400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жапсыру ортаңғы топ

Материал туралы қысқаша түсінік
Көлік туралы түсініктерін кеңейту, қайшымен жұмыс істеудегі қауіпсіздік техникасын естеріне салу, тиянақтылыққа, ұқыптылыққа, дербестікке тәрбиелеу. Тілдерін дамыту. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру. Ойыншықтармен ұқыпты ойнауға тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы


Күні:

Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Бөлімі: Жапсыру
Тақырыбы: «Ұшақтар самғайды».
Мақсаты: Көлік туралы түсініктерін кеңейту, қайшымен жұмыс істеудегі қауіпсіздік техникасын естеріне салу, тиянақтылыққа, ұқыптылыққа, дербестікке тәрбиелеу. Тілдерін дамыту. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру. Ойыншықтармен ұқыпты ойнауға тәрбиелеу.
Алдын - ала жүргізілетін жұмыс: әуе көліктері туралы әңгімелеу, «Ұшақтар» қимылды ойынын ойнату.
Әдіс - тәсілдері: сұрақ, жауап, сергіту сәті, қорытынды.

Қажетті көрнекі құралдар: қайшы, желім, сулық, үлестірмелі материалдар, ойыншық ұшақ.
Қостілдік құрам:ұшақ –самолет, ұшқыш –летчик, аспан –небо.

Оқу іс – әрекетінің

кезеңдері

Педагогтің іс- әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивиациялық - қозғаушылық

Ойын жағдаяты.

Тәрбиеші топқа ұшақ ойыншықты әкеледі, тақпақ оқиды.

Құстар қайда ұшады?

Биікте, биікте.

Ұшақ қайда ұшады?

Алысқа, алысқа.

Жұлдыз қайда жарқырайды?

Үстінде, үстінде.

Біздің батыл ұшқыштар

Алдында, алдында.

-Балалар, аспанда не бар?



-Балалар, ұшақпен кім ұшырады?

Сөздік жұмыс ұшқыш.

Ұшақпен саяхатқа шығуды ұсынады.

-Ұшу үшін ұшақ керек, ұшақ жасайық, біз оны аспанға жібереміз.

Қостілдік құрам: ұшақ –самолет, ұшқыш-летчек, аспан-небо.



Қызығушылық көрсетеді, тақпақты тыңдайды.








Ойланады жауап береді.

-Аспанда Күн бар, құстар, ұшақтар ұшады, аспанда бұлт болады.


-Ұшқыш.

Қайталайды: ұшқыш.



Қайталайды: ұшақ –самолет, ұшқыш-летчик, аспан-небо.

Ұйымдастырушылық- ізденістік

Сергіту сәті:

Қарлығаш болып ұшайық

Құсша қанат қағайық

Ұшып, ұшып алайық

Орнымызды табайық.

«Ұшақ» ойынын ойнатады.

-Енді орнымызға ұшып келдік.

Үлестірмелі материалға назарларын аударады.

-Бұл қандай пішіндер?

Тәрбиеші жұмысты жасау ретін түсіндіреді, қию үлгісін көрсетеді. Ұшақты қалай жабыстырғанын айтады.

Төртбұрыштың шетін қайырып, ұшақтың денесін жасаймыз, қанаты, ұшақтың денесін жасаймыз, қанатын да дәл солай жасалынады.

-Ұшақтарды құрастырып, жабыстырамыз. Иллюминаторы үшін дайын жабыстырмаларды қолданамыз, Күн мен бұлттың суретін саламыз.

Балалар, қайшымен жұмыс істеу қауіпсіздік техникасын кім айтып береді?

Тәрбиеші жауаптарды толықтырады.

Жұмысқа кірісуге ұсыныс жасайды.

Балалармен жеке жұмыс жүргізеді.

Сергіту сәтіне белсене қатысады.

Әуенге балалар ұшақтың қимыл-қозғалыстарын келтіреді, ұшақты оталдырады, топты айналып ұшады, отырады.

Үлестірмелі материалды қарастырады, сұрақтарға жауап береді, төртбұрыш, дөңгелек.







Балалардың жауаптары.

Жұмысқа кіріседі, дайын ұшаққа иллюминаторларын жабыстырады, қылқалам мен бояу алып (сары және көк), Күн мен бұлттың суретін салады.

Рефлексиялық – түзетушілік

Балаларды мадақтайды.

«Ұшқыштар» ойынын ұйымдастырады.

Жұмыстарды қарап, бір-біріне пікірлерін айтады.

Ойын ойнайды.

Күтілетін нәтиже:

Біледі : ұшақ бөлшектерін қиып, жапсырады.

Игереді: ұшақтың әуе көлігі екендігін, иллюминатор ұшақтың терезесі екендігі.

Меңгереді: ұшақ жасаудаоқу іс-әрекеті барысында алынған дағдыларды.







 



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
28 қаңтар
9528
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі