400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Жапалақтап қар жауып тұр» ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
қар туралы түсінік беру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оқу-тәрбие іс-әрекетінің картасы


Білім беру саласы:Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сурет салу

Тақырыбы : «Жапалақтап қар жауып тұр»

Мақсаты: орт.топ,ересек

Міндеттері: 1. Балаларға жыл мезгілдерінің өзгеруіне көңіл бөлуге , қоршаған ортадағы – үйлерге , ағаштарға , жерге қардың қалай жаутындығын бақылату.

2. Түстердің үйлесімдігіне назар аударуды үйрету . Мақталы таяқшаларды пайдаланып қар салуды үйрету.Гупканың көмегімен бұлт салу.

3. Табиғатқа деген адамгершілік сезімдері мен жауапкершілігін тәрбиелеу

Көрнекіліктер:қыс мезгілінің, қардың суреті, бояулар,сүлгі,лумпа,мақталы таяқша.

Сөздік жұмыс: жеңіл, мұз,үлпілдеген ақ,гупка,лумпа



Іс-әрекет кезеңдері

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

Есеп

Ортаңғы топ

Ересек

-

+

-

+

Кіріспе бөлімі

Шаттық шеңбер.

Алақанды ашайық ,

Шеңбер болып тұрайық,

Күннің нұрын салайық

Таза ауаны жұтайық,

Жүрекке жылу сыйлайық,

Жиналған жылы шуақты,

Қонақтарға шашайық.

Суретпен жұмыс.

-Балалар қазір қандай мезгіл ?

-Қыс мезгілі екенің қайдан білдіңдер?

Балалар қыс мезгілі қандай болады ?

Балалар менің қолымда сиқырлы сандық бар .Оны ашу үшін менің жұмбағыды тауып көріңдер.



Жұмбақ жасыру:

Қыста ғана болады

Ұстасам қолым тонады.(қар)

-Жарайсындар.-Ал балалар мен сандықты ашамын.

-Балалар бұл не? қар

-Балалар үстелге жақындаймыз (үстелдегі қарды зерттеу.)

- Тәрбиеші балалармен бірлесіп қарды зерттеп, түстерін анықтайды. (жұлдызшаға ұқсайды, жылтыр жылтырайды, ақ, ақ сұр, мұз, аппақ)

Қардың түсі қандай екен?

-Қар суықпа, ыстықпа?

Олай болса жауып тұрған қар суретін салып көрейікпе.

Саусақ жаттығуы:

Бас бармақ

Балан үйрек

Ортан терек

Шылдыр шумек

Кішкентай бөбек





Негізгі бөлім

Тәрбиеші балалардың көңілін жауып тұрған қарға аударады.

-Қазір барлығымыз суретшіге айналып, осындай әдемі қардың суретін саламыз.

Ең бірінші, әртүрлі бейнедегі бұлттарды гупканың көмегімен саламыз.Сосон мақталы таяқшалармен жауып тұрған қар суретін саламыз.

Сурет салғанда ұқыпты және таза салуымыз керек.

Енді бір сәт тыныштық орнатайық.

Олай болса назарымызды экранға салып, қысқызығын тамашалап көрейік. Слайдтан қыс мезгілінің алуан түрлі қызықты сәттерін көрсетіп

түсіндіру. Балалар аққала жасап жатқан сурет. Қарар шашып жатқан сәт. Қар жамылған ағаштар т.б.

-Балаларға әңгімелеп айтып беру.

-Қыстың ерекшеліктері қандай?

Дидатикалық ойын:Мезгілдерді орналастыр.










































Қорытынды бөлім

-Балалар біз қандай сурет салдық?

-Немен салдық?

-Қар қай мезгілде жауады?

-Қардың түсі қандай?

Тәрбиеші балалардан қандай мереке жақындап келе жатқанын сұрайды.

-Балалар, бүгін суретті бәрің жақсы, әдемі салдыңдар,

Жаңа жылда Аязата келгенде осы суреттерді көрсетеміз.

































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 қаңтар
893
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі