400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жапырақтың ішкі құрылысы

Материал туралы қысқаша түсінік
6-сыныпқа қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:...28.10.2010.

Сыныбы: 6 «Г»

Сабақ тақырыбы: Жапырақ.

Мақсаты:

  1. Өсімдік мүшелері арасындағы байланыс туралы оқушылар білімін жүйелеу және толықтыру.

  2. Ұжымдық ойлау, топтық әрекет технологиясының тәсілдерін белсенді қолдану арқылы топпен жұмыс істеуге, басқаларды тыңдауға өз көзқарасын қорғап, дәлелдей білуге тәрбиелеу.

  3. Жапырақтың табиғатта алатын орнын түсіне отырып, оны қорғауға тәрбиеленеді.

Сабақ көрнекілігі: Өсімдік жапырақтары, слайд, кесте.

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: МОТ топпен жұмыс.


Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Үй тапсырмасын сұрау.

1. Тамыр қандай мүше?

2. Тамыр жүйесі деген не?

3. Тамыр жүйесі нешеге бөлінеді?

4. Тамыр қандай қызмет атқарады.

5. Сабақ қандай қызмет атқарады?

6. Сабақтың түрлерін айт?

7. Сабақтың ішкі құрылысы неден тұрады?

8. Тамырсабақ пен тамырдың айырмашылығы?

9. Түйнек пен тамырдың айырмашылығы?

10. Сабақтың қабық бөлімі неше бөліктен тұрады?

11. Түрін өзгерткен тамырлардың түрлерін атаңдар?

12. Тамыр бөлімдерін атаңдар?

13. Тамыр оймақшасы қандай қызмет атқарады?


Жаңа тақырып:

Жапырақ өсімдіктің маңызды өсу мүшесі. Өйткені фотосинтез, газ алмасу, булану үрдістері жапырақта өтеді. Оған қоса жапырақта органикалық заттар қорға жиналады және өсімдіктің көбеюіне қатысады.

Жапырақ

Фотосинтез процесі жүреді

Органикалық зат түзеді

Газ алмастырады

Органикалық заттарды қорға жинайды

Өсімдіктің өсу мүшесі

Жасушадағы артық суды буландырады

Көбеюге қатысады









Жапырақтың сыртқы құрылысы. Жапырақ тақтадан және сағақтан тұрады. Жапырақтың кеңейген, жалпақ бөлімі- тақтасы, сабаққа бекінетін жіңішке бөлімі тақтасы, сабаққа бекінетін жіңішке бөлігі сағағы деп аталады.

Сағағы болмайтын жапырақты сағақсыз жапырақ деп атайды.Сағағы жапырақты жұлынып түсуден сақтап, берік тірек қызметін атқарады.Сағақ жапырақ тақтасын жарыққа қарай бағыттап, бұру қызметтерін де атқарады. Сабақтан сағақ арқылы қоректік заттар жапырақ тақтасына өтеді.

Асбұршақ, итмұрын, раушан, беде, қараған және т.б. өсімдіктердің жапырақ сағағының түбінде орналасқан пішіні әр түрлі майда жапырақшаларды бөбешік жапырақшалар дейді.

Жапырақ


Жай жапырақ

Күрделі жапырақ

Беде, соя, бөрібұршақ, қарасора

Терек, қара ағаш, қайың ағаштары

DrawObject4 DrawObject3 DrawObject2 DrawObject1














Бір ғана тақтасы бар жапырақты жай жапырақ дейді. Бір сағақта екі не одан да көп жапырақтар орналасатын болса, онда күрделі жапырақ дейді.

Жапырақшаларының орналасуына қарай күрделі жапырақтар мынадай үш түрге бөлінеді.

  1. үш құлақты

  2. саусақ салалы

  3. қауырсын тәрізді

  1. Үш құлақты күрделі жапырақ сағағында 3 жапырақша болады, мысалы: беде, соя.

  2. Саусақ салалы күрделісағақта 5-7 және одан да көп жапырақшалар саусаққа ұқсап бір жерден таралып орналасады, мысалы: атбас талшын, бөрібұршақ, қарасора.

  3. Қауырсын тәрізді күрделі жапырақшалар негізгі сағақты бойлай екі жағына бірдей құс қауырсыны тәрізді орналасады.

Жапырақша саны жұп болса жұп қауырсынды, тақ болса, тақ қауырсынды күрделі жапырақ дейді. Жұп қауырсындылар: асбұршақ, сарықараған, чина, қоянбұршақ; тақ қауырсындылар: қызыл мия, ақмия, итмұрын, аққараған.

Жапырақтың жүйкеленуі деп өткізгіш шоқтардың жапырақ тақтасында орналасуын айтады.

Жүйкелер қызметі:

    • жүйкелері арқылы жапырақ қабаттарына су мен минералды тұздар жеткізіледі;

    • түзілген органикалық заттар басқа мүшелеріне таралады;

    • жапыраққа беріктік қасиет береді.

DrawObject6

Жапырақ


Саусақ салалы жүйкелену


Қауырсын тәрізді жүйкелену


Паралелль жүйкелену


Тал, терек, алма, алмұрт ағаштарының жапырақтары


Інжугүл, жолжелкен


Бидай, жүгері, хлорофитум

Доға тәрізді жүйкелену

Үпілмәлік, үйеңкі, бегония


DrawObject5



Жапырақтардың сабаққа орналасуында белгілі бір заңдылық бар. Бұрын шыққан жапырақтары кейінгілеріне көлеңке түсірмейтіндей ретпен бекінеді. Сондықтан жапырақ тақталары қанша көлемді болғанымен, бәрі күн жарығымен қамтамасыз етіледі. Бекінудің үш түрі бар: кезектесе, қарама-қарсы және топтана орналасу.

Сабақтың әр буынында бір жапырақ болса кезектесіп орналасу дейді.

Қарама-қарсы орналасу- сабақтың әр буынына екі жапырақтан бір- біріне қарама-қарсы бекінуі ( үйеңкі, гүлшетен, қалампыр, жалбыз).

Егер буынында 3 немесе одан да көп жапырақтар болса, оны топтанып орналасу дейді.

Шығармашылық тапсырма:






Осыдан табылған өсімдіктерге сипаттама беру.

« Жапырақтың тірі табиғатта алатын орны туралы» 5 минуттық эссе жазуға тапсырма беру.

Бекіту сұрақтары:

  1. Жапырақтың сыртқы құрылысы?

  2. Жапырақ қандай қызмет атқарады?

  3. Жай жапырақ пен күрделі жапырақты қалай ажыратуға болады?

  4. Жай жапырақты өсімдіктерді ата?

  5. Күрделі жапырақты өсімдіктерді ата?

  6. Жапырақтардың сабаққа орналасуының түрлерін атаңдар?

  7. Паралелль жүйкеленуге қандай өсімдіктер жатады?

  8. Қауырсын тәрізді торлы жүйкеленуге жататын өсімдіктерді атаңдар?

Үйге тапсыма: Жапырақ оқу 24, 25-суретті дәптерге салу.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
3054
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі