшын сөзатын жан ісер
жан _____________________________________
Ән: Темірханова
Фатиманың орындауында ән «Жақсы адамдарым...
»
2-жүргізуші:
Бірдей көрген ханды да,
қарашаны,
Мәртебеңмен кім сенің
таласады.
Сын сағатта бәйгеге басын
тіккен,
Батыр десек, сіздерді
жарасады.
1-
жүргізуші:
Шуақ шашқан жүзіңнен бақ
табамыз,
Ақ тілекті құрметпен
ақтарамыз.
Рақмет, жаны жайсаң – абзал
жандар,
Біз сіздермен әрдайым
мақтанамыз.
Жақсылық жасау үшін адамға асқан байлықтың қажеті
жоқ деп жатамыз. Бастысы, жүректе мейірім болуға тиіс. «Өмірдің
мәні елге, халыққа адал қызмет етумен өлшенеді»
- дей келе бір сәт осы
өздеріңіз серік қылып жүрген кәсіптеріңіз бен қызметтеріңіздің
қыр-сырымен бөліссеңіздер.
(Сыр сұқбат алаңы
)
2-жүргізуші:
Адам баласы
табиғаттың басқа жаратылыстарынан сезімімен, ой-сана, ақылымен,
әсіресе, бір-біріне жақсылық жасап, ізгілік көрсетумен
ерекшеленеді.
1-
жүргізуші:
Ендеше, осындай жанымызда жүрген жақсы
адамдардың қадірін біліп, құрметтеп, сыйлап жүрейік. Әрбір адамның
бойындағы жасқы қасиеттін көре
білейік.
Испан
биі
2-жүргізуші:
Осымен кездесу концертіміз
аяқталды. Көңіл қойып тыңдағанлдарыңызға рахмет. Қош аман сау
болыңыздар!