400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 28 материал табылды

Жапсыру пәнінен конспект. Тақырыбы: "Торсық".

Материал туралы қысқаша түсінік
екінші кіші топқа арналған жапсыру пәнінен конспект.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: Шығармашылық

Пән: Жапсырма

Өтпелі тақырып: Салт-дәстүр фальклор.

Тақырыбы: :"Торсық"

Мақсаттары:

1.Тәрбиелік: Ұлттық өнерге деген сүйіспеншілікке тәрбелеу.

2.Дамытушылық: Қайшыны дұрыс ұстап жұмыс істеу қабілетттерін дамыту.

3.Оқыту Торсық туралы мағлұмат беру.

Педагогикалық технологиялар: әнгімелесу,үлгі көрсету, жапсыру;

Ресурстармен қамтамасыз ету: үлестірмелі материалдар, қайшы,желім, ою-өрнек түрлері, торсық;

Билингвальді компанент:  ою-өрнек-орнаменты, торсық-торсык;

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

І.Ұйымдастырушылық кезеңі (2 мин)

Балаларға жұмбақ жасыру:

Кесе – шыны пиала,

Оларсыз шай құя ма?

Қасықсыз тамақ жемейді,

Бәрінің атын не дейді?

(Ыдыс - аяқ)

Ыдыстар көрмесіне шақыру. Ұлттық ыдыстармен таныстыру.

ІІ. Негізі бөлімі

1.Әңгімелесу

Балаларға ыдыс-аяқтың суреттерін көрсетіп ,әңгімелеу.

Тәрбиеші:Балалар, торсыққа ұзақ жолға шыққанда қымыз немесе сусын толтырып алып шығады. Торсықтың бір жақсы қасиеті қымыз не сусынды салқын күйінде сақтап тұрады.

2.Үлгі көрсету

Қайшымен,желіммен жұмыс істеу қауіпсіздігі туралы және тазалық шараларын ескерту.

Жұмыс орнын жинақы, таза ұстау.

Қайшыны ашық күйінде қалдырма, қайшыны қабына салып қой.

Екінші адамға қайшыны сабы жағымен ұсын.

Қайшымен қию кезінде жүрме, жолдасыңа жақындама.

Желімді ашық қалдырма және аузына салма.

Түрлі түсті қағазды үнемдеп ұста.

Әр істеген ісінде уақытты тиімді пайдалана білу.

Торсықты қалай қағаздан қиятынын балаларға түсіндіру. Ою-өрнек элементтерін еске түсіру.

3.Сергіту сәті:

Ал, балалар тұрайық

Алақанды ұрайық.

Оңға қарай иіліп

Солға қарай иіліп.

Бір отырып, бір тұрып

Бір тынығып алайық.

4.Жұмыс барысы

Балалар дербес жұмыс жасайды.

Қиналған балаларға жеке көмек көрсету. Дайын жұмыстармен көрме ұйымдастыру.

ІІІ. Қорытынды (2 мин)

Балалар біз бүгінгі не жасадық?

- Торсық.

- Бір сөзбен не дейміз?

- Ыдыстар.

Сұрақ – жауап арқылы сабақты бекіту. Белсене қатысқан балаларды мақтау, мадақтау.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28.03.2019
2690
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі