400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 24 материал табылды

Жапсыру пәнінен конспект. Тақырыбы: "Менің үйім".

Материал туралы қысқаша түсінік
екіншікішітопқа арналған жапсыру пәнінен конспект.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: Жапсырма

Өтпелі тақырып: Қыстың керемет шағы

Тақырыбы: Менің үйім.

Мақсаттары:

1.Тәрбиелік: Балаларды қамқор және жанашыр болуға тәрбиелеу.

2.Дамытушылық: Тілдерін дамыту. Саусақтың ұсақ бұлышық еттерінің

қозғалысын жетілдіру.

3.Оқыту: Балаларды пішіндермен (үшбұрыш, төртбұрыш) таныстыру. Үйді

геометриялық пішіндермен (үшбұрыш, төртбұрыш) құрастыруды үйрету.

Педагогикалық технологиялар: әнгімелесу,үлгі көрсету, ойын технологиясы

Ресурстармен қамтамасыз ету: үлестірмелі материалдар, қайшы,желім, үй макеті,ТОҚ, үнтаспаса.

Билингвальді компанент: менің үйім-мой дом,үлкен үй-большой дом.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

І.Ұйымдастырушылық кезеңі (2 мин)

Әдемі,үлкен үйдің мақетін көрсете отырып тәрбиеші:

-Үй адамға не үшін керек?- сауалымен әңгіме жүргізеді.

-Дұрыс айтасындар.Әр адамның үйі,баспанасы болуы керек.Үйді құрылысшылар салады. Үй салу өте үлкен еңбекпен келеді.

Бейнетаспадан сәулетті ғимараттарды,үйлерді көрсетіп және олардың құрылысы туралы әңгімелеп түсінік беру.

Балалар дөңгелене отырып,көздерін жұмып өз үйін, отбасын көз алдына елестіреді. Көздерін ашып, қандай үйде тұратындықтарын айтады.

-Отбасымызбен тұру үшін.

-Өмір сүру үшін.

-Достарымызды, туыстарымызды үйге шақыру үшін.

Балалар тәрбиешінің әңгімесін мұқият тыңдап, бейнетаспаны қарайды.

ІІ. Негізі бөлімі

1.Әңгімелесу

Кейбір бір қабатты үйлерде қыста от жағатын пеш болатынын, ал ол пештің түтіні мұржадан шығатынывн айтып түсіндіреді.

-Мына үй қандай геомерриялық фигуралардан құралған?

-Бүгін біз осындай үйді геометриялық фигуралардан құрастырып жапсырамыз.

2.Үлгі көрсету

Қайшымен,желіммен жұмыс істеу қауіпсіздігі туралы және тазалық шараларын ескерту.

Жұмыс орнын жинақы, таза ұстау.

Қайшыны ашық күйінде қалдырма, қайшыны қабына салып қой.

Екінші адамға қайшыны сабы жағымен ұсын.

Қайшымен қию кезінде жүрме, жолдасыңа жақындама.

Желімді ашық қалдырма және аузына салма.

Түрлі түсті қағазды үнемдеп ұста.

Әр істеген ісінде уақытты тиімді пайдалана білу.

Үйдың геометриялық фигуралардан тұратын бөліктерін жеке-жеке қиып аламыз

- Ендеше балалар бастаймыз алдарында қағаз тұр, соған жапсырасыңдар. Ең алдымен үйдің төбесін қиып аласыңдар, ол қандай фигураға ұқсайды?

Енді үйдің қабырғасын қиып алыңдар, қабырғасы қандай фигураларға ұқсайды?

Келесі есігін, терезесін және мұржасын салыңдар.

3.Сергіту сәті:

Бір саусағым тіпті де,

Ұстай алмайды жіпті де.

Екі саусақ бірікті,

Ине қолға ілікті.

Үш саусағым оралды,

Жүгіртеді қаламды.

Өнерлі екен он саусақ,

Қала салсақ, үй салсақ.

4.Жұмыс барысы

Тәрбиеші жұмыс барысында көмек қажет болған балаларға көңіл бөледі.

ІІІ. Қорытынды (2 мин)

-Балар, үйді қандай геометриялық фигуралардан жасадық?

Балалар назарларын үлестірмелі материалдағы сюжетті сутерке аударады.

-Үшбұрыш, тіктөртбұрыш, шаршы.

-Үйдің түтін шығатын бөлшегін қалай атайды?

Балаларға бір-бірінің жұмысын талдап, бағалату.

-Мінеки, біз де еңбекқорлығымыздың арқасында әдемі үй жасадық. Жарайсындар!

Тапсырма: «Үйшік» ертегісін естеріңе түсіріп келіңдер.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28.03.2019
667
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі