400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Жапырақтың құрылысы мен қызметі" 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
жаңартылған бағдарлама бойынша 7 сыныпқа арналған сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы




7.1. Жапырақтың құрылысы мен қызметі. Жапырақтың ішкі құрылысы. Лептесік. Жапырақ фотосинтездеуші негізгі арнайы мүше. Судың булануы мен газдардың алмасуы.

Сабақ жоспары


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

7.1. Тірі ағзалардың қоректенуі Мектеп: Қызылжар ауданы Бәйтерек ОМ

Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Бекишева Гульвира Жумабаевна

Сынып:7 Қатысқандар саны: 9 Қатыспағандар саны:0

Сабақтың тақырыбы

Жапырақтың құрылысы мен қызметі.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.1.2.1 Жапырақтың ішкі құрылысын сипаттау, құрылысы мен қызметі арасындағы өзара байланысты түсіндіру.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: Жапырақтың түрлерін біледі.

Оқушылардың басым бөлігі: Жапырақтың фотосинтез процесіне қатысатынын түсінеді.

Кейбір оқушылар: Жапырақтың жүйкеленуін күнделікті өмірдегі түрлі өсімдіктердегі жапырақтардың орналасу ретімен байланыстыра алады.

Бағалау критерийі

Жапырақтың ішкі құрылысын сипаттайды

Жапырақтың ішкі құрылысы мен қызметі арасындағы өзара байланысты ажырата алады


Тілдік мақсаттар

Негізгі сөздік қор мен терминдер:

Жүйкелену, бағаналы, борпылдақ.

Жапырақтың қызметіне анықтама бере алады.

Биологиялық тілде сауатты сөйлеу дағдыларын қалыптастыра алады.

Жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

Жанаспалы жасушалар.....

Бағаналы жасушалар.....

Борпылдақ жасушалар.....


Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік Ел» жалпы ұлттық идеясының құндылықтары. Зайырлы қоғам руханият денсаулық сақтау жүйесін дамытудың ең маңызды шарттарының бірі өмір салтын дұрыс ұстануға тәрбиелеу.

Топтық және жұптық жұмыс жасағанда бір-бірінің пікірін сыйлап достық пен келісімді бойына дарыту. Өзіне және айналадағы адамдарға құрмет, ынтымақтастық, өмір бойы оқу.

Пəнаралық байланыс

Геометрия, химия

Дағдылар

Білу, түсіну, қолдану, талдау

Алдыңғы білім

7.1.3.6. Жануарларда заттар тасымалына қатысатын мүшелерді танып білу

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы



5 минут








Психологиялық ахуалды қалыптастыру.

  Сергіту сәті: "Кім жылдам"

Мұғалім оқушыларды ортаға шақырады. Сыныптағы оқушыларды екі топқа бөліп, топ мүшелерін кезек-кезек шақырып, жүйелі түрде сөздерді көрсетеді. Ол осы сөзді үнсіз бейнелеуі керек. Топ мүшелері қандай сөз екенін тез әрі дәл табуы керек. Осылайша аз уақыт ішінде тапсырманы орындаған топ жеңеді.

Топқа бөлу. Оқушыларды түрлі түсті кәмпиттермен 3 топқа бөлемін. (ағаштар, бұталар, шөптер)


Суреттер,

дидактикалық материалдар

АКТ






Маркерлер,

қағаздар,

стикерлер

Сабақтың ортасы







16 минут
















7 минут



































5 минут






















2 минут














5 минут

Таныстырылым:

Стоп – кадр. Жаңа тақырыпқа байланысты видео ролик көрсету, баяндау түсіндіру.


Ойлан - жұптас бөліс әдісі: Мәтінмен жұмыс. (постер қорғау)

I топ. Ағаштар тобы (жапырақ)

II топ. Бұталар тобы (жапырақтың сыртқы, ішкі құрылысы)

III топ. Шөптер тобы (жапырақ тақтасының пішіні)


Дескриптор

- жапырақтың қызметін біледі;

- жапырақтың жүйкеленуін біледі;

- жапырақ тақтасының пішінін біледі;

Кері байланыс: Ағаш жапырақтары неге күзде түсе бастайды?

Тапсырма – 1

1. Суретте жапырақтың ішкі құрылысы берілген.





  • Жапырақтың ішкі құрылысын анықтайтын құрылымдарды атаңыз.

  • Әр құрылымның атқаратын қызметін сипаттаңыз. Жауабын кестеге толтырыңыз

№

Құрылым атауы

Атқаратын қызметі




Дескриптор

– жапырақтың ішкі құрылысын құрайтын құрылымдарды атайды;

  • жапырақтың ішкі құрылысын құрайтын құрылым қызметін сипаттайды.

Топаралық бағалау: «Екі жұлдыз, бір ұсыныс»



Тапсырма – 2

Терминологиялық диктант.

1. Жапырақ ... және ... тұрады.

2. Жапырақтың кеңейген (жалпақ) бөлімі ..., сабаққа бекінетін бөлігі ... деп аталады.

3. Сағағы болмайтын жапырақтарды ... дейді.

4. Бір ғана тақтасы бар жапырақты ... жапырақ дейді.

5. Өткізгіш шоқтардың жапырақ тақтасына орналасуын ... дейді.

Дескриптор

  • жапырақтың ішкі құрылысын сипаттайды;

  • жапырақтың сыртқы құрылысын сипаттайды;

Басбармақ әдісі арқылы бағалау:




Сергіту сәті:





Тапсырма – 3

Сематикалық карта. Жапырақтың түрөзгерістеріне қарай


Жанаспалы жасушалар

Тыныс саңылауы

Бағаналы жасушалар

Қабығы






1. Өсімдіктер мен қоршаған орта арасындағы газ алмасуды жүргізеді.

2. Жапырақтағы жоғары және төменгі жағынан жауып тұрады.

3. Бұл жерде ауаға толған жасушааралық қуыс орналасқан

4. Жапырақтың үстіңгі өңінің астына орналасқан жасушалар.

5. Жарты ай немесе бүйрек пішінді бір-бірімен жанасқан жасушалар.

6. Бозғылт сұр түсті жасушалар.

7. Бұл жасушалар жапырақтың жұмсағын құрайды.

8. Бұл жерде жасыл бағаналы жасушалар орналасқан.

9. Біртұтас бағаналарды елестететін жасушалар.

10. Жасушалар жапырақты бүлінуден сақтайды.


Дескриптор

  • жапырақтың ішкі құрылысын сипаттайды;

  • жапырақтың сыртқы құрылысын сипаттайды;

  • жапырақтардың құрылысының ерекшеліктерін ажырата алады;

Топаралық бағалау: «Екі жұлдыз, бір ұсыныс»


go.mail.ru/search_video?q=строение%20листа&rf=go.mail.ru&fm=1





АКТ,

маркерлер

қағаздар

стикерлер




























Кесте









Стикер









Слайд, қағаздар















Стикер








Слайд










































стикер

Сабақтың соңы



5 минут

«Алма ағашы» рефлексиясы

Жасыл түсті алма –

«Сабақ өте қызықты,

бәрі түсінікті болды,

көңіл – күйім көтеріңкі.»

Қызыл түсті алма –

«Бүгінгі сабақты

меңгере алмадым,

көңіл – күйім жоқ.»


Бекіту: сабақ мақсатына оралу

Кері байланыс: Жапырақ реңінің жазда жасыл, күзде сары түсті болуы неліктен?

Үй жұмысы:

  1. Конспекті оқу

  2. Жаңа терминдерді қайталау.

  3. Сөзжұмбақ құрастыру.










Стикер

Саралау – Сіз қандай тəсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық жəне қауіпсіздік техникасын сақтау

Қабілеті төменірек оқушыларға үлестірме материалдар, кеспе қағаздар ұсынуға болады, онда оларға қажетті ақпарат берілген.

Қабілеті жоғары

-Жапырақтың ішкі құрылысын құрайтын құрылымдарды атайды;

-Жапырақтың ішкі құрылысын құрайтын құрылым қызметін сипаттайды, түсіндіре алады;


Қабілеті орташа

-Жапырақтың қызметін біледі;

-Жапырақтың ішкі құрылысын сипаттайды;

-Жапырақтың жүйкеленуін біледі.


Қабілеті төмен

-Жапырақтың қызметін біледі;

-Постер құра алады және қорғайды.


Жеке жұмысты бағалау

Оқушының жеке ойын жеткізе алуы, сабақтың тақырыбы мен мақсатын ұсынуын бағалау

«Басбармақ әдісі»; «Стоп – кадр әдісі»; «Ойлан - жұптас бөліс әдісі»;

Түрткі болатын сұрақтарға жауап бере алады. Кесте және сәйкестендіру жұмыстарын еш қиындықсыз жаза алады.



Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері, топ ережесін сақтау, АКТ жұмыс істеудегі қауіпсіздік ережесін сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.



Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме?

Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба?

Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма жəне неліктен?



Жалпы бағалау



Сабақта ең жақсы өткен екі нəрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:


Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нəрсеге назар аудару қажет?

1.














Бағалау критерийлері


Дескрипторлар

Жапырақтың ішкі құрылысын сипаттайды

Жапырақтың ішкі құрылысы мен қызметі арасындағы өзара байланысты ажырата алады



- жапырақтың қызметін біледі;

- жапырақтың жүйкеленуін біледі;

- жапырақ тақтасының пішінін біледі;

– жапырақтың ішкі құрылысын құрайтын құрылымдарды атайды;

  • жапырақтың ішкі құрылысын құрайтын құрылым қызметін сипаттайды.









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
2410
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі