«ЖАҢА-2018
ЖЫЛ»
(2017-2018 оқу жылындағы
7-8- сынып оқушыларының жаңа жылдық кештің
сценариі).
Күні: 27.12.2017ж
Класс: 7-8
Тақырыбы:
«Жаныңды жайдар етер жаңа
жыл»
Мақсаты:Оқушыларға мерекелік көңіл күй
тудыру. Әдемілікке, ұжымдыққа, әртістік қабілеттерін
дамыту,танымдық көзқарасын,ой-өрісін кеңейту. Берілген
тапсырмаларға жауапкершілікпен қарауға
үйрету.
Ән: «Қош келдің жаңа жыл» (барлығы
бірге хормен)
1-жүргізуші:
Уа, халайық
жараңдар,
Айналаға қараңдар!
Жаңа жылдық бұл тойын,
Салтанатқа санаңдар
Қызық көріп, шат болып,
Шаттық күліп тараңдар.
2-жүргізуші: Жаңа жылды қарсы
алып,
Өткізейік дүрмекті
Уа, халайық той бүгін
Бақыт, шаттық мол бүгін
Қарсы алайық Ит жылын
Шығарып сап Тауықты.
1-жүргізуші: Сәлеметсіздер ме? Құрметті
ұстаздар, оқушылар және ата - аналар! Біз сіздерді Жаңа 2018 ит
жылымен шын құттықтаймыз. Сіздерге жаңа жылда, жаңа табыс, бақыт
тілейміз.
2-жүргізуші:
Көгілдір оттың күшімен
Ұлы Алланың ісімен
Жаңа жылды қарсы алайық
Отырған үлкен-кішімен.
1-жүргізуші:
Біздерде ойын-сауық
басталады
Тамаша күй тартылып, ән салады.
Қошеметтеп, қол соғып отырайық
Ұмытарсыз жыл бойғы шаршағанды.
2
жүргізуші: Бүгінгі сіздерге арналған
«Жаныңды жайдар етер жаңа жыл» атты жаңа жылдық кешімізді бастауға
рұқсатетіңіздер. Ән шашуды қабыл
алыңыздар.
Ән: «Жаңа
жыл»
Орындайтын: Әділет пен
Нұржан
1
жүргізуші: Бұрыннан болған екен Аяз
ата
Тосады екен балалар қысқы уақытта
Ақша қарды қасына ертіп алып
Жер бетін шарлайды екен дамыл
таппай..
Қараңыздар мынау шырша неткен сұлу, неткен
көрікті еді. Жаңа жылдық шыршамызға барлығы келіпті. Енді аяз
атамыз да келіп қалар. Міне біздің күткен Аяз атамыз бен ақша
қарымызда келіп қалды. Қане барлығымыз Аяз ата, ақша қарды қарсы
алайық.
Барлығымыз:
Қош келдің Аяз ата, ақша
қар!
(Аяз ата, ақша қар
келеді)
1-жүргізуші:
Хош келдіңіз Аяз ата, хош
келдіңіз Ақша қар!
Аяз
ата: Балаларым, балғыным
Өмір гүлім, шалғыным
Тілегім жыл бойғы
Сендердің денсаулығың.
Амансыңдар ма балаларым? Орман тоғайдан, үскіріп аяздан сендерге
зорға жеттім. Өздеріңді көргенше асықтым.Осы қаланы аралап қызымыз
екеуіміз сендерге жеткенше уақыт осы болды. Әкелген базарлығым бар,
сендердіңөнерлеріңді тамашалап, бір демалайын.
1жүргізуші:Иә, иә, демалыңыз, ортаға
отырып, балаларыңыздың өнерін
тамашалаңыз.
2-жүргізуші:
Қандай тату өздері
Күлімдеп бота көздері
Кәне, кәне, келіңдер
Бір би билеп беріңдер, - дей ортаға ару қыздарымызды
шақырамыз.
Би:қыздар
Аяз
ата: Өнерлерің баршылық, қандай
тамаша, қызым сыйлықтың бірін алып берші.
Ақшақар: Ән салып,би билеген балаларға
біздің сыйлығымыз әрдайым болады. Мінеки,
сыйлығыңыз.
1-жүргізуші: Балалар ортамызға бізбен бір
жыл бірге болған тауық жылын шақырайық. Ескі жыл
қайдасың?
- Әне өзі де келе жатыр.
Ескі жыл:
(Тауық):Ауылдастарым,
достарым,
Алғысым көп айтар менің.
Дәл осындай артығырақ,
Қарсы алыңдар қой жылын.
- Ал балалар менің сіздермен қоштасатын
уақытым келді. Мен өздеріңмен бір жыл бойы бірге болдым. Мен ескі
жылмын сіздерге молшылық, бақыт әкелдім. Сендердің бір жыл бойы
жеткен жетістіктерің өте көп болды. Мен сендерге ризамын. Рахмет
сендерге. Мына келер жылға
тілегім.
Жасампаз заман бұл
заман
Бүгіннен ертең
ғаламат
Алдыңғы сапта
боларсың
Хош сау болыңдар балалар! (Ескі жыл
кетеді)
Барлығы: Қош бол, Жылан жылы, Қош
бол!
2-жүргізуші: Жаңа жыл жол болсын
Басқан қадам оң болсын
Төрлет, төрлет жаңа жыл
Бізге құтты жыл болсын.
1-жүргізуші:Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа
бақыт,
Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.
Ит жылы кеп қалды ортамызға,
Жақсылықпен жалғасын жаңа
уақыт, - деп ортамызға жаңа Ит жылын шақырайық. Балалар қанекей
барлығымыз бірге ортаға жаңа жылды
шақырайық.
Барлығы: Жаңа жыл, жаңа жыл, жаңа
жыл.
Жаңңа жыл:
(Ит):Жаңа жылда жаңа бақыт
тыныштық,
Жаса, жаса достық бірлік
туыстық.
Құттықтайық жаңа жылды
өнермен,
Қуаныштың әр минуты тым
ыстық.
Жаңа жылда өнер сынар қайсың
бар
Алға шығып өлең тақпақ
айтыңдар
Жаңа жылда сыйлық алып
қайтыңдар.
2-жүргізуші:
Қош келдің жаңа жыл. Төрлетіңіз. Аяз ата мен
ақша қар жанынан, төрден орын алыңыз. Қанекей балалар жаңа
жылымыздың құрметіне ән салып би
бейлейік.
Би:
жігіттер
1жүргізуші: Ал құрметті қонақтар, әр сынып
өздеріңіз сайлаған жауапты адам ортаға шығып, мына менің қолымдағы
конвертті таңдап алсын.(келіп конверт
таңдайды).
Қазір алдарыңыздағы жазулы
турған дастарханның атауымен 4 шумақ өлең құрастырыңыздар. (Қосымша
сөздер беріледі: Аяз, мұз, боран, қыс, жаңа жыл, аққала, қар,
тауық, ит). Бұл «Тақпақ құрастыру» ойынын өтіп мерекелік
дастарханға орналасыңыздар. Сіздерде 5-минут уақыт бар. Ал, кәне
бастайық!
( осы уақытта сахнада жай музыка ойнап тұрады)
2-жүргізуші:
Жаңа жыл келіпті ортамызға
Мол дастархан сыйласын баршамызға.
Таусылмасын бақытпен құт-береке
Жақсы тілек тілейік баршаңызға, - дей келе ортаға әзілқой
жігіттерімізді шақырамыз.
Көрініс:
1-жүргізуші:
Әншіде құс үні
бар,
Кірсең кештің сәні
бар
Салайықшы
шарықтап,
Жаңа жылдың
әніне
Ал ағайын
тұрмайық,
Жаңа жылды
жырлайық.
Ән: «Жаңа
жыл»
Орындайтын: Сара және
Маралым
2-жүргізуші:
Әрқашанда ойыннан
жалықпаймыз,
Әрі қарай самғаймыз, қалықтаймыз.
Ойын ойнап көңілді көтерейік,
Шырқап көңіл, ары-бері шалықтаймыз
- Келесі кезекті ойынға берсек. 4 жігіт, 2 қыз бала келсе. Ойын
шарты: Музыка қойылады. Әнді кім орындайды? Орындаушысын тапқан
адам соған пародия жасайды. (Ойын
ойналады).
-Рахмет!
1-жүргізуші:
Жүзімізде күлкі
ойнап,
Естіледі
әніміз.
Жаңа жылды қарсы
алып,
Би билейік
бәріміз.
Би: Қыздар
Аяз
ата:Рахмет сендерге. Ал, енді
балалар, өнерлерің тамаша екен, Бәрің бір-бір талант иесі
екенсіңдер. Өнерлерің әрі қарай шыңдала берсін. Менің әлі баратын
жерім көп, сендер сияқты әр жерде балалар тосып отыр.
Ақшақарекеумізқайтайық.Қошболыңдар, балалар.
Келесіжылғадейінсабақты жақсы оқыңдар.
Келесіжаңажылдажолыққаншасауболыңдар.
Ақшақар:Сауболыңдар, балалар,
Аман – есенболыңдар.
Әртаңдықуанышпен
Қарсыалыптұрыңдар!
1-жүргізуші:КәнебалаларАязатамен ақша
қарды шығарып салайық.
Балалар:СауболыңызАязата,
СауболыңызАқшақар.
2
жүргізуші: Көрдіңдер ме әр сыныптың
өнерін,
Өнерсіз деп айта алар оны кім?
Кәне, тағы көрейікші соңғы рет
Ән салғанын осы кеште жұлдыздардың.
Ән: «Жаңа жыл»
1-жүргізуші:Құтты болсын жаңа жыл, барша
халық,
Қуанышқа, шаттыққа тамсанайық.
Бірімізге шынайы тілек тілеп,
Бар әлемге бақытпен жар салайық!
Осымен сіздерге арналған
«Жаныңды жайдар етер жаңа жыл» атты жаңа жылдық кешіміз аяқталды.
Бізбен бірге көңілді кешті өткізгендеріңізге көп-көп
рахмет.
Сау саламатта болыңыздар.
2-жүргізуші Келесі кездескенше қош сау
болыңыздар. Амандықта жүздесейік.Әрбір жанұяға береке – бірлік,
шаттық-қуаныш, бақыт тілейміз. Сау
болыңыздар.