400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жапсыру сабағы Тақияны безендіреміз

Материал туралы қысқаша түсінік
Жапсыру сабағы бойынша тех карта
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҰОҚ. ТАҚИЯНЫ БЕЗЕНДІРЕМІЗ (сәндік аппликация)

Мектеп/МҰ:

Күні:

Педагогтің аты-жөні:

Сынып/топ:

Қатысқандардың саны:

Қатыспағандардың саны:

ҰОҚ-нің оқыту мақсаттары

0.1.3.1. Қазақстан халықтарының сәндік-қолданбалы өнерінің желісімен, өрнектерді симметриялы, ырғақпен, пішіндер мен ою элементтерін кезектестіре отырып, жапсырудағы өрнек элементтерінің кеңістіктік қатынасын есепке ала отырып, геометриялық пішіндер, өсімдік элементтері негізінде өрнектерден жапсырулар құрастыру. 0.2.1.2. Симметриялы емес заттарды бейнелеу үшін салынған немесе қиялдағы контур бойынша сұлбаларды қию. 0.2.1.3. Табиғи және қолдан жасалғандардан, екіге, қатпарлап бүктелген қағаздардан түрлі симметриялық пішіндерді қиып алу. 0.2.2.4. Жұмыс барысында жұмыс орнын, құралдарын ретке келтіру.

Күтілетін нәтижелер

Барлық тәрбиеленушілер:

-салынған сұлбаны қиып ала алады;

-ою элементтерін құрастырып жапсыра алады;

-екіге, қатпарланып бүктелген қағаздан симметриялы пішіндер қия алады;

-жұмыс барысында жұмыс орнын, құралдарын ретке келтіре алады.

Көптеген тәрбиеленушілер:

-жапсырмадағы өрнек элементтерінің кеңістіктік қатынасын ескере отырып өрнек пішіндері мен элементтерін кезектестіре алады;

-жапсыруда айқындық құралы ретінде түсті пайдалана алады.

Кейбір тәрбиеленушілер:

-өз қиялын білдіре алады.

Тілдік мақсаттар

Дағдыларды дамыту:

-оқу міндетін түсіну және оны орындауға тырысу;

-жұмыс әдістері мен кезектілігі туралы айтып беру;

-түпкі ойды түсіндіру;

-ұлттық дәстүрлермен және қолөнерлермен танысқан, халық шығармашылығы бұйымдарымен танысқан кезде сөздік қорды байыту;

-түстерді, пропорциялық қатынастарды сөзбен сипаттау; -қазақ, ағылшын тілдерінде таныс сөздерді есту арқылы тану;

-өзінің және құрбы-құрдастарының жұмыстарын талдау және сындарлы бағалау.

Көптілділік: салт -дәстүр – традиции – тraditions.

Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:

• өрнек, қазақ бас киімі – тақия, қию тәсілдері.

Талқылауға арналған сұрақтар:

Қандай қазақ ұлттық киімдерін білесің?

Қазақтың бас киім түрлері қалай аталады?

Өрнек дегеніміз не?

Өрнекте қандай түстер қолданылған?

Алдыңғы білім

Қайталау және ырғақ қағидалары негізінде қарапайым өрнектер құрастыру. Қазақ халқының салтдәстүрлерімен танысу. Желіммен және қайшымен жұмыс. Қағазды бірнеше қабат етіп бүктеу, геометриялық сәндік элементтерді, фигураларды бірден көп етіп қияды, шаршыларды, тіктөртбұрыштарды, шеңберлерді, сопақ пішіндерді екіге бөліп қию, шаршыларды диагоналі бойынша қию және т.б.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

І. Оң көңіл күй орнату.

0–1 минут

(Ұ) ҰОҚ-де оң көңіл күй орнату. Сәлеметсің бе, алтын күн! Амансың ба, көк аспан, Есенсің бе, табиғат ана! Қайырлы таң баршаңызға! Бақ-береке әрқашанда Салтанат құрсын ғаламда!

Музыкалық сүйемелдеу.

II. Өмірлік тәжірибені өзектендіру.

Мақсат қою 2–5 минут

(Ұ) Педагог балаларға байқатпай бөлмеге тақияны алып келеді, тәрбиеленушілерден бөлмеде жаңа заттың қайдан пайда болғанын айтуды ұсынады. Ежелден қазақтар бас киімді ерекше қастерлегенін айтады. Адамның басынан бас киімін жұлып алуға болмайды. Адамдар әрқашан, қай жерде болмасын бас киімін ерекше мұқият шешіп, мүмкіндігінше жоғарырақ қоюға немесе ілуге тырысқан. Бас киімнің еденде немесе орындықта жатпауына айрықша көңіл бөлінген, олай болмаған жағдайда оның иесінің денсаулығына нұқсан келеді деп саналған. Мақсат қояды.

Қазақтың тақиясы.

III. ҰОҚ-нің тақырыбы бойынша жұмыс

6–25 минут

(Ұ) Әліппе-альбомдағы иллюстрациялармен жұмыс Балалар суреттерді көреді. Өздеріне белгілі қазақтың ұлттық киімдерін атайды. Педагог қыздарға Айсұлуға арналған тақияны, ал ұл балаларға Қуанышқа арналған тақияны сәндеуді ұсынады. Тәрбиеленушілер трафареттерді немесе үлгіқалыпты пайдалана отырып, қағазды екіге немесе қатпарлап бүктеп қиюға тапсырма алады.

Әліппе-альбом. Иллюстрациялық материал.


(Ұ) Сергіту сәтіне арналған жаттығу

Секірейік, секірейік,

Ұзын құлақ қоянша.

Шаршағанды кетірейік.

Болар сонда тамаша.

(Ж, Ұ) Аппликация жасау технологиясы.

Жұмыстың орындалу алгоритмі: Педагог балаларға ою салу үшін тақияны әзірлеуді ұсынады. Одан кейін тәрбиеленушілер оюдың үлгіқалыбын қиып алады.

Түрлі түсті қағаздан әзірлеме-жолақтарды қиып алады. Түрлі түсті қағаз жолақтарын екіге немесе қатпарлап бүктеп, ою үлгіқалыбын әзірлеме-парақтың бүгілген сызығына жатқызады. Жай қарындаштың көмегімен үлгіқалыпты бастырып сызады. Қиып алып, тақияға орналастырады. Ойдағыдай болғанға дейін оюдың орналасуын өзгертуге болады. Жапсырманың барлық бөлшектерін негізге ретімен жапсырады. Оюды әзірлеу тәсілін көрсету үшін педагог балалардың бірін шақырады. Тәрбиеленушілердің түсініктерін бекітуі және кезектілікті тағы да бір рет қайталауы үшін оның іс-қимылын нақтылап түсіндіреді.

(Ұ) Қауіпсіз жұмыс жүргізу тәсілдері.

Педагог сабақ шеңберінде қайшымен жұмыс істеу ережелерін еске салады. Тәрбиеленушілердің назарын қағазды үнемдеп пайдалану керектігіне аударады. Қағаздың үлкен қиындыларын лақтыруға болмайды, оларды ұсақ бөлшектерді қиып алу үшін пайдалануға болады.

Музыкалық сүйемелдеу.






Түрлі түсті қағаз, жай қарындаштар, қайшы, ПВА желімі (не желімді қарындаш), желім жаққыштар, сүрткіштер, клеенка.


Жадынама

IV. ҰОҚ қорытындылау. Рефлексия.

26–30 минут

(Ұ, Ө) Рефлексиялық бағалау. Педагог балаларды бір-бірін бағалауға шақырады. Рефлексияның бір түрін таңдайды:

• физикалық (үлгердім – үлгермедім);

• сенсорлық (өзін-өзі сезіну: қолайлы – қолайсыз);

• зияткерлік (нені түсіндім, ұғындым – нені түсінбедім, қандай қиындыққа кезіктім);

• рухани (жақсардым – нашарлай түстім, өзімді, өзгелерді жақсарттым).

Балалар бір-бірін бағалайды.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19 ақпан
1384
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі