400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жапырақтардан композиция жасау.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға.
Материалдың қысқаша нұсқасы

6-ұОқ. ЖАПыРАқтАРдАн КОмПОзИЦИЯ ЖАсАу

(заттық аппликация)


мектеп/мұ:


Күні:

Педагогтің аты-жөні:


сынып/топ:

қатысқандардың саны:

қатыспағандардың саны:


ұОқ-нің оқыту мақсаттары

0.1.1.2. Үлгіқалып/есте сақталған үлгі/затқа қарап жапсыруларды құрастыру, сәйкес түсті, пішінді, заттардың фактурасы мен пропорцияларын таңдау, бөлшектерді жапсыру бірізділігін дұрыс пайдалану.

0.2.1.3. Табиғи және қолдан жасалғандардан, екіге бүктелген, қатпарлап бүктелген қағаздардан түрлі симметриялық пішіндерді қиып алу.

0.2.2.4. Жұмыс барысында жұмыс орнын, құралдарын ретке келтіру.


Күтілетін нәтижелер

Барлық тәрбиеленушілер:

-өсімдік элементтері негізінде өрнектерден жапсырма құрастыра алады;

-өрнектерді симметриялы, ырғақты орналастыра алады;

-желімді пайдалану дағдыларын қолдана алады;

-жұмыс барысында жұмыс орнын, құралдарды ретке келтіре алады.


Көптеген тәрбиеленушілер:

-екіге, қатпарланып бүктелген қағаздан симметриялы пішіндерді қия алады;

-қағаздың түстері мен реңктерін өз бетімен таңдай алады.


Кейбір тәрбиеленушілер:

-елестету бойынша суреттерді құрастыра алады.


тілдік мақсаттар

дағдыларды дамыту:

-оқу міндетін түсіну және оны орындауға тырысу;

-сұрақтарға жауап беру, бұрын меңгерілген біліктерді еске түсіру;

-шығармашылық процесінің барысында мүмкіндіктер аясын талқылау;

-қазақ, ағылшын тілдерінде таныс сөздерді есту арқылы тану;

-бейнелеу материалдарын мақсаттарды іске асыру үшін пайдалану, түпкі ойды түсіндіру;

Көптілділік: жапырақтар – листья – leaves.



негізгі терминдер мен сөз тіркестері:

-композиция, жапырақтар, өрнектер, түс, реңк, екіге бүктеу, қатпарлап бүктеу.


талқылауға арналған сұрақтар:

Жылдың әртүрлі маусымында ағаштардың жапырақтарында қандай айырмашылықтар болады? Күзгі жапырақтардың түсі қандай? Қараағаш,терек, аққайың жапырақтарының пішіні қандай? Қағаз парағын екіге және қатпарлап қалай бүктейді?

Симметриялы сурет дегеніміз не?



Алдыңғы білім

Халық өнерінің желісі бойынша әртүрлі пішінді қағаздан, (шеңберлер, шаршылар, сопақша) геометриялық элементтерден өрнектер құрастыру. Қағазды бірнеше қабат етіп бүктеу, бірден көп геометриялық сәндік элементтер, фигуралар қию, шаршы, тіктөртбұрыш, шеңбер, сопақша пішіндерді екіге бөліп қию, шаршыны диагоналі бойынша қию білігі. Қазақстанның өсімдік әлемі туралы түсінік.


Жоспар


Жоспарлан- ған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар


і. Оң көңіл күй орнату. 0–1 минут

(ұ) ұОқ-де оң көңіл күй орнату.

Педагог күз туралы өлең оқиды.

(ұ) Педагог тәрбиеленушілерге күз туралы тақпақ білетіндерін еске түсіруді ұсынады. Күз белгілерінің мысалын келтіруді сұрайды.

Музыкалық сүйемелдеу.



II. өмірлік

Күз

Тоқтай тұрыңдар, ұшпаңдар, Ерке сылқым жапырақтар! Қызыл, сары, жасыл, қоңыр, Болармысың сондай қыңыр! Ұшпаңдар деп жалынғанмен, Ұшып кеттің желге еріп.

Төбелермен, шатырлармен, Аулалармен, көшелермен Кетіп барад жаз да ұшып.

С. Сон

Педагог балалардың сабақтың тақырыбына дайындықтарын тексереді.



тәжірибені


өзектендіру.


мақсат қою


2–5 минут



III. ұОқ-нің тақырыбы бойынша жұмыс

6–25 минут

(ұ) Әліппе-альбомдағы иллюстрациялық материалмен жұмыс. Педагог балаларға суретке қарап, жапырақтардың қай ағаштан түскенін анықтауды ұсынады. Тәрбиеленушілер жапырақтардың әрқайсысының түсін, нысанын, көлемін сипаттайды (гербарийді немесе мектепке жол бойынша жиналған жапырақтарды пайдаланыңыз).

Педагог балаларға күзгі жапырақтардан қандай композиция құруға болатыны жөнінде қиялдап көруді ұсынады. Сәндік жапсырма құрастыруға тартады.

(ұ) «Күзгі десте» саусаққа арналған жаттығу.

Балалар, күзгі дестені жинаймыз.

Жапырақ тереміз (жұдырықтарды түю­ашу).

Аққайыңның жапырағын, Шетеннің жапырағын, Теректің жапырағын, Көктеректің жапырағын

Еменнің жапырағын (кезек­кезек саусақтарды бүгу),

Бір дестеге жинаймыз.

Анамызға күзгі десте сыйлаймыз (жұдырықтарды түю­ашу).

(Ж, ұ) Жұмыстың орындалу технологиясы

Негізін шеңбер, шаршы немесе таспадан дайындаймыз. Желім негізгі беттің жиегіне ғана жағылады.

Тәрбиеленушілер қандай пішінді жапырақтарды қиып алатынын және қағаздың қандай түсі қажет болатынын айқындауы тиіс.

Әліппе-альбом.

Күзгі жапырақтар жиналған гербарий.


Күзгі жапырақтардан жасалған жапсырмалар (тәрбиеленушілердің жұмыстары, иллюстрациялар, слайдтар болуы мүмкін).


Музыкалық сүйемелдеу .



Барлық жапырақтар симметриялы. Сондықтан әзірлемелерді алдын ала екіге бүктеу әдісін қолданған орынды.

Қағаз парағын (көлемі 4х6 см тіктөртбұрыш) тігінен екіге бүктейміз. Бүгу сызығы бойымен үлгіқалыптың көмегімен немесе үлгіге қарап сурет саламыз. Үлгіқалып ретінде серуендеген кезде жиналған жапырақты қолдануға болады.

Педагог әзірлеме пішінін, оның ені мен ұзындығын, көлемі мен бояуын өзгерткенде жапырақтардың, әсіресе күзгі жапырақтардың әртүрлілігін көрсетуге мүмкіндік беретініне балалардың назарын аударады.

Жапырақтарды қиып алып түзетеміз.

Педагог жапырақты қиып алу тәсілін балаларға көрсету үшін олардың бірін ортаға шақыруына болады. Бұл тәрбиеленушілердің өз түсінігін бекітуі және кезектілікті қайталауы үшін қажет.

Жапырақтардың әзірлемелері дайын болған кезде оларды дайындалған негізгі бетке орналастырамыз.

Педагог балалардың назарын өрнектің қарапайым болуы, яғни бір элементтен тұруы немесе күрделі болуы, яғни жекелеген сарын бір-екі элементтен кейін қайталануы мүмкін екендігіне аударады.

Түрлі түсті қағаздар, жай қарындаштар, ПВА желім (немесе қарындаш-желім), желімге арналған жаққыш, шүберек, клеенка.






Магниттік тақта (флипчарттар). Көрнекі материал – қағаздан қиылған жапырақтар.


Педагог балалардың назарын негізгі беттің кеңістігінің біркелкі толтырылуына аударады. Сұлбаны қию кезінде балалардың назарын шеткі сызыққа аударады және қайшының қозғалысының кеңістікте бағдарлануына, маңыздылығына көңіл бөледі. Алдын ала композицияны қарап алғаннан кейін жапырақтарға желім жағып, оларды қатырғықағазға жапсырады. Тәрбиеленушілердің қалауынша кептірілген жапырақтар мен гүлдерді пайдалануға болады.

(ұ) қауіпсіз жұмыс жасау ережелері

Тәрбиеленушілерге мынаны ескерту қажет:

қайшылар өткір болғандықтан, қауіпті құрал болып табылады. Қайшымен ойнауға болмайды, қайшымен қиып жұмыс жасалады. Қайшыны бетке жақындатуға, рұқсатсыз алуға, оны сілтеуге, лақтыруға,

оны ұстап жүруге, әсіресе оны қолға ұстап жүгіруге болмайды, өйткені өзіңе зиян келтіруің мүмкін.

Қайшыны бір-біріңе жабық күйінде берулерің керек. Қайшымен үстел басында отырып қана жұмыс жасайды. Жұмыс жасап болған соң, қайшыны өз орнына қояды.






Жаднама, слайд.


IV. ұОқ қорытынды- лау. Рефлексия. 26–30 минут

(ұ, ө) Шағын көрме ұйымдастырылады. Балалар талқылап, өздерінің арасындағы ең үздік жұмысты таңдайды.

Педагог рефлексияның бір түрін таңдайды:

  • физикалық (үлгердім – үлгермедім);

  • сенсорлық (өзін-өзі сезіну: қолайлы – қолайсыз);

  • зияткерлік (нені түсіндім, ұғындым – нені түсінбедім, қандай қиындыққа кезіктім);

  • рухани (жақсардым – нашарлай түстім, өзімді, өзгелерді жақсарттым, күйреттім).

Жұмыстарын көрмеге қояды.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
5 маусым
3419
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі