«Жапырақтар бүр жарды»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Жапырақтар бүр жарды»

Материал туралы қысқаша түсінік
Ортаңғы топқа арналған ашық оқу қызметі Білім беру саласы: Шығармашылық Ұйымдастырылған оқу қызметі:Жапсыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу қызметі:Жапсыру

Тақырыбы: « Жапырақтар бүр жарды»

Мақсаты:Дәстүрден тыс әдісті пайдаланып,бөлшектерді – жапырақшаларды өз бетінше қиюды,ағаштың бұтақшасын жасауды үйрету.

Дамытушылық:Мақтамен,түсті қағаздармен,желіммен жұмыс жасау машығын, шығармашылық көзқарасты дамыту.

Тәрбиелік:Елестету, туған өлке,табиғатына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекілік құралдары:Көктем мезгіліндегі ерекшеліктерге байланысты суреттер,ағаштардың суреттері.

Қажетті құрал-жабдықтар.Желім,түсті қағаздар,мақта,ағаш бұтақтары


Жүру барысы:


Тәрбиеші: -Балалар, бүгін көп қонақтар келіпті. Оларды, құрметтеп қарсы алайық.

Күлімде күн,күлімде,

Жер жасарып,көгерсін.

Кешегідей,бүгін де,

Қанат қақсын көгершін.

Релоксация. Ән-күй «Құстар әуені».

-Балалар, бұл әуенде ненің дыбыстары,қандай жыл мезгілі?

-Құстардың,судың...Көктем.

-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

-Көктем.

-Көктемнің айлары қалай аталады?

-Наурыз, сәуір, мамыр.

Ал,балалар осы көктем мезгілінде қандай өзерістер болатынын білу үшін ойын ойнайық. «Мен бастайын, сен аяқта»

Қыс кетті, көктем .... (келді)

Қыс суық, көктем .... (жылы)

Қыста тон киеміз, көктемде .... (күртеше)



Көктемде .... (қар ериді)

Көктемде .... (құстар ұшып келеді)

Көктемде, ағаштар бүршік .... (жарды, шашты)


Т: - Көктемде, жарқырап шуағын шашатын, ол не? – Күн.

  • Дұрыс, бірақ қараңдаршы, біздің күніміз көңілсіз. Күннің көңілін көтерейік.

«Күн ерекшелігі» ойын.

  • Балалар, күн қандай?

  • Мейірімді, шуақты, шұғылалы, әдемі, сулы, алтын, жарық, көңілді т.б.

  • Балалар, күн қандай болады?

  • Күн жарқырап, жылы шуағын шашып, көңілі көтерілді.

«Жақсы іс-әрекет». Көктем келді, бірақ ағаштар құрғап тұр. Ағаш көктеу үшін, мен білемін не істеу керегін. Қазір, біз қандай жақсы іс әрекет жасау керегін айтып, осы ағаштың бұтақтарына бүршіктерін,жапырақтарын жабыстырамыз.





Орындау тәсілін көрсету.

Ыдыста отырғызылған ағаштың бұтақтарына жасыл түсті қағаздан жасалған жапырақты ортасын сақина сияқты ашық қалдырып,бір біріне жапсырып,бұтақтарға өткіземіз.Мақтаны кішкене бөліктен үзіп алып жапсыру ағаштың бұтақтарына жапсырамыз.



Топтық жұмыс.



«Дыбыстармен ойын«»

- Ал енді, біз серуенге шықтық, күннің көзін бұлт басып, қатты жел соғады. Кәне, біз бәріміз жел сияқты дыбыс шығарайық. – ууу-ууу-ууу.

- Сол қатты желден ағаштардың жапырақтары шулай бастайды. Жапырақтар жел соққанда, қандай дыбыс шығарады? –шшш-шшш-шшш.

- Жел басылып, күн шығады. Сол кезде көңілденіп қоңыз ұшады. Ол қандай дыбыс шығарады? –жжж-жжж-жжж.

- Маса ұшып келеді. –ззз-ззз-ззз.



Балалардың жұмысын көрмеге қою және талдау.Қорытындылау:
- Балалар, қазір қай мезгіл? Көктем
- Көктемде қандай өзгерістер болады?
- Қар ериді.
- Құстар келеді.
- Ағаштар бүршік жарады.
- Гүлдер өседі.
- Адамдар жеңіл киінеді
.

-Бүгін не жасадық?

-Ағаштардың бұтақтарына бүршік жасадық.Жапырақтар жапсырдық.


Мадақтау

Жарайсыңдар,балалар! Бүгінгі оқу қызметіне барлықтарың өте жақсы қатыстыңдар,сол үшін сендерге тәттілерден таратып беремін.


Қоштасу:

Қол ұстасып тұрайық.

Шеңберді біз құрайық.

Көріскенше күн жақсы.

Сау саламат болайық!

Күніміз шуақты болсын!

Аспанымыз ашық болсын!


Күтілетін нәтиже

 Нені біледі: көктемгі табиғат өзгерістерін, қоршаған ортаны сүюді;

 Қандай түсініктерді игерді: берілген тапсырмалар бойынша сөйлем құрауды,

 Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: көктем мезгілі туралы түсініктерді, ай аттарын атауды және оның өзгерістері жайлы,желіммен жұмыс істеуді



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.03.2022
417
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі