400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Жапалақтап алғашқы қар жауып тұр"

Материал туралы қысқаша түсінік
жаратылыстану сабағына арналған конспект
Материалдың қысқаша нұсқасы


Ортаңғы «Көгершін» тобына арналған

Ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі


Өткізу күні: 20.12.2019 жыл

Тәрбиеші: Капышева Ж.В.

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Бөлімі: Сурет салу

Өтпелі тақырып: «Сәлем қыс»

Тақырыбы: «Жапалақтап алғашқы қар жауып тұр»

Мақсаты: Балалардың алғашқы табиғи құбылыстарға қуана білуіне ықпал ету, қоршаған ортаға -үйлерге, заттарға, ағаштарға, жерге қарай қардың қалай әдемі болып жауатындығын бақылату. Көк түс пен ақ түстің бір-бірімен үйлесімдігіне көңіл бөлуді үйрету. Таяқшаларды пайдаланып тіс пастасымен қар салуды үйрету. Табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу

Ресурстармен қамтамасыз ету: презентация

Көптілділік: қыс – зима- winter, қар-снег- snow, аяз-мороз- frost,


Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1. Ұйымдастырушылық кезеңі:

Күннен жылуды аламын.

Жүрегіме саламын.

Досыма мен сыйлаймын

Жақсылықты тілеймін.


2. Негізгі бөлімі:

Қыста ғана болады,

Ұстасаң қолың тонады, Ол не?

Қар жауғанда топ бала

Соқтық келіп аққала

Мұрын- сәбіз, үп- үшкір,

Көзі-көмір, қап-қара Ол не?

- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

Қыс мезгілінде неше ай бар?

-Қыс айларында табиғатта қандай өзгерістер болады?

- Ендеше боран соққанды қимылмен қалай көрсетеміз?

- Үскірік аяз болып тоңғанда не істейді?

- Ал, күн шыққанда не істейсіңдер? 

Суреттерді көрсетіп,қысқы табиғаттың ерекшелігін айтамыз.

 Ауа-райы.Слайдпен көрсетіп, кляксография әдісімен қар кесегін салу жолдарын көрсету. Бұл кляксография әдісін ақ қағаздарды дайындап алайық

-Балалар ақ сия мен көк сияны араластырамыз сол кезде көкшіл түске айналады.

-Осы сияны қағазға тамызып оны түтікшемен үрлейміз

-Сол кезде қар кесегінің суреті дайын болады.

Сергіту сәті «Аққала»

Саусақ жаттығуы:

Бас бармағым-атам,

Балаң үйрек-әжем,

Ортан терек –әкем,

Шырдыр шүмек-анам,

Кішкентай бөбек-мен.


Балалардың өзіндік жұмысы


3. Қорытынды:

- Балалар бүгін біз сендермен қар туралы көп жаңалық білдік.

- Бүгінгі сабақта сендерге не ұнады?

- Сабақта не істедік?


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
11 ақпан
762
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі