400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жапырақтарды әр түрлі тәсілмен бейнелейміз

Материал туралы қысқаша түсінік
Көркем еңбек пәні мұғаліміне
Материалдың қысқаша нұсқасы

«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК

Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасы

КГКП «Педагогический колледж имени М.О.Ауэзова»

Управление образования Восточно-Казахстанской области

Положение

СМК-ПП-5.3-70

Ашық сабақты жоспарлау мен өзара сабаққа қатысуды жүргізу туралы Ереже/

Положение о планировании проведении открытых уроков и взаимопосещения

Издание /басылым

1/2018

Стр/бет.

0 из 3




Бекітемін________

Директордың ІТЖО: К.А. Искакова

« » _______2019 ж.





Сабақ жоспары





Пәні: Көркем еңбек

Тақырыбы: «Жапырақтарды әртүрлі тәсілмен бейнелейміз»

Өтілетін орны: №37 гимназия

Сынып: 3«В»

Мерзімі: 16.10.2019.

Машықкер: Ерматқызы Назерке

Сынып жетекшісі: Л.С Қалиева

Әдіскер: Оразбаев Р.А.

Баға: «__» ________













Семей, 2019



Пән: Көркем еңбек

Сынып: 3 «В»

Мектеп: 37 гимназия

Мұғалімнің аты-жөні: Ерматқызы Назерке

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Жапырақтарды әртүрлі тәсілмен белгілейміз

Оқу мақсаттары

3.2.3.1. Нақты дәлдігіне жетіп материалдарды және компонеттерді өлшеу, белгілеу, қию, формасына келтіру, жинақтау,қосу және біріктіру.

3.1.3.1. Орындау техникасын негіздеп таңдай отырып шығармашылық идеялар мен сезімдерін ( көңіл-күйі, мінезін) көрсету.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: жапырақтың түрлерімен танысады;

Көпшілік оқушылар: жапырақтарды әртүрлі тәсілмен бейнелеп, жануарлардың суретін шығара алады;

Кейбір оқушылар: жапырақ туралы өз ойын айтады.

Бағалау критерийлері

  • Жапырақтар туралы мәліметті түсініп оқиды;

  • Мәлімет барысында сәйкес суреттерді қолдану;

  • Сарамандық жұмыс ұсыну.

Құндылықтарды дарыту

«Азаматтық жауапкершілік», «құрмет», «еңбек пен шығармашылық» сияқты құндылықтарын бойына сіңіруіне, табиғатты қорғауға, адамгершілік құндылықтарды бойына сіңіру, ашықтық, өз елінің патриоты болуына ықпал ету.

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, бейнелеу өнері.

Алдыңғы білімді игеру

Мәтін мазмұнын түсінеді, сұрақтарға жауап береді.


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы


I.Ұйымдастыру кезеңі:

Амандасу, түгендеу. Психологиялық ахуал:

« Кел, балалар күлейік»

Кел, балалар күлейік,

Күлкіменен түлейік!

Қабақ түйген не керек,

Көңілді боп жүрейік!

Кел, балалар күлейік!

Күлкіменен түлейік!

Күлкі көңіл ашады,

Күліп өмір сүрейік!

Сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстыру. Оқушылармен бірлесе бағалау критерийін құрастыру немесе таныстыру.

Сынып бөлмесі, ереже










Сабақтың ортасы




































Ой ашар: Жұмбақ шешу

Ағайынды бәрі:
Шықса-көк,
Түссе-сары. ( жапырақтар)

Жапырақты бояды,
Атырапты бояды.
Бояп - бояп барлығын
Сап - сары ғып қояды. (Күз)

Гүл-гүл жайнап жер, аспан,

Гүрілдейді сайда өзен.

Гүлжазира жарасқан

Гүлдерімен қай кезен? (Көктем)

Қызыл сары кемелер,

Су бетінде қалқиды,

Соқса егер салқын жел,

Ырғалады толқиды. ( жапырақ)

Жұмбақ шешу арқылы тақырыпты табу

-Балалар бүгін біздің тақырыбымыз қандай деп ойлайсыңдар?

- Жапырақтар туралы

Кітаппен жұмыс 12 бет

1-тапсырма

Жапырақтарға қара.Олардың пішінінен қай ағаштың жапырағы екенін білуге болады.Мысалы, талшын жапырағы бес не жеті жапырақшадан тұрады. Олардың барлығы жапырақ сабағының бір нүктесінен тарайды. Қараағаштың жапырағының пішіні тұтас, жиектері кертік, ал үйеңкінің жапырағы өрнекті.

  1. Өзің білетін ағаштарды ата?

  2. Олардың жапырақтарын суретте.

  3. Сен тұратын жерде қандай ағаштар өседі?

Дескриптор:

  1. Жапырақтарды ажырата алады.

  2. Өз тұратын жеріндегі ағаштар жайлы айта алады.

Жапырақтар туралы қызықты деректер

Жапырақтың өсуі, тіршілік ету ұзақтығы:

Жапырақ ағаштың біржылдық өркеніне түзіледі. Өсуі 30-40 күнге созылады. Тек қырыққұлақ пен түбіртаспа өсімдіктерінде тіршілігін жойғанша өсе береді.

Жапырақтың тіршілік ету мерзімі бірнеше айдан -15 жылға дейін өсе береді.

Қарағай-2-4 жыл

Кавказ самырсыны 9-13 жыл

Тиса қылқаны 6-10 жыл

Шыршада 5-12 жыл

Тозды еменде 1-2 жыл

Қаражидекте 1-4 жыл өседі.

Әлемдегі ең ірі жапырақ Рафия пальмасы – 20метр


Әлемдегі ең биік жапырақ Коколоба – 15 метр


Жапырақтардың түсі неге жасыл немесе ол неге күзде сарғаяды? (әңгіме)

Көктем келді. Ағаштарда жапырақтар көбейді. Олар күннің көзіне жылынып өсе берді. Бір күні жапыраққа хлорофилл келді:

–  Жапырақ, көмектес маған. Менің мекенім, тұратын үйім жоқ. Мені өзіңмен қоса алшы, – деп жалынды

– Жоқ, сен маған керек жоқсың. Мен сенсіз-ақ та өмір сүремін, сенсіз-ақ та әдемімін, – деп хлорофилді қуып жібереді. Хлорофилл жылап әрі қарай кете береді.

Біраз уақыт өтеді. Жапырақтың түсі өзгеріп, бозарып кетіпті. Әлгі әдемі, жасыл түсінен түк те жоқ. Оған сонда ағаш айтады:

– Сен өткенде бекер хлорофиллді қуып жібердің. Онсыз сенің түсің бозарып, сарғайып кетіпті. Қазір күз емес қой.

Сонда жапырақ біраз ойланады да хлорофилге барып кешірім сұрайды:

– Шырағым, хлорофилл, кешірші мені. Менің сенсіз күнім жоқ екен. Кел, екеуміз бірге өмір сүрейік.

Содан бастап хлорофилл жапырақпен бірге өмір сүріп, оған әдемі, жасыл түс береді екен.

Күндерден күн өтіп жатады. Міне күз мезгілі де келді. Жаз бойы күннің жылуына еркелеген жапырақ күннің көзіне зар бола бастайды. Себебі күзде күн суытып, жаңбыр жиі жауа бастайды. Бұнын салдарынан хлорофилл де әлсізденіп қалады. Бір күні ол жапыраққа былай дейді:

– Жапырақ, міне күз келді. Күннің көзінің қызуы азайды. Мен де өз еліме қайтайын. Келесі көктемде біз міндетті түрде кездесеміз, –  деп қоштасып кете береді. Ал жапырақ хлорофиллсыз жасыл түсін жоғалтып, сарғайып, қурап қалады.

1. Блиц-сұрақ «Миға шабуыл»

–          Қазір жылдың қай айы?

–          Ол жылдың қай мезгіліне жатады?

–          Күздің қандай ерекшелігін білесіңдер?

–          Күзде жапырақтар неге сарғаяды?

Жапырақтардан әр – түрлі бейне жасау

Жұмыс барысы:

Қауіпсіздік ережесі

  1. Қайшыны біреуге бергенде сап жағын қаратып беру керек.

  2. Құрал-жабдықтарды сабақ барысында тиімді пайдалану.

  3. Желімді ауызға салуға болмайды, желімді көзіне, аузыңа тигізбе.

Практикалық жұмыс;

Керекті құрал-жабдықтар: қайшы, жапырақ, желім, ақ бет, қарындаш, сызғыш.




ҚБ «Бір- бірін бағалау»

Топтар бір -бірінің жұмысын бағалау арқылы әр топ жұмысында нені жақсарту керектігін анықтайды.

Слайд, жұмбақтар

































Оқулық



Талшын, қараағаш, үйеңкінің суреттері

















Слайд, жапырақтар туралы деректер



















































Рафия, коколоба суреттері







































































Миға шабуыл

Қауіпсіздік ережесі

Қайшы, жапырақ, желім, ақ бет, қарындаш, сызғыш











































Бағалау


Сабақтың соңы


(Ж) «Бір ауыз сөз» әдісі

Оқушылар стикерлерге сабақ туралы бір ғана сөз жазып, оны алдырандағы ақ қағазға жапсырады. Өз ойларын түсіндіріп береді. Стикерлерге сабақты бағалайтын келесі сөздерді жазуға болады (оларды тақтаға алдын-ала тақтаға жазып қойған дұрыс): ұнады, пайдалы, қажет, білдім, үйрендім, қызықтым, ұмтылдым, есте сақтадым т.б

Стикер, ақ қағаз

Саралау

1-тапсырма

Оқушылар жапырақ ұғымымен танысады. Қарағаш, үйеңгі,талшын жапырақтарының пішіндерін, көлемін меңгереді.

2-тапсырма

Қызықты деректер бойынша оқушының логикалық ойлауы дамиды, жылдам ой түйіндейді.

3-тапсырма

Ұсынылған мәселе бойынша өз ойына талдау жасайды. Жасалған жұмыс бойынша толыққанды, жан-жақты түйіндеме жасайды.

Бағалау

«Смайликтер» әдісі

«Қол шапалақтау» әдісі

«Бір- бірін бағалау»әдісі

«Екі жұлдыз,бір тілек» әдісі


Дескриптор

- сөйлеу барысында иллюстрацияларды тиімді қолданады

- жапырақтар туралы өз ойын айтады

- жапырақтарды әртүрлі тәсілмен бейнелеу арқылы бір бейне жасайды

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтайды

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсатына жеттім бе?

Оқушылар не үйренді?

Ынтымақтастық атмосферасы орнатады ма?

Оқушылар арасындағы дифференциациялау бойынша іс-әрекеттер ұтымды болды ма?

Жоспарланған уақытты ұстандым ба?

Жоспардан қандай шегіністер жасадым және неліктен?



Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
22 қараша
2915
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі