400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 19 материал табылды

Жапсырма пәнінен конспект. Тақырыбы: "Әдемі гүлдер".

Материал туралы қысқаша түсінік
екінші кіші топқа арналған жапсырма пәнінен конспект.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: "Әдемі гүлдер"

Мақсаттары:

1.Тәрбиелік: Табиғатты қорғауға, адамгершілікке, ұқыптылыққа, бастаған ісін

аяқтай білуге тәрбиелеу.

2.Дамытушылық: Балалардың сөздік қорын молайтып, ой-өрісін, тілін, қиялын

дамыту. Әдемілікті сезіне білуге, көркемдік талғамдарын дамыту

3.Оқыту: Қиылған дайын пішіндерді қағаз бетіне дұрыс орналастыра білуге,

түстерді, көлемді ажырата білуге үйрету. 8-наурыз мерекесі туралы және гүлдер туралы білімдерін кеңейту.

Педагогикалық технологиялар: әнгімелесу,үлгі көрсету, ойын технологиясы

Ресурстармен қамтамасыз ету: үлестірмелі материалдар, қайшы,желім, гүлдер суреті.

Билингвальді компанент:  сыйлық-подарок,ана-мама,гүл-цветок

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

І.Ұйымдастырушылық кезеңі (2 мин)

Әдемі,үлкен үйдің мақетін көрсете отырып тәрбиеші:

-Үй адамға не үшін керек?- сауалымен әңгіме жүргізеді.

-Дұрыс айтасындар.Әр адамның үйі,баспанасы болуы керек.Үйді құрылысшылар салады. Үй салу өте үлкен еңбекпен келеді.

Бейнетаспадан сәулетті ғимараттарды,үйлерді көрсетіп және олардың құрылысы туралы әңгімелеп түсінік беру.

Балалар дөңгелене отырып,көздерін жұмып өз үйін, отбасын көз алдына елестіреді. Көздерін ашып, қандай үйде тұратындықтарын айтады.

-Отбасымызбен тұру үшін.

-Өмір сүру үшін.

-Достарымызды, туыстарымызды үйге шақыру үшін.

Балалар тәрбиешінің әңгімесін мұқият тыңдап, бейнетаспаны қарайды.

ІІ. Негізі бөлімі

1.Әңгімелесу

Қане балалар енді өзіміз аналарымызға арнап ашықхат жасайық. Шын көңілден жасалған сый қымбат болады.

Үйлестірмелі материалға назарларын аударады.

-Гүлді қараңдаршы.

-Гүлдің пішіні қандай?

-Түсі қандай?

-Сабағы мен жапырақтары қандай?

2.Үлгі көрсету

Қайшымен,желіммен жұмыс істеу қауіпсіздігі туралы және тазалық шараларын ескерту.

Жұмыс орнын жинақы, таза ұстау.

Қайшыны ашық күйінде қалдырма, қайшыны қабына салып қой.

Екінші адамға қайшыны сабы жағымен ұсын.

Қайшымен қию кезінде жүрме, жолдасыңа жақындама.

Желімді ашық қалдырма және аузына салма.

Түрлі түсті қағазды үнемдеп ұста.

Әр істеген ісінде уақытты тиімді пайдалана білу.

Алдымен дайындаған қағазымызды ортасынан төменге дейін біріктіріп,дәл ортасынан қайшымен қиямыз.Енді бізге гүлдің сабағы керек.Жасыл түсті қағазды алып,гүлдің сабағын қиямыз.

Тіктөртбұрышты қағазды алып,одан жапырақтың жобасын жасаймыз.Бұрыштарын абайлап кесеміз.

-Құмыраға арналған қағазды алып,бұны да бүктеп,дәл ортасынан қиямыз.

-Мінекей біз ашықхатқа керектігінің бәрін дайындап болдық.

-Бірінші құмыраны,одан кейін гүлдің сабағын,гүл бөлігі мен сабақтарын орналастырамыз.

-Енді желім жағатын қылшаны аламыз,дайындалған заттарымызға теріс жағынан желім жағамыз,абайлап жұмыс жасаймыз.Жапсырылған қағаздың үстін арнайы дайындалған сулықпен тегістеп жапсырып сүртеміз.

3.Сергіту сәті:

Біз гүлдерше өсеміз

Жапырағы жайқалған

Сабақтары салалы

Желге ырғалып шайқалған

Балаларға гүлдің бейнесін қимылмен салуды ұсыну.

4.Жұмыс барысы

Тәрбиеші жұмыс барысында көмек қажет болған балаларға көңіл бөледі.

ІІІ. Қорытынды (2 мин)

-Балалар қандай гүлдер гүлдеді біздің ашықхатта.

Сүйіспеншілік пен құрметіміз анаға деген мейірімділігіміз сезіледі.Бұл гүлдер ешқашан солмайды.Аналарымызды қуантады.

Ендеше балалар мен сіздерге ана туралы тақпақ оқып берейін.

Еркелесем күлімдейтін

Ұрысқаны білінбейтін

Маңдайымнан иіскеп менің

Құлыншағым, күнім дейтін















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28.03.2019
532
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі