400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жақшаларды ашу сабақ жоспары 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
6 сынып математика пәнінен сабақ жоспары, "Жақшаларды ашу" тақырыбына арналған. Бұл жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша құрылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ:

Жақшаларды ашу

Мектеп: Көбенсай орта мектебі КММ

Күні:

Мұғалімнің аты жөні: Кадирова Ш.А

Сынып: 6

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттаы:

6.2.1.5 Жақшаны ашу ережелерін білу

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу, түсіну, қолдану

Сілтеме

6 сыныптың математика пәнінің оқулығы

Сабақтың типі

Жаңа сабақ

Сабақтың мақсаты

Жақшаны ашу ережесін түсініп, есептер шығару барысында қолданады

Бағалау критерийі

1.Жақшаны ашу ережесі түсінеді.

2.Есептер шығарғанда жақшаны ашу ережесін колданады.

3.Деңгейлік есептерді шығаруда жақшаны ашу ережесін пайдаланып, өрнектерді ықшамдайды.

Қолданатын әдіс-тәсілдері

Жеке, жұппен, кері байланыс, бағалау,СТО, АКТ

Құндылықтарға баулу

Жалпыға бірдей еңбек қоғам

Пәнарлық байланыс

Геометрия, физика

Тілдік мақсат

Жақшаны ашу-раскрыть скобки-opening jaan;

Ортақ көбейткіш-общий множитель-a common factor;

Теріс/оң таңба-отрицательный/положительный знак-the negative/positive sing

Күтілетін нәтиже

Көбейтудің үлестірімділік қасиетін тиімді пайдаланып, есептерді шығарады.

Алдыңғы білім

Айнымалылары бар өрнектер


Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

(6 мин)

Ұйымдастыру: Оқушылармен амандасу, олардың сабаққа көңілін аудару


Үй тапсырмасын тексеру «Ұшақтар» әдісімен өтеді

Оқушылар, бір бет қағаздан ұшақ жасап, төменде келтірілген математикалық диктант есептерін ұшаққа жазады.

Ұшақтар лақтырылар алдында, оқушы ұшыратын бағытын таңдап, көзін жұмып лақтырылады.

Ұшаққа оқушылардың есімі жазылмайды.

Ұшақтар үш мәрте лақтырылады.

Әрбір оқушының рөлі, берілген есептерді модерациядан өткізу, яғни, «+\-» қояды


Математикалық диктант

2m-2n= 2(m-n) 3a-6b= -3(a+2b) 6x+10y=2(3x+5y) 3x+3y= 3(x-y) 2c+8d=2(c+4d) 15a-12b=-3(-5a+4b)





Кеспе қағаздар

Сабақтың ортасы

(30 мин)

«Айқын мақсат қоя отырып» әдісі бойынша

Тақтада сабақтың бірнеше мақсаты жазылып тұрады. Оқушылар өздері оқып, мұғаліммен талқылайды. Бүгінгі сабаққа тиімді сабақ мақсатын таңдайды және оқушыларды бүгінгі күнгі бағалау критерийлерімен таныстыру

1.Тапсырма.

Өрнектерді ықшамда:

5-(а-3); 2+(-8+с); 0,8-(х+3);

8-(10+с); 3+(-д-5); 1,4+(у-2);

9-(х+7); 4+(а-9); 2,6-(-с+10);


Бағалау критерийі

Дескрипторлар

Ұпай

1.Жақшаны ашу ережесін біледі.


1.Жақшаларды ашты;

1

2.Теріс,оң таңбаларды тиімді қолданды


1


3.Өрнекті ықшамдап, мәнін жазды


1


Барлығы

3


Есептің шарты және шығару жолы бойынша кері байланыс: «Мұғалім-оқушы»

2.Тапсырма. (жеке жұмыс)

1.Тік төртбұрыштың ұзындығы 16 см, ені m см. Тік төртбұрыштың периметрін табыңдар. Мұндағы: m=9

Бағалау критерийі

Дескрипторлар

Ұпай

2.Есептер шығарғанда, жақшаны ашу ережесін тиімді колданды

1.Өрнекті құрды.

2.Жақшаларды ашты.

3.Мәнін тапты.

1

1

1


Барлығы

3


Есептің шарты және шығару жолы бойынша кері байланыс: «Мұғалім-оқушы», «оқушы-оқушы»


Сергіту сәті: «Тербеледі ағаштар» оқушылар орындарынан тұрып, тақтадағы видеороликке қарап,жаттығуларды бірге қайталайды.


Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел есейді.
Кіп-кішкентай бөбектер
Үлкен болып өседі.


3.тапсырма: (жұппен жұмыс) Есептің мәнін тап?


Велосипедші мен мотоциклші бір жерден шығып, бір жолмен, бір бағытта жүреді. Велосипедшінің жылдамдығы b км/сағ, мотоциклшінің жылдамдығы 36 км/сағ. Егер олар қозғалысты бір мезетте бастаса, t сағаттан соң бір-бірінен арақашықтығы неше километр болады? Мұндағы: b=12, t=2.


Бағалау критерийі

Дескрипторлар

Ұпай

2.Есептер шығарғанда жақшаны ашу ережесін тиімді колданды

1. Есептің мазмұнынмен танысты.

2.Өрнекті құрастырып, формуланы пайдаланды.

3.Есептің жауабын дұрыс жазды.

1


1

1



Барлығы

3


Есептің шарты және шығару жолы бойынша кері байланыс: «Мұғалім-оқушы»,

«Оқушы-оқушы»


4.тапсырма. (Жұппен жұмыс)Теңдеуді шешіңдер:


А деңгейі

1) -12,7+(х-5,3)=0,9;

2)0,3 –(7,2+х)=-1,5;

3)(у+1,6)*(-3)=-22,4;


Бағалау критерийі

Дескрипторлар

Ұпай

3.Деңгейлік есептерді шығаруда жақшаны ашу ережесін пайдаланып, өрнектерді ықшамдайды.


1.Таңбалар ережесін тиімді қолданып, жақшаны ашты.

1


2.Санды өрнектерді біріктірді.

1


3. Теңдеудің түбірін тауып, дұрыстығын тексерді.

1


Барлығы

3


Есептің шарты және шығару жолы бойынша кері байланыс: «Мұғалім-оқушы»,

«Оқушы-оқушы»

В деңгейі

1)(у-1,9)*(-2,4)=12;

2)(1,2+х)*(-5)=4;

3) -(1,6-у)=7;

Бағалау критерийі

Дескрипторлар

Ұпай

3.Деңгейлік есептерді шығаруда жақшаны ашу ережесін пайдаланып, өрнектерді ықшамдайды.


1.Таңбалар ережесін тиімді қолданып, жақшаны ашты.

1


2.Санды өрнектерді біріктірді.

1


3.Теңдеудің түбірін тауып, дұрыстығын тексерді.

1


Барлығы

3

Есептің шарты және шығару жолы бойынша кері байланыс: «Мұғалім-оқушы»,

«Оқушы-оқушы»

С деңгейі


1) -2 ;

2)1,8-(2 (-1,2))=3;


3)1,9-(5 –(х+1))=3,15;


Бағалау критерийі

Дескрипторлар

Ұпай

3.Деңгейлік есептерді шығаруда жақшаны ашу ережесін пайдаланып, өрнектерді ықшамдайды.


1. Амалдар ретін анықтады.

1


2.Таңбалар ережесін тиімді қолданып, жақшаны ашты.

1

3.Санды өрнектерді біріктірді.

1


4.Теңдеудің түбірін тауып, дұрыстығын тексерді.

1


Барлығы

4


Есептің шарты және шығару жолы бойынша кері байланыс: «Мұғалім-оқушы»,

«Оқушы-оқушы»








Тақтамен жұмыс.





















Интербел-

сенді

тақта

















Видео-

ролик








Кеспе

қағаздар



Сабақтың соңы

(4 мин)

Қалыптастырушы бағалау.

1)Қорытындылау (әр оқушының жұмысын қалыптастырушы бағалау)



16-20 ұпай

«Мен, бүгін өте жақсы жұмыс жасадым!»

8- 15 ұпай


«Мен тақырып бойынша білімімді әлі де толықтыруым қажет»

0-7 ұпай

«Мен осы тақырыпты тағы бір қайталап шығуым керек»


Рефлексия

Оқушылар сабаққа деген өз ойларын білдіреді. Стикерге әр оқушы алған әсерін және оған қиындық тудырған себебін жазып тактадағы суреттерге жабыстырады.



Егер сабақта бәрі түсінікті болса онда оқушылар күннің көзіне іледі. Егер сабақта сұрақтары болса, онда сол сұрақтарды жазып күннің көзі мен бұлты бар суретке іледі.Егер сабақ түсініксіз болса, онда соңғы суретке жабыстырады.



Кеспе

қағаздар



Үй жұмысы

Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығарып жазыңдар:

1) ах+ау+аz;

2)9а-6b+3с;

3)6х+2х+5х.

Дескрипторлар:

  1. Ұқсас мүшелерді анықтады

  2. Жақша сыртына шығарды

  3. Таңбалар ережесін сақтайды

  4. Өрнекті ықшамдайды


6 сынып оқулығы

бет 195






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
6 қараша
1390
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі