Жапырақтың ішкі құрылысы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жапырақтың ішкі құрылысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Биология пәнінің жас мамандарына көмегі тиер деп ойлаймын. Бұл тақырыпта жапырақтың ішкі құрылысын сипаттайды. Терминдермен жұмыс жасайды. Бір-біріне тілектер айту арқылы сыныпта сенімділік , қарым-қатынас , жағымды кері байланыс орын алады. Сабақ барысында топтық жұмыс жасайды. Топтық жұмыс әр оқушының нақты әс-әрекетін тудырады, бірлесе жұмыс жасайды. Сабақ үстінде берілген материалдарды бір-біріне көмектесе отырып толық меңгереді. Жапырақ құрылысына байланысты кестелер толтырады.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

Тірі ағзалардың қоректенуі

Мектеп:

«С. Көбеев атындағы №56 жалпы орта мектеп»


Күні:


Сыныбы: 7


Мұғалімнің аты-жөні:

Жумабекова Сандугаш Тулеутаевна

Қатысқандар: Қатыспағандар:







Сабақтың тақырыбы

Жапырақтың құрылысы мен қызметі. Жапырақтың ішкі құрылысы. Лептесік. Жапырақ фотосинтездеуші, суды буландырушы және газ алмастырушы арнайы мүше. Судың булануы мен газдардың алмасуы.


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.1.2.1 - жапырақтың ішкі құрылысын сипаттау, құрылысы мен қызметі арасындағы өзара байланысты сипаттау


Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: Жапырақтың ішкі құрылысын сипаттау.

Оқушылардың басым бөлігі: Жапырақтың ішкі құрылысы мен қызметі арасындағы өзара байланысты түсіндіру.

Кейбір оқушылар: Жапырақтың ішкі құрылысы мен бөліктерін анықтау, жасушалар мен қызметтер арасындағы сәйкестігін табу.


Бағалау критерийі

- Жапырақтың ішкі құрылысын сипаттайды

- Жапырақтың ішкі құрылысы мен қызметі арасындағы өзара байланысты түсіндіреді.

-Жапырақтың ішкі құрылысы мен бөліктерін анықтайды, жасушалар мен қызметтер арасындағы сәйкестігін табады.


Тілдік мақсаттар


Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Қоректену. Минералды қоректену, ауа арқылы қоректену. Транспирация, паренхима, лептесік, өткізгіш ұлпалар

Тыңдалым дағдысына қажетті сөз тіркестер:

Жапырақтың ішкі құрылысы бөліктері мен қызметтерін атайды

Жазылым дағдысына қажетті сөз тіркестер:

Жапырақтың суды буландыруы ......................деп аталады .

Фотосинтездеуші ұлпа (ткань) жасушалары –.......................

Жапырақтың төменгі жағында маңызды құрылым –............... (устьица) болады.


Құндылықтарға баулу


«Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» еңбек және шығармашылық ынтымақтастық, өмір бойы білім алу.


Пәнаралық байланыс

Химия - фотосинтез процесі кезіндегі реакция формулалары.


Алдыңғы білім


7.1.1.4 жекелеген ағзаларға қарапайым дихотомиялық кілттерді қолдану


Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар


Сабақтың басы


3 минут











5 минут









Ұйымдастыру.

Оқушылармен сәлемдесу , түгендеу, оқушылардың сабаққа қатысымын қадағалау.

Ынтымақтастықты қалыптастыру.

«Ақ тілек» атты сергіту сәтін өткізу.

Мақсаты: сыныпта сенімділік, қарым – қатынас, жағымды кері байланыс орнату. Көңіл – күйлерін бағдаршам арқылы көрсету.

Топқа бөлу «техникалық маркалар»

1-топ. (телефон атаулары)

2-топ. (машина атаулары)

3- топ. (тұрмыстық техника)

Үй тапсырмасын сұрау.

«Үш қадамдық сұхбат» әдісі бойынша үй тапсырмасын пысықтайды. Жұмыс алгоритмі: төрт немесе алты адамнан тұратын топтарды жұптарға

бөлемін. А және Ә, Б және В.

1-қадам.А Ә-ден сұхбат алады, ал Б В-дан сұхбат алады.

2-қадам, керісінше. Ә А-дан сұхбат алады, ал В Б-дан сұхбат алады.

3-қадам. Әр оқушы өз жұбы туралы ақпаратпен топ ішінде бөліседі.

Жаңа тақырып. (Бейнематериал көрсету)

«Қызығушылықты ояту» әдісі бойынша оқушыларға бейнематериалды көрсете отырып, жаңа сабақ тақырыбымен және мақсатымен таныстырамын. Жаңа сабақ бойынша барлық оқушыға жаңа ұғымдар мен терминдер жазылған парақшалар, суреттер таратып беремін. Оқушылар оқулықтан ізденіп, алған білімдерін әр оқушы жеке, жұптасып, сосын топтасып талқылайды.





Қағаз қиындылары




Биолог анықтамалығы

журнал

Смайликтер



smk.edu.kz

Бейне материал,

оқулық


Суреттер

А4 парақтар



Сабақтың ортасы


(Білу және түсіну)


25 минут
































































Сергіту сәті

2 мин

Тапсырма-1 «Сауалдармен жұмыс»

(Ж)1. Жапырақ жайлы не білесіңдер?

2.Минералды және ауа арқылы қоректенуге мысал келтіріңдер

3. Жапырақтың негізгі қызметін атаңдар.

Дескриптор

- Жапырақ жайлы білгендерін айтады

- Минереалды және ауа арқылы қоректенуге мысал келтіреді

- жапырақтың негізгі қызметін атайды


Тапсырма-2 «Суреттік тапсырма»

(Жж) Суретте жапырақтың ішкі құрылысы берілген.

(а) Жапырақтың ішкі құрылысын анықтайтын құрылымдарды атаңыз.

(б) Әр құрылымның атқаратын қызметін сипаттаңыз. Жауабын кестеге толтырыңыз.

Құрылым атауы

Атқаратын қызметі









Дескриптор

  • Жапырақтың ішкі құрылысын құрайтын құрылымдарды атайды

  • Жапырақтың ішкі құрылысын құрайтын құрылым қызметін сипаттайды


Тапсырма-3 «Сәйкестендіру тесті»

(Тж) Берілген жасушалар мен қызметтер арасындағы сәйкестігін тауып, жауабын дәптерге жазады.


1-топ.

Жасушалар

Қызметтері

а)борпылдақ жасушалар

1. Газ алмасу, су буландыру

ә)жанаспалы жасушалар


2. Фотосинтез үдерісіне қатысады.

б) мезофилл жасушалар

3. жасушааралық бос қуыста фотосинтезге су мен газдар жинақталады

2-топ. Жапырақ ұлпасының құрылысы


Бағаналы ұлпа

Борпылдақ ұлпа




3-топ. Жапырақтың жүйкеленуі


Жапырақ жүйкеленуі

Қызметі






Дескриптор

  • Жапырақтың құрылысы мен қызметінің байланысын анықтайды

  • Жапырақтың құрылысы мен қызметінің өзара байланысын түсіндіреді

  • Жапырақ жасушаларымен қызметтері арасындағы сәйкестікті табады

  • Жапырақ ұлпасының құрылысын анықтайды

  • Жапырақтың жүйкеленуін түсіндіреді


«Көңілді күн» әуеніне билетемін.


оқулық(72 б)

Тапсырмасы бар парақтар,

стикерлер








Жоба (ҚБ)

























Кесте сызылған парақшалар































Электронды оқулық


Сабақтың соңы


5 мин





















"Конверттегі сұрақ" әдісі арқылы өтілген

сабақ пысықталады. Конвертке оқу мақсатына сәйкес 2-3 сұрақ салынып, әр оқушыларға таратып 2 минут уақыт беремін. Оқушы өз атын және сұрақ жауабын жазып конвертке салады және конвертті келесі оқушыға береді. Барлық оқушылар жауап бергенше конверттермен алмасады. Соңында бірнеше жауапты дауыстап оқиды

  1. Фотосинтез қандай үдеріс?

  2. Жапырақ жүйкесінің механикалық және өткізгіш қызметін анықтайды?

  3. Өсімдік үшін судың маңызы қандай?

Дескриптор

  1. Фотосинтез үдерісін түсіндіреді.

  2. Жапырақ жүйкесінің механикалық және өткізгіш қызметін анықтайды

  3. Өсімдік үшін судың маңызын түсіндіреді.

Кері байланыс «Бағалау терезесі»

  1. Маған бәрі де түсінікті

  2. Мен есте сақтадым

  3. Сұрақтар пайда болды

  4. Түсінбедім

Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін стикерлерге түсіреді

Үй тапсырмасын беру. Жапырақ туралы қызықты мәліметтер жинақтау

ҚБ-үлестірмелі материал,

Конверттегі сұрақтар,



смайликтер









Стикерлер

«Бағалау терезесі»



Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау



Барлық оқушыларға. Қажет болған жағдайда оқушыларға жеке қолдау көрсету, деңгейлік тапсырмалар, сәйкестендіру кестесін беріп отыру.

Басым бөлігі. Қабілеті төмен оқушы түсінбеген жағдайда қабілетті оқушыны отырғызып оған түсіндіріп отыра бірлесе жұмыс істеу.

Кейбірі. Қабілетті оқушыларға алдын-ала дайындалған күрделі тапсырмалар беру.


«Бағдаршам» арқылы ынталандырамын, смайликтер. ҚБ Мақтау, марапаттау, ҚБ (Сен жарадың, сен кереметсің т.б)


Биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережесін сақтау

Сергіту сәті


Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?





Жалпы бағалау


Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.01.2019
759
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі