400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жапсыру саласы бойынша ҰОӘ конспектілері

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл суретте ұл бала мен қыз бала жолдан өтіп бара жатыр. Көшеде жүру тәртібін сақтап бағдаршамның жасыл түсі күтіп тұр. Балалар,көшеде жол тәртібін сақтамау- адам өміріне өте қауіпті. Жолды үлкендермен бірге кесіп өткен дұрыс. Жолдан жүгіріп өтуге болмайды. Жолдан өтер кезде алдымен сол жағына қарап, арнайы жаяу жүргіншіге арналған жолмен өту керек
Материалдың қысқаша нұсқасы

II –ші кіші тобына арналған перспективтік жоспар.

Білім беру саласы: Шығармашылық. Жапсыру.

№

Мазмұны

Сағат саны

Өткізілген күні

1-жарты жылдық

Апта тақырыбы: «Сүйікті ойыншықтарым»

1.

Тақырыбы:Алаша

Мақсаты:Балаларға кеңістікті бағдарлай білуге түсінік беру:балалардың шығармашылық қабілетін дамытуізаттың пішіні туралы білімдерін жетілдіру.

1

05.09.17

Апта тақырыбы: «Нан қайдан келді?»

2.

Тақырыбы: Орамал безендіру

Мақсаты: Геометриялық элементтерден өрнектер құрастырып ретімен орналасқаның көрсету. Ұқыпты жұмыс істеуге,жұмысты мұқият орындауға тәрбиелеу.

1

10.10.17

Апта тақырыбы: «Мен және қоршаған орта»

3.

Тақырыбы: Кесені әшекейлейміз

Мақсаты: Сәндік өнер туралы білмдерін нақтылау, ыдысты әшекейлей білуді үйрету, ою- өрнекті ажырата білуді үйрету.

1

07.11.17

Апта тақырыбы: «Менің туған жерім»

4.

Тақырыбы:« Жаңа жыл мерекесін біздің елімізде, қай кезден бастап тойлауда»

Мақсаты: Жаңа жыл мерекесімен қыс мезгілі туралы білімдерін дамыту;тапсырманы ұқыптылықпен орындауға тәрбиелеу.

1

12.12.17

Апта тақырыбы: «Аңдар қалай қыстайды»

5.

Тақырыбы: Ұзын құлақ ақ қоян

Мақсаты: Қылқаламды желімге ұқыпты жағып алып, дұрып жапсыруға үйрету. Ұсақ қол маторикасын дамыту. Балаларды дайын формалардан қоянның бейнесін құрастырып, жапсыруға үйрету.

1

09.01.18

Апта тақырыбы: «Техника және біз»

6.

Тақырыбы: Ұшақ

Мақсаты: Көлік түрлері туралы білімдерін нақтылау.Аспан денелерін жырата білуді үйрету.Ұшақ бөлшектерін рет-ретімен орналастыра білуді үйрету,жұмысты ретімен атқара білуге тәрбиелеу.

1

13.02.18

Апта тақырыбы: «Өнер көзі халықта»

7.

Тақырыбы: Құрақ көрпе

Мақсаты: Құрақ туралы түсінік беру. Геометриялық пішін- үшбұрышты қолдана отырып, құрақ көрпе жасауды үйрету. Тілдерін дамыту. Саусақтың ұсақ бұлышық еттерінің қозғалысын жетілідру. Төзімділікке тәрбиелеу.

1

13.03.18

Апта тақырыбы: «Жәндіктер мен қос мекенділер»

8.

Тақырыбы: Түрлі түсті көбелектер

Мақсаты: Көбелек туралы түсінік беру. Көбелектің тіршілігі.Табиғатты қорғауға, эстетикалық талғамының қалыптасуына тәрбиелеу.

1

10.04.18

Апта тақырыбы: «Отан қорғаушылар»

9.

Тақырыбы: Әкелерге сыйлық

Мақсаты: Отан қорғаушылар күні туралы шағын түсіндіріп өту. Ұсақ қол маторикасын дамыту. Ұқыптылыққа, ептілікке баулу.

1

08.05.18


Барлығы


9
















































Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің қызмет кезеңі

Екінші кіші «Көгершін» тобы 05.09.17

Білім саласы: Шығармашылық Жәкіш Г.А

Кіші бөлімі: Жапсырма

Тақырыбы: Алаша

Мақсаты: Геометриялық пішін- үшбұрышты қолдана отырып, алаша жасауды үйрету. Тілдерін дамыту. Саусақтың ұсақ бұлышық еттерінің қозғалысын жетілідру. Төзімділікке тәрбиелеу.

Алдын ала орындалатын жұмыс:алаша жасау түрімен таныстыру.

Көрнекіліктер, қажетті құрал- жабдықтар: үлестірмелі материалдар, алаша суреті, магнитті тақта, геометриялық пішін.

Сөздік жұмысы: алаша.

Билингвальді компонент: төсеніш- коврик.

Қызымет кезеңдері

Тәрбиешінің іс әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-

Қозғаушылық

-Балалар, сендердің әжелерің бар ма?

-Әжелерің үйде не істейді?






Бар.

Корпе, жастық тігеді.

Ізденістік

Ұйымдастырушылық


Әже:

-Сәлеметсіңдер ме, балапандарым?!

Мен сендердің әжелерің боламын. Алыстағы ауылдан арнайы келдім.

Тәрбиеші:

-Балалар, мен сендерге әже туралы өлең оқып берейін, тыңдандар!

Мені жақсы көреді,

Күндей күліп келеді.

Көп ертегі біледі,

Маған айтып береді.

(А.Бақтыгереева)

Әже:-Бәрекелді, қарақтарым мені бір қуанттыңдар. Мен де құралақан келген жоқпын, өздеріңе арнап алаша әкелдім.

-Бұл не, әже?

Сөздік жұмысы: алаша.

Алаша-жүн немесе мақта жіптерден тоқылған тұрмыстық тұтыну бұйымы. Негізінен төсеніш ретінде қолданады. Алаша бүктеуге, жинауға, алыпсалуға қолайлы мүлік.

Билингвальді компонент: төсеніш- коврик.

Үлестірмелі материалға назарларын аударады.

-Балалар, қарандаршы, назарларын аударады.

-Балалар, қараңдаршы, әжелерінің алашасы қандай түстен тұрады екен?

-Дұрыс, қызыл түстен тұрады.

-Ал, балалар, бізде қарап отырмайық, әжеміздің алашасы сияқты бізде алаша жасайық.

-Үшбұрыштардан қалай алаша жасау керектігін магнитті тақтада көрсетіледі.

-Үлгіге қарай отырып алаша жасайық.

Балалармен жеке жұмыс жүргізіледі.



Балалар әжемен сәлемдеседі.





Тыңдайды.










Қайталайды: алаша











Суреттерге қарап, жауап береді:



- қызыл.









Балалар мұқият тыңдайды.

Балалар алдарындағы үшбұрыштардан алаша құру техникасын қолдана отырып құрайды.

Рефлексивті-

реттеуші

-Немерелерімнің бәрі маған тартқан, бәрі- шебер!- деп әже балаларға рақметін айтып, ризашылыған білдіреді.

Балалармен қоштасады.

Көрме ұйымдастырылады.

Қуаныштарын білдіреді.

Балалар әжемен қоштасады.



Күтілетін нәтиже:

Ұғынады: үшбұрышты қолдана отырып алаша төсеніш жасауды.

Түсінеді: алаша не екенін;

Қолданады: дайын бөліктерді ретімен.





























Ұйымдастырылған оқу қызметін технологиялық картасы

Күні:10.10. 17ж Тәрбиеші:Тортаева Г.К

Білім саласы: «Шығармашылық»Жапсырма

Тақырыбы: Орамал безендіру.

Мақсаты:Геометриялық элементтерден өрнектер құрастырып ретімен орналасқаның көрсету.

Әдіс – тәсілдер: түсіндіру, көрсету, мадақтау, сұрақ-жауап, әңгіме.

Сөздік жұмыс: орамал безендіру.

Билингвальдік компоненті: Орамал—полотенце. Безендіру—разукрасить.


Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Жылулық шеңбері.

Армысың ба? Алтын күн!

Армысың ба? Жер-Ана!

Армысын ба? Достарым,

Сендерді көрсем қуанамын

Балалар шеңберге тұрып, бір - бірін қолдарын ұстап жылы лебізді білдіреді.

Ұйымдастырушылық ізденушілік

-Балалар қазір қай жыл мезгілі?

-Көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады?

-Көктем мезгілінде алғашқы гүл далада өседі,ол бәйшешек гүл.



-Балалар жақында қандай мереке өтті?

Балалар ана, әже туралы тақпақтарды білесіндер ме?

Кәне топта жаттаған тақпақты айтамыз.

Балалар енді бәріміз орнынан тұрып денелерін шынықтырамыз.

Сергіту сәті:

Топ-топ,топ басайық,

Қағаздан гүл жасайық.

Жаса-жаса алтын күн.

Жаса-жаса жарқын күн.

-Балалар, ендеше біз аналарамызға арнап орамал жасаймыз.

-Балалар бұл не?

Дұрыс айтасындар .

Балалар геометриялық элементтерден өрнек құрастырамыз.Сол өрнектерді құрастырып ретімен орналастырамыз.Бір сөзбен айтқанда орамалды әшекелейміз.

Әрбір балалаға геометриялық элементтер беріледі,содан өрнек құрастырады және орамалды безендіреді

Көктем мезгілі.

Күн жылынады жылы жақтан құстар ұшып келеді.

Қар ериді,жылғалардан су ағады.

Аналардың, әжелердің және қыздардың мерекелері.



Біз доспыз гүлдермен.
Текке оны жұлмаймыз

Той күні бір-бірден.

Анамызға сыйлаймыз!



Балалар орнынан тұрып жаттығу жасайды.











Орамал.

Балалар геометриялық элементтерден өрнек құрастырады.

Балалар геометриялық әлементерді қайталады.

Өрнектерді құрастырады, содан кейін ретімен орналастырады

Әрбір бала ұқыпты,жасауға тырысады.

Рефлекстік түзету

Балалардың білімдерін бекіту, жақсы қатысқаң балаларды мақтап - мадақтау

Балалардын жауаптары. Балалар «Анашым» деген әнімен оқу қызметін қортындылайды.


Күтілетін нәтиже

Ұғынады: Өрнек құрастыру, ретімен орналастыру.

Түсінеді: Ұжымдық жұмыстың дағдылары.

Қолданады: Геометриялық элементтер,көрнекі құралдар.














Ұйымдастырылған оқу қызыметінің технологиялық картасы

Білім саласы: «Шығармашылық» «Жапсыру»

Тәрбиеші:Жәкіш Г.А

Күні:12.12.17 ж

Тақырыбы:«Жаңа жыл мерекесін біздің елімізде, қай кезден бастап тойлауда»

Мақсаты:Жаңа жыл мерекесімен қыс мезгілі туралы білімдерін дамыту;тапсырманы ұқыптылықпен орындауға тәрбиелеу.

Билингвалдық компонент:шамдары

Сөздік жұмыс:Шырша-ёлка,шамдары-огонки.

Қызымет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Дәлелдеп талдау

Мұздан моншақ тағынып,
Күміс қырау жамылып.
Ортада тұр Ақшақар,
Көптен күтіп сағынып

Балалар бірге қайталайды.

Ұйымдастырушылық ізденіс

Балалар қазір қандай жыл мезгілі?

Қыста қандай мерекелер болады?

Жаңа жылда біз шыршаны әртүрлі-түсті ойыншықтарымен безендіреміз.

Ендеше біз қазір әр түрлі-түсті жарқыраған оттардың суреттін қылқаламды және желімді алып геомтриялық пішіндерді жабыстыруға үйренеміз.

Сергіту сәті

Бас бармақ-әкем

Балан үйрек- шешем

Ортан терек- ағам

Шылдыр шүмек-әпкем

Кішкентай бөбек-мен.

Бір үйде біз нешеуміз?

Бір үйде біз бесеуміз.




Балалар қыс мезгілі деп жауап береді.


-Жаңа жыл мерекесі.




Балалар мерекегке арналған ойыншықтарды жапсырмалайды.





Балалар қайталай отырып қимылдарын жасайды.

Рефлексивті-коррекциялау

Жақсы жапсырмалаған балаларды мадақтау.

Балалар өз жасаған ойыншықтарын көрмеге қойады

Күтілетін нәтиже:

Ұғынады:Шырша қандай ағаш екенін

Түсінеді:Жаңа жыл туралы түсінігі

Қолданады:Қылқаламды,желімді


ІІ кіші тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Конспект организованной учебной деятельности в І младшей группе

Өткізу күні/Дата проведения: 09.01.18

Тәрбиеші/Воспитатель: Жәкіш Г.А

Білім беру саласы/Образовательная область: Шығармашылық

Пән/Предмет: Жапсыру

Өтпелі тақырып/Сквозная тема: Аңдар қалай қыстайды

Тақырыбы/Тема: Ұзын құлақ ақ қоян

Мақсаттары/Цели:.

1.Тәрбиелік- воспитательная: Балаларды дайын формалардан қояның бейнесін құрастырып-жапсыруға үйрету.

2.Дамытушылық развивающая: Қылқаламға желімді ұқыпты жағып алып, дұрыс жапсыруға жаттықтыру. Ұсақ қол моторикасын дамыту.

3.Оқыту- обучющая: Жұмыс орның таза ұстауға тәрбиелеу.

Педагогикалық технологиялар /пед.технологии: ойын технологиясы.

Ресурстармен қамтамасыз ету/Ресурсное обеспечение: геометриялық пішіндер, желім, қылқалам.

билингвалдық компонент: Қоян-заяц, құлақ-ухо, ақ-белый

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы/Ход занятий:

1.Ұйымдастырушылық кезеңі/организационный момент (2 мин)

Балалар қараңдаршы біреудің жылаған даусы естіліп тұр ма? Кім екен жылып тұрған (қоянды кіргізеді)

2. Негізі бөлімі/основная часть

Балалар қоян орманда жалғыз ойнауға көңілсіз дейді біз оған достар жасап береміз бе ?

Балалар қоянның дене мүшелерін білесіңдер ме?

Басы, денесі қандай пішіннен құралған?

Сергіту сәті.

Бала,бала балақан,

Қане қайсы алақан.

Саусақтарын әйбат,

Былай-былай ойнат.

Балалар біз не жасадық?

Ендеше қоянды жапсырамыз.

Балалар дөңгелек және сопақша пішіндерді біріктіріп, қоянның суретін жабыстыруды үйренеміз.

3. Қорытынды/итоговая часть(2 мин)

Балалар қоян көп достар жасап бергендеріне қуанды. Енді ол орманға қайтпақшы, жасаған қояндарымыздан көрме ұйымдастырайық.















ІІ кіші тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні:13.02.18

Тәрбиеші: Тортаева Г.К

Білім беру саласы: Шығармашылық

Пән: Жапсыру

Өтпелі тақырып: Техника және біз

Тақырыбы: Ұшақ

Мақсаттары:

1.Тәрбиелік:

Ұшақ бөлшектерін рет-ретімен орналастыра білуді үйрету,жұмысты ретімен атқара білуге тәрбиелеу.

2.Дамытушылық: Көлік түрлері туралы білімдерін дамыту.

3.Оқыту: Аспан денелерін жырата білуді үйрету.

Педагогикалық технологиялар: ойын технологиясы

Ресурстармен қамтамасыз ету: ұшақтардың суреті

Билингвалдық компонент: ұшақ- самолёт

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

І.Ұйымдастырушылық кезеңі (2 мин)

Ойыншық ұшақтарды тамашалау:
Балаларға ойыншық ұшақтарды көрсетіп, құрылысымен таныстыру.
- Ұшақтар не үшін қажет?
- Аспанға ұшу үшін
- Ұшақты кім жүргізеді?
- Ұшқыш

ІІ. Негізі бөлімі

1. Әңгіме жүргізу.

1 Ұшқыштар туралы әңгімелеу.

Ұшқыштар ұшақпен ұшады. Аспанды қорғайды. Ұшқыштар өте ақылды және мықты. Олар ұшақты басқару үшін білімді болуы керек, сол үшін олар көп оқиды.
2. «Кімнің ұшағы алысқа ұшады» ойыны.
Қағаздан жасалған ұшақтарды балалар ұшырып ойнайды.
- Түрлі – түсті қағаздан ұшақ жасайтындарын түсіндіреді.
3.Жұмыс барысы түсіндіріледі:
- Ұшақты қағаздан қиюдың бірнеше үлгілерін көрсетеді.
- Ұшақты қағаздың ортасына орналастырып жапсыру
4.«Жер, су, ауа» ойыны ойналады.

Ойын шарты: «Жер» дегенде балалар «Автобус» дейді
«Су» дегенде «Кеме» дейді, «Ауа» дегенде «Ұшақ» болып ұшады.
5. Сергіту сәті
Көлдерді көктей өт
Тауларға жетпей өт
Бұлттарды жарып ұш
Бұлттан да әріге ұш
Тоқтаусыз төтеле
Жетейік көкеме...

ІІІ. Қорытынды (2 мин)

Балалар аяқталған жұмыстарынан көрме ұйымдастырады.




















































ІІ кіші «Көгершін» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні:13.03.18

Тәрбиеші:Тортаева Г.К

Білім беру саласы: Шығармашылық

Пән: Жапсыру

Өтпелі тақырып: Өнер- көзі халықта

Тақырыбы: Құрақ көрпе

Мақсаттары:

1.Тәрбиелік: Құрақ туралы түсінік беру. Төзімділікке тәрбиелеу.

2.Дамытушылық: Геометриялық пішін- үшбұрышты қолдана отырып, құрақ көрпе жасауды үйрету. Тілдерін дамыту.

3.Оқыту: Саусақтың ұсақ бұлышық еттерінің қозғалысын жетілідру.

Педагогикалық технологиялар: ойын технологиясы

Ресурстармен қамтамасыз ету: құрақ көрпенің суреттері

Билингвалдық компонент: төсеніш- коврик.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

І.Ұйымдастырушылық кезеңі (2 мин)

Ғажайып сәт

Топқа қуыршақ- әже қонаққа келеді.

-Балалар, сендердің әжелерің бар ма?

-Әжелерің үйде не істейді?

ІІ. Негізі бөлімі

1. Әңгімелесу

Әже: -Сәлеметсіңдер ме, балаларым?!

Мен сендердің әжелерің боламын. Алыстағы ауылдан арнайы келдім.

Тәрбиеші:

-Балалар, мен сендерге әже туралы өлең оқып берейін, тыңдандар!

Мені жақсы көреді,

Күндей күліп келеді.

Көп ертегі біледі,

Маған айтып береді.

(А.Бақтыгереева)

Әже: -Бәрекелді, қарақтарым мені бір қуанттыңдар. Мен де құралақан келген жоқпын, өздеріңе арнап құрақ көрпе әкелдім.

-Бұл не, әже?

2.Сөздік жұмысы

Құрақ- бұл қазақ халқының қолөнері. Түрлі түсті матадан қиылып, түстері бір- бірімен үйлестіре құралып жасалады, сондықтан ол құрақ деп аталады, көбінесе көрпе мен жастықтардың сырты құрақтан тігіледі. Мына сендер төсеніштерің де- құрақ.

3. Үлестірмелі материалға назарларын аударады.

-Балалар, қарандаршы, назарларын аударады.

-Әжелерінің құрағы қандай түстен тұрады екен?

-Дұрыс, жасыл, сары және қызыл түстен тұрады.

4. Саусақ жаттығуы

Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ.

Қосып едім екеуін,

Болып шықты оң саусақ.

5. Жұмыс барысы

-Ал, балалар, бізде қарап отырмайық, әжеміздің құрағы сияқты бізде құрақ жасайық.

-Үшбұрыштың түсі қандай?

Құраққа арналған матаның түсі қандай?

-Үшбұрыштар қалай орналасқан?

Үшбұрыштардан қалай құрақ құрау керектігін магнитті тақтада көрсетіледі.

-Үлгіге қарай отырып құрақ жасайық.

Балалармен жеке жұмыс жүргізіледі.

ІІІ. Қорытынды (2 мин)

-Немерелерімнің бәрі маған тартқан, бәрі- шебер!- деп әже балаларға рақметін айтып, ризашылыған білдіреді. Балалармен қоштасады. Көрме ұйымдастырылады.



















































ІІ кіші «Көгершін» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 10.04.18

Тәрбиеші: Тортаева Г.К

Білім беру саласы: Шығармашылық

Пән: Жапсырма

Өтпелі тақырып: Жәндіктер. Қос мекенділер

Тақырыбы: Түрлі- түсті көбелектер

Мақсаттары:

1.Тәрбиелік: Табиғатты қорғауға, эстетикалық талғамының қалыптасуына тәрбиелеу.

2.Дамытушылық: Бейнелі ойлауын, зейінің, қиялын және жапсыру арқылы ұсақ қол қимылдарын дамыту.

3.Оқыту: Көбелек туралы түсінік бере отырып оларды жасау жолдарымен таныстыру.

Педагогикалық технологиялар: ойын технологиясы

Ресурстармен қамтамасыз ету: көбелектер суреті

Билингвалдық компонент:көбелек- бабочка

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

І.Ұйымдастырушылық кезеңі (2 мин)

А. Сәрсеновтің «Көбелек» өлеңін оқып беру:
Мен тимеймін, жасқанба,
Дос болайық, көбелек.
Жайнап тұрған бақшамда,
Гүлдерімді көре кет.
Тұтқиылдан састыра,
Жаңбыр жауса себелеп.
Тақиямның астына,
Тығыла ғой, көбелек.
Тәрбиешінің сұрағына байланысты, балалар өлең мазмұнын әңгімелеп береді.

ІІ. Негізі бөлімі

1.Әңгімелесу.

Көбелектер- олар өте жеңіл және әдемі ғажайып жаратылыс. Олар көрмейді және естімейді. Тек жылы мезгілде ғана тіршілік етеді. 4 қанаты бар, өте нәзік, гүлмен қоректенеді. Қыста ұйықтап жатады.

2.Сергіту сәті

Шаршағанда ырғалып,
Гүлге ұқсап деп алам.
Қанатымды бір қағып,
Гүлдей болып жайқалам.

3.Үлгі көрсету

Ал, енді балалар осы әдемі көбелектерді өзіміз жасап көрейік.
1. Ол үшін бізге не жасау керек екенімізді түсіну үшін үлгі керек
Тақтаға үлгі ілінеді.
Тапсырма: әр столға 4 балаға көбелектің 4 қанаты беріледі, әдемілеп, сәйкестігін тауып, ұқыптылап көбелекті құрастырып шығып жапсырамыз.
4.Д/О «Кім тапқыр»
Мақсаты:
Көбелектің түсіп қалған қанатын тауып, құрастыру. Бүгін осы көбелектер туралы көп нәрсе үйренеміз.
ІІІ. Қорытынды (2 мин)

Балалар сендер білесіңдер ме көбелек қандай ауа райын ұнатады?

Осы көбелектерден көрме ұйымдастырайық.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 қараша
950
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі