жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Жақсы әйел жаман еркекті адам етеді
Нурмухамет Қарлығаш Шаймуратовна
Құрлық Әскерлерінің Әскери институты
Мәдениеттану пәнінің оқытушысы
Жақсы әйел жаман еркекті адам етеді
Ертегі бұл өмірге енді енді ғана көзін ашып келе жатқан баланың дүниетанымына құралады. Мәлік Ғабдуллин айтпақшы ертегі – баланы тәрбиелейтін мықты құрал. Өйткені, ертегіде де қоғам өмірінің маңызды мәселелері жайлы ой қозғалады. Ертегі кейіпкердің іс-әрекеті арқылы жақсыдан үйреніп жаманнан жиренуге шақырады.
Біздің тақырыбымызға қатысты гендірлік мәселе Пушкиннің «Алтын балық» ертегісінде жақсы көрніс тапқан. Ертегіде әйеліне бағынышты болған сорлы еркектің өмірі баяндалады. Алтын балық шалдың ауына түсіп қалып, босатуын өтінеді. Босатып жібергені үшін шалдың үш тілегін орындауға келіседі. Бұны естіген ақымақ әйелі жуас шалын әбігерге түсіріп билеп төстеп, ойына келгенді істетеді. Әйел ақырында опық жеп артық кеткенін біліп бармағын тістейді.
Қазақта «жаман әйел еркектің төрдегі басын көрге сүйрейді, жақсы әйел еркектің көрдегі басын төрге сүйрейді» – деген мақалы тауып айтылған. Қазақтың халық ауыз әдебиетінде де гендерге қатысты жақсы әйел, ақылды қыз жайлы ертегілері баршылық. Ертегінің түп астарында көп нәрсенің әйелге байланысты екенін аңғаруға болады.
Төмендегі ертегі «ханның қызы» деп аталады. Ертегінің басты құндылығы даулетті тасыған хан қызының қарапайымдылығы, еңбекке құмарлығы, асқан ақылдылығы соңында жаман еркекті адам етіп, бақытты ете білуінде боп тұр.
Бұрынғы заманда бір хан болыпты. Ханның басқа баласы жоқ, жар дегенде жалғыз қызы бар екен. Хан күз айының басында қасына уәзірлерін ертіп сейілге шығады. Қамыстың жанынан өте бергені сол еді, Ханның алдынан екі қоңыр қаз пыр-пыр етіп ұша жөнеледі. Хан төрт уәзірінің ішінде ерекше ақылды уәзіріне былай деп үн қатты:
– Осы екі қоңыр қаздың тілін маған айт! Не деп кетіп барады?
Тосынан қойылған бұндай сұраққа абдырап қалған уәзірі:
Тақсыр, мен білмеймін.
Айт! Айтпасан басыңды аламын! – деп Хан уәзіріне ашуланған сыңай танытады.
Тақсыр! Үш күн мұрсат беріңіз!
Жарайды. Ханның өзі қаздың тілін біледі екен. Хан сарайға жеткенше жол жөнекей үндемей қояды. Үнсіздікті бөлгісі келмеді ме, жоқ ойлары сан-саққа жүгірді ме уәзірлерінің бастары салбырап ханның артынан ерді де отырды. Ақылды уәзірі жанын қоярға жер таппай жұмыстан ертерек сұранып өз үйіне келеді. Уәзір үйіне келіп:
Ал бәйбіше сен маған жоқсың. Мен саған жоқпын! - дейді. Уәзірдің әйелі мінезі жайлы қара жер қозғалса қозғалмайтын өте сабырлы жан екен.
Не болды жөніңді айтсаңшы, – дейді.
Уәзір бәйбішесіне болған жайдың барлығын егжей-тегжей түсіндіріп шықты.
Хан есінен алжасты, маған қаздың тілін тауып айт! – дегені несі. Уақыт санаулы енді неде болса да жауабын табуға тырысып көрейік екеуі екі жақтан біреу-міреу біліп қалар деп жүгіріп жүріп алыс-жақынның барлығынан сұрастырады, ешкім дұрыс жауабын бере алмапты. Үшінші күнде таяды, амалы таусылған уәзір таза суға шомылып, ақіретте киетін кебенегін киіп ауылдың сыртына барып қимастықпен үнсіз қоштасып, күннің батыс жағын бетке алып кете барды. Ауылдың шет жағында ханның қызы күтуші қырық қыздарымен күздің әдемі көрнісін тамашалап серуендеп жүр екен. Сыртынан кетіп бара жатқан уәзірді ханның қызы байқап қалады, нөкер қыздарының біреуін шақырып алып: “дереу барып анау кетіп бара жатқан әкемнің уәзірін, менің алдыма ертіп алып келші – дейді. Жұмсаған қызы жүгіріп барып, уәзірді өзімен бірге алып келеді.
Ханның қызы: – Уәзір мырза! Қайда бара жатырсыз? – дейді. Уәзір мән жайды баяндап берді. Кеше ханмен сейілге шықтық, алдымыздан екі қоңыр қаз ұшты. Хан сол ұшып бара жатқан қоңыр қаздың тілін маған айт, айтпасаң басыңды аламын», – деген еді. Жауабын табуға үш күн мұрсат сұрадым, хан мұрсатымды берді. Үш күнде тауып айтсам, басымды алмайды. Алайда мен жасырған жұмбақтың жауабын таба алмадым. Сондықтан ақырет киімімді киіп ауыл маңайымен қимастықпен қоштасып соңғы рет қарап қалайын деп аралап жүрген бетім ғой деп күрсінеді. Әкеңіздің қылған жарлығы сол, асып кете алмаймын – деді.
Ханның қызы:
Мен сізді аядым, жауабын айтайын. Алдыңғы ұшқан еркегі екен, соңғы ұшқан ұрғашысы екен. Еркегі:
Жылда екеуміз құстың соңынан ұшады екенбіз, биыл неге құстың алдынан ұшып барамыз. Ұрғашысы:
Сен ақсақ болған соң, жылда құстың соңында қалатынбыз,! –деді.
Мен сені асырадым, күттім. Бұл жұмбақтың астарында «жаман еркекті жақсы әйел адам етеді» екен. Хан жасырған жұмбақтың жауабы осы. Әкем сізден жауабын кім берді деп сұраса айтпағайсыз! Егер сіз айтып қоятын болсаңыз менің басыма күн туады, – деп ханның қызы уәзірден айтпауын өтінеді.
Уәзірдің қуанышы қойнына сыймай үйге келіп әйелінінің бетінен қайта-қайта сүйіп, ханға беретін жауабының дайын болғанын айтады.
Ертең уәзір ерте тұрып ханның алдына келеді.
Ассалаумағалейкум, алдияр!
Уағалайкумассалам, уәзірім!
Кешегі тауып айт деген жұмбағыңызды айтқалы келдім, - деді.
Жарайды, уәзірім, айт! – деді.
Айтайын. Құлағыңызды салып тыңдаңыз! – деді.
Алдыңғы ұшқан қаз еркек екен, соңғы ұшқаны ұрғашы екен. Еркегі айтты:
Біз жылда құстың соңында қалады екенбіз, биыл неге тамам құстың алдында кетіп барамыз?
Ұрғашы қаздың айтқаны: Жылда біз құстың соңында қалсақ, сенің аяғың ақсақ еді, сондықтан бұрын ұша алмадық. Сені мен сақтадым, күттім сені, тастап кетпедім. Жұмбақтың астары жаман еркекті жақсы ұрғашы адам етеді, – дегенді білдіреді. Тақсыр жауабыы осы деді.
Хан уәзірге жауабын қайдан білдің? – деп сұрайды.
– Құдай аузыма салды, – дейді бірден Уәзір.
Бұл жұмбақтың жауабын кім үйретті, шыныңды айт, айтпасаң басыңды аламын, – деп хан ашуға булығады. Уәзір ішінен жалғыз қызы ғой туған қызына не істей қояр дейсіз, айтсам айтайын деп шешеді.
Мұны айтқан сіздің қызыңыз, – деді.
Хан ашуланып қызын сарайға алдырады.
Қызым жауабын сен айттың ба? – деді.
Иә.
Өз аузыңмен қайталашы?
Жаман еркекті жақсы әйел адам етеді.
Осы берілген жауабыңа өзің келісесің бе?
Иә, өмірде де расымен осындай – дейді, ханның қызы.
Сол жерде ашуға булыққан хан қол астындағы уәзірлеріне тапсырма береді. Шұғыл арада ойдан-қырдан, ауыл аймақтан еркектің жамандарын табыңдар оларды алдыға салып сарайға алып келіңдер! – деп үкім береді. Уәзірлері жинап әкелген жаман жігіттерді сапқа тұрғызып солардың ішіндегі жаманның жаманы үстіндегі қотырынан қаны аққан, мұрнынан боғы аққан, аяғы шуаш, басы таз жігітке хан қызын береді. Қабағы қатулы хан:
Жаман еркекті қайтып жақсы қылады екен көрейік – депті. Ұзатылған қызын тазшамен бірге ауылдың шетіне апарып тастайды. Қыз керемет пысық, қолы шебер екен. Ол күн атпай ерте тұрып, бау-бақшамен айналысады, үйінің қасынан құдық қазып алады, құдықтың түбінен алтын шығады. Әйелінің бақшадан алған жемісін куйеуі тазша базарға апарып сатып күндерін көріп жүріпті. Бір күні әйелі тазшаға:
Сен бүгін базарға бар, онда бір адам қаракөк ат сатар, сонысын сатып алып кел! – деді. Ақ орамалға ділдә түйіп беріпті. Тазша орамалды алып қойнына салыпты, базарға жаяу келіпті. Базардың басында бір адам бір қаракөк ат жетектеп жүр екен. Тазша Қаракөк атты сатып алып жетектеп үйіне келді.
Е, тазшам, қаракөк атты ертте, - деді. Алдыңғы айылын бос тарт, артқы айылын берік тарт, бүгін менің әкем сол бір киікті қуып келеді. Киіктің басы алтын, арты күміс, екі күн, екі түн қуды, жете алмады. Сен көк атқа мін, құрықты қарыңа іл, сен барып қуып жетерсің, құрықпенен ұстарсың. Бауыздаймын деп атыңнан түсе қал, артыңнан әкем келер. Е, жігітім, осы киікті маған бер, қалаған тілегіңді берейін, - деп айтар. Сонда сен киікті бер де үйге қайтып кел! – депті. Тазша көк атқа мініп, құрықты қарына ілді. Бір таудың басына шықты. Шығып қараса біраз адам бір киікті қуып келе жатыр екен, әлгі киік жеткізер емес. Алдынан тазша шығып, киікті қуып жетіп құрықты мойнына салады. Аттан түсіп бауыздайын деп пышағын қынынан суырғаны сол еді, артынан хан шауып келіп:
– Е, жігітім, осы киігіңді маған бер, – деді. Не қалайсаң сол тілегіңді берейін.
Жарайды, алыңыз, – депті Тазша жігіт.
Хан киікті алып, мәз-мейрам боп үйіне кетті. Тазша үйіне барған соң әйелі алдынан шықты.
Киікті ұстадың ба?
– Ұстадым. Ханға бердім.
Бәрекелді.
Біраз күндер өтті. Әйелі тазшаға сен ханға бар. Хан не мақсатпен келдің ? – десе әнеу күні тілегіңізді орындаймын деп едіңіз соған келдім, – деп айт. Хан:
– Не тілейсің? – дер. Сен сонда:
– Өзіңізге қараған жандар үш күн, үш түн от жақпасан, бір өзіңнен басқа адам тысқа шықпасын деп айт, – деді.
Қатын байына құрымнан шапан, тымақ тікті, көзін пиязбен қызартты. Тазша хан сарайына жөнелді.
Ассалаумағалейкум, хан! – деді. Хан алтын тағында отыр екен. Тазшаның түрінен шошып төсегінің үстіне барып жайғасты. Тазша төрге озып барып ханның тағына отырады. Тазша:
Тілегініңізді орындаймын деп едіңіз соған бола келдім, - деді.
Хан: Уәдемді орындаймын не тілейсің?
Алдияр, өз үйімнен басқа өзіңізге қараған жандар үш күн, үш түн от жақпасын. Бар тілегім осы, - дейді.
Жарайды, тілегіңді қабыл алдым – депті хан ием.
Уәзірлер жұртқа: «Бүгін отты жағып астарын пісіріп алсын, содан кейін кімде-кім үш күн, үш түн от жаққандай болса, басын аламын! – деген ханның бұйрығын таратады. Үш күн, үш түн тірі жан от жақпайды. Тазша ерте тұрып қараса, төңірегі малға толып қалыпты. Тіршілік атаулы жалғыз үйдің жарығына жиналып, жалаң аяқ тазша табан асты байып кетеді.
Әйелі тазшаға келесі тапсырмасын береді: Бүгін көк атқа мініп сейілге шық. Түске таман алдыңа хан жолығар. Мына піскен азықты ал, түс болғанда ас ішеміз деп, атыңнан түс. «Ас ішейік», – деп хан сені шақырар, сен барма. Хан асынан берсе, сен жеме, сен берсен, асыңнан ол жер, – дейді.
Алдынан әйелі айтқандай-ақ түске таман хан жолықты, амандасты, есендесті. Хан тазшаны асқа шақырды, асынан беріп еді, жемеді. Тазша өз асын ханға ұсынды, хан жеп отырып «Апырмай, тәттісін-ай» , – деп сүйсіне жепті. «Менің қайтыс болған бәйбішем дәл осылай ас пісіруші еді, содан туған қызым да тамақты керемет даярлайтын. Ол қызым ұзатылып кеткен соң көрген тәтті дәмім осы» деп мұңайыпты. Кешке дейін сейіл құрып қайтар кез жақындағанда Тазша ханды үйіне қонаққа шақырады. Хан аттың құлағында ойнайтын жігіттің төресі, қолы жомарт, ибалы жігіттің сөзін жерге тастамай қабыл алады.
Тазшаның әйелі барын салып дастархан жайып қонағының асты-үстіне түсіп керемет күтеді. Хан:
Апырмай, астын тәттісін-ай, менің кеткен қызым осылай пісіруші еді. Тазшаның әйелі:
Қызыңызды кімге беріп едіңіз Хан ием?
Хан сонда:
Қызымды бір жаман тазшаға беріп едім, күні не болды екен, – деп мұңайыпты. Тазшаның әйелі шыдамай кетіп: Сол қызың мен емес пе, күйеу балаң осы емес пе? – деп өзінің күйеуін көрсетіпті. Хан көзіне жас алып жылапты. Ханның қызы: «Жаманды жақсы қылдым, жаман еркекті жақсы әйел адам етеді дегенді ісіммен дәлелдедім» – деген екен. Хан қызының ақылдылығына дән риза болып сарайға алдырып өз тағын күйеу баласына беріпті.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген