Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жапырақ сабақ жоспары 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға көмегі зор
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Жапырақ

Биология 6 сынып
Сабақтың тақырыбы: Жапырақ
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларға жапырақтың қызметімен, сыртқы құрылысымен таныстыру, жапырақтың жүйкеленуі туралы түсінік қалыптастыру
2. Дамытушылық: Әр оқушының қабілетін шыңдап, ізденімпаздығын, жауапкершілігін дамыту
3. Тәрбиелік: Ұтымды ойлауға, белсенді қимылдауға, өзгенің пікірін тыңдауға тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі: слайд, таратпа материалдар, тірек сызбалар
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: тірек - сызбамен, топпен жұмыс.
Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Үй тапсырмасын сұрау( биологиялық диктант)
1. Түрі өзгерген жер асты өркендерге ___________, ________ жатады.
2. Тамырға ұқсас қоңырқай, күңгірт түсті болғандықтан ____________ деп атаған
3. Тамырсабақтың ұшында ___________ болады.
4. Шырынды сабақтар ____________ өсімдіктерінде болады.
5. Жер асты пиязшықты өсімдіктерге ___________ жатады.
6. Сабақтың түп жағындағы өркеннің ұшындағы бүршік ________
7. Жапырақ шығармайтын көп жылдық жер асты өркен ________
8. Түйнектері арқылы көбейтеді ____________
9. Ішке күн сәулесін өткізеді ____________
10. Өң, тоз, тін қабатынан тұрады ____________
Жаңа тақырыпты бастамас бұрын жұмбақ шешу арқылы тақырыпты анықтап алу.

Көктемде тұрады бұтаққа асылып
Күзде жерде жатады шашылып
(жапырақ)

III. Жаңа тақырып:
Жапырақ өсімдіктің өсу мүшесі.
Жапырақтың атқаратын қызметі

фотосинтез
суды буландыру
газ алмастыру
Органикалық заттарды қорға жинау
Көбею

Жапырақтың сыртқы құрылысы

жапырақ тақтасынан
сағақтан

Егерде сағақ бар болса онда сағақты, ал егер сағақ жоқ болса сағақсыз жапырақ деп атайды
Фотосинтез, суды буландыру, газ алмастыру, қорға жинау жапырақ тақтасында жүреді. Ал сағақтың атқаратын қызметі жапырақ тақтасымен сабақты байланыстырып тұрадыжәне жапыраққа беріктік қызмет береді. Өсімдіктерде жапырақтары бірдей пішінде болмайды.

Жапырақ пішіндері
Бүйрек тәрізді ---- Қылқанды --------- Таспа тәрізді ---- Жүрек тәрізді ---- Жебе тәрізді
(бегония) ------------(қарағай) -----------(бидай) -----------(жөке) ----------------(шырмауық)

Жапырақ
Жай (бір ғана тақтасы бар жапырақ)
Күрделі (екі немесе одан да көп жапырақ)

Жай жапырақ

Терек, қайың, емен, жөке, қарағаш

Күрделі жапырақ:
1. Үш құлақты - сағақта 3 жапырақша болады.
2. Саусақ салалы – сағақта 5 - 7, одан да көп жапырақ саусаққа ұқсап орналасады.
3. Қауырсын тәрізді – негізгі сағақты бойлай құс қауырсыны тәрізді бойлай орналасады.

Жапырақтың жүйкеленуі дегеніміз өткізгіш шоқтардың жапырақ тақтасына орналасуын айтады.
Жүйкеленудің қызметі
Су мен онда еріген минералды заттарды өткізеді
Беріктік қасиет береді
Жүкелену бірнеше типке бөлінеді:
1. Қауырсын тәрізді торлы жүйкелену
2. Саусақ салалы
3. Параллель
4. Доғалы жүйкелену
Жапырақтың орналасуының 3 түрі бар.
1. Кезектесе
2. Қарама - қарсы
3. Топтанып
Сабақты бекіту:
Күрделі жапырақ жапырақшаларының орналасуына қарай неше топқа бөлінеді:
а) 1
ә) 3
б) 4
в) 2
2) Өсімдіктің өсу мүшесі
а) сабақ
ә) тамыр
б) жапырақ
в) өркен
3) Сабақтың әр буынында бір жапырақ қана болатын орналысы
а) кезектесе
ә) топтана
б) қарама - қарсы
в) салалы.
4) Жапырақ тақтасының пішіндері нешеу
а) 3
ә) 4
б) 5
в) 6
5) Қандай өсімдік жапырақтары параллель жүйкеленуі
а) үйеңкі, бегония
ә) бидай, жүгері
б) тал, терек
в) інжүгүл, жолжелкен.
Суретте жапырақ тақтасы, сағақ жапырақ, негізі, сабақ, буын қандай цифрлармен белгіленген?

Мына суретте жүйкеленудің қандай типтері көрсетілген?

V. Қорытындылау: бүгінгі жаңа тақырып бойынша жапырақтың негізгі өсу мүшесі екендігіне көз жеткіздік. жапырақтың сыртқы құрылысымен, жүйкеленумен, сабаққа бекінуі туралы білдік Н. Ә Назарбаевтың «жасыл ел» бағдарламасы бойынша жайқалған жасыл желекті ел болайық деп өзімнің сабағымды аяқтаймын
VI. Бағалау
VII. Үйге тапсырма:

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.11.2018
988
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12